Қашықтан оқытуға дайын болдық па?
Коронавирус инфекциясының бүкіләлемдік пандемияға айналуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы бойынша наурыз айының 16-нан бастап барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшті.
Қазіргі кезде қашықтан оқытудың бірнеше формасы бар. Олар атап айтқанда чат-сабақ, веб-сабақ, телеконференция, телеприсутствие (телеішінде болу) сияқты түрлері. Бұл формалардың әрқайсының атқаратын қызметтері өткізілетін сабақтың түріне сәйкес таңдап алынады. Олардың ішінде қашықтан оқытуда жиі қолданған чат-сабақ, веб-сабақ түрлерінің қысқаша мазмұндарына тоқталсақ:
- чат-сабақтар - чат-технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын оқу сабақтары. Чат-сабақтар синхронды жүргізіледі, яғни барлық қатысушылар бір мезгілде чат қатынасына ие болады;
- веб-сабақтар - дистанциялық сабақтар, конференциялар, семинарлар, іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар, практикумдар және басқа да телекоммуникация құралдары және "Дүниежүзілік паутина"мүмкіндіктері арқылы өткізілетін оқу сабақтарының түрлері. Веб-сабақтар үшін арнайы білім беру веб-форумдары - белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша пайдаланушылардың тиісті бағдарламамен орнатылған сайттардың бірінде қалдырылатын жазбалардың көмегімен жұмыс нысаны пайдаланылады. Веб-форумдар чат сабақтарынан білім алушылар мен педагогтардың өзара іс-қимылының аса ұзақ (көп күндік) жұмыс мүмкіндігімен және асинхронды сипатымен ерекшеленеді.
Бұл жоғарыда атап көрсеткендеріміз қашықтан оқыту формаларының түрлері болса, ал қашықтан оқытудың теориялық мазмұнын жетілдіретін түрлері, ол - арнайы білім беру құралдарымен жабдықталған Универ-2, Moodle, iSpring Suite сияқты қашықтық электрондық оқыту жүйелері. Осы Универ-2, dl.kaznu.kz қашықтық электрондық оқыту жүйелерін ҚазҰУ программистері ақпараттық-білім беру платформасы негізінде жетілдіріп, университеттің оқытушылары мен студенттерінің қашықтықтан оқуына барлық мүмкіндіктерін жасап қамтамасыз етіп отыр. Бұл электрондық оқыту жүйелерінде өтетін сабақтың сапасын арттыратын дәрістер, сауалнамалар, тапсырмалар мен тесттер жасауға мүмкіндік беретін кіріктірме редакторлар бар. Олар арқылы белгілі бір пән бойынша оқылатын дәрістер мен семинар, лабораториялық сабақтардың презентацияларынан, тесттерінен, диалогтық тренажерлері мен скринкастарынан, бейнелерден және аудио файлдардан тұратын біртұтас электрондық оқу курсын құруға болады. Осындай техникалық мүмкіндіктердің нәтижесінде химия және химиялық технология факультетіндегі барлық пәндердің дәріс және лабораториялық сабақтары жоғары деңгейде өтуде. Студенттер қашқыта отырса да электрондық оқытудың кіріктерме редакторлары арқылы лабораториялық сабақтардың бейнежазбаларын көріп, сабақ мазмұнын толық түсініп қажетті білімдерін алып отыр.
Алда келе жатқан емтихандарды ойдағыдай өткізу мақсатында еліміздің жас ғалымдары «Оқулық» платформасын ойлап тапты. Бұл оқытушылар мен студенттер үшін таптырмас әдіс деп ойлаймыз. Емтихан қабылдау түріне қарай қарапайым тікелей, рубрика және автоматты түрде және т.б. бағалау жүйесі енгізілген. Яғни сандық технологиянны үздіксіз жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан қажырлы еңбегінің нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ онлайн және қашықтықтан оқыту жүйесінде өз миссиясын 100% орындап жатыр.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті,
жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының
аға оқытушалары, химия ғылымдарының кандидаты
Қалабаева М.К. және PhD Мылтыкбаева Л.К.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру