Елбасының бастамасымен биылғы жылы тойланғалы отырған қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін шын мәнінде ғасыр тойы деуге болады. Ел мерейін есепсіз арттыратын осы мерейтой қарсаңында Қазақ хандығының керегесін керіп уығын қадасқан, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан тарихи тұлғалар да лайықты бағасын алуы тиіс.
Елбасының бастамасымен биылғы жылы тойланғалы отырған қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін шын мәнінде ғасыр тойы деуге болады. Ел мерейін есепсіз арттыратын осы мерейтой қарсаңында Қазақ хандығының керегесін керіп уығын қадасқан, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан тарихи тұлғалар да лайықты бағасын алуы тиіс.
Кеңестің басы биссимилла, Біз айталық жұрт тыңда. Ханымыз дүние салған соң, Халқымыз түсті қысымға. Атамдай болып кім өткен, Өзінің тұрғы тұсында. Бисимилла деген бір қорған, Кіреді оған дін сорған. Расұл қайтып дүниеден, Содан қалып жұрт болған. Жаназаңа жиылды Дін мұсылман оң-солдан. Екі жерден үй тігіп, Жұрт жиылған ақ ордаң. Қылған ісің түзеліп, Теріс ұшып, оң қонған. Сегіз ай жатып абақты, Құтылып ең шын тордан.....
Дөртуіл деген ел еді, Үкірдайды айтайын. Атқа мінген шағынан. Он алты жыл тақ мінді Айдынының зорынан. Зәресі жанның қалмаушы ед, Шабарманы шақырған. Ел-жұртына қадірлі, Ақтарылған ағынан. Айтулы нағыз ер еді, Дос-жұртына танылған. Алмас семсер секілді ед, Кезеліп жауға шабылған. Алмайтын жауы жоқ еді, Бет алып шыққан жағынан. Ұры-қары, содырдың Тас ошағы шағылған. Әділ билік—сарабы, Дертке шипа табылған.....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Семей, Торғай, Жетісу кітапханалары Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау Сабақтың мақсаттары: Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Әлемдегі ең ірі кітапханалар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1. Т\А Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау Сабақтың мақсаттары: Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау. ....
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен....
Терең ұңғымаларды бұрғылау практикасы көрсеткендей бақытсыз оқиғалардың бір себебі болып ұңғыманы тұрғызуда технология мен техниканың жеткіліксіздігі болып табылады. Ол үшін жобада келесі жағдайлар қарастырылады: - мұнай-газ білінуін ескерту; - мүмкін басқа шиеленістерді ескерту; - ұңғыма тұрғызуда апат болдырмау үшін жағдай жасау. Бұрғылау жұмыстарына дайындықтан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі цикл ішінде бұрғылау бригадасының жұмысшыларына және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін шақырылған бригадаларға (монтаждау, цементтеу, қабат сынағыш) әр түрлі қауіп түрлері төнеді. Осы қауіп көздерін бірнеше топқа бөлуге болады: Бірінші топқа әр түрлі ауырлықтарды қозғалту-көтеруге байланысты қауіптерді жатқызуға болады. Бұрғылау процессі кезінде бұрғылау бригадасына әр түрлі ауырлықтағы, көлемдегі, өлшемдермен жұмыс жасауға тура келеді. Мысалы: ұңғыға бұрғылау, шегендеу құбырларын көтеріп-түсіру, қашаулар, қабатсынағыштар, түптік қозғалтқыштар және т.б. Құбыр тасығыш көліктерден бұрғылау қондырғыларының көпірлеріне жеткізу, свечаларды свеча жинағышқа жинау. Әрине бұл аталған жұмыстардың бәрі ауыр салмақтармен байланысты, сондықтан жұмыс істеу барысында осылардың біреу адам үстіне түсіп немесе басып қалатын болса ауыр жарақатқа әкеліп соғады. Бұрғылау құбырлары жиналып тұрған мұнара үлкен желкенділікке ие. Сондықтан қатты жел тұрғанда мұнара жан-жағына дұрыс немесе жақсы бекітілмеген болса аударылып құлауы мүмкін. Екінші топқа айналу механизмдерімен болатын қауіп түрлері жатады. Мысалы: ротор, лебедка, сораптар, трансмиссия, механикалық араластырғыш және т.б. егер олар керегінше қорғалып, жабылып тұрмаса. Үшінші топқа үлкен қысымдармен немесе жұмыс істеу барысында үлкен діріл тудыратын қондырғы тораптарымен болатын қауіптерді жатқызуға болады. Мысалы: бұрғылау және цементтеу сораптар, компрессорлар, үлкен қысымды құбар желілері, сағалық жабдықтар, бұрғылау шлангалары және т.б. Осыған құбыр сыртында болатын мұнай-газ атқылаулары және грифондарды да жатқызуға болады.....
Отан! Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елі – көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел! Бүгінгі шақта біз тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз. Осы күнге жеткізген біздің ата-бабамызға мың алғысымызды білдіреміз! Бұл күн бізге оңай жолмен келмеді. Ата-бабаларымыз көптеген қиын қыстауды өткеріп, бізге ұланғайыр жерді мұра етіп қалдырды. Бұл жасаған ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек, біз, болашақтар өз еліміздің тарихын да біліп, құрметтеуіміз керекпіз. Сол мақсатта мен өз туған ауылым Қараағаш тарихы жайлы айтқым келеді.......
Былтыр күзде орайы келіп байырғы досым мистер Шерлок Холмсқа кіре шыққам. Үйінде мосқал тартқан, шамадан тыс толық, жалындай түтеген жирен шашты бір джентльмен отыр екен. Ішке кіргім келгенімен екеуара әңгіменің қызып жатқанын көріп іркіліп, қайтып кетпек болдым. Алайда Холмс мені бөлмеге сүйрегендей боп кіргізіп, соңымнан есікті жауып алды.
— Іздегенге сұраған дегендей, нағыз керек кезде келдіңіз, қадірменді Ватсон, - деді ол жайдарылана езу тартып.
— Жо-жоқ... Мистер Уилсон, - деді ол жуанға қарай бұрылып, - мына джентльмен сәтті аяқталды - ау деген ізденістерімнің бәрінде де маған талай рет достық көмек көрсеткен. Мына біздің ісімізге де пайдасы тиеріне еш күмәнім жоқ.
Орындығынан көтеріле түскен жуантық маған қарап басын изеді, май басып жылтырап қалған көзі тұла бойымды тіміскілей шолып шықты.
— Мына жерге, диванға жайғасыңыз, - деді Холмс.
Өзі креслоға отыра кетті де, ойға шомған кездегі әдетімен
екі қолының саусақ ұштарын бір-біріне түйістірді......
Шылым шегетіндерге арналған бірінші дәрежелі вагонның бір бұрышына жайғасқан сот Уоргрейв — ол жақында ғана жұмыстан біржола босап шыққан — сигарын түтіндетіп, "Таймстағы" саясат бөлімін шолып отырған. Ұзамай газетті былай ысырып қойып, терезеден сыртқа көз жіберді. Пойыз Сомерсеттен өтіп бара жатыр еді. Сот ойша шамалап көрді — әлі екі сағаттай жүруі керек екен.
Негр аралы жайында газеттерде жазылғанның бәрін сот қайта-қайта ой елегінен өткізумен келеді. Әуелі оны яхта десе ішкен асын жерге қоятын американ миллионері сатып алыпты, Девон жағалауына жақын жерде орналасқан осынау шағын аралда қазіргі заман үлгісіндегі керемет көркем үй тұрғызыпты. Алайда, өкінішке қарай, миллионердің үшінші әйеліне, таяуда ғана тапқан тотықұсына теңіздегі шайқалыс жақпайды екен, осы жағдай миллионерді үймен де, аралмен де қош айтысуға мәжбүр етіпті.
Сөйтіп, арал сатылатын болды, оның әсемдігін айтып тауыса алмайтын сипаттамасы бар құлақтандырулар газеттерде жиі-жиі жарық көре бастады. Одан соң аралға мистер Оним дейтін біреудің ие болғаны жөніндегі хабар жарияланды. Сол сол-ақ екен, зайырлы қауым өміріндегі жаңалықтарды жиып теретіндердің қиялы шартарапты шарлап кетті. Шын мәнінде Негр аралын голливудтық киножұлдыз мисс Габриелла Терл сатып алыпты!.. Сол жерде - репортерлер мен жарнама ырың-жырыңынан жырақта - бірнеше ай тыныш тұрғысы келетін көрінеді!.. "Бизи Би" бұл арал король отбасының жазғы резиденциясына айналатыны жайында сыпайы түрде тұспалдап жеткізді. Мистер Мерриуэдерге аралдың жас лорд Л. меншігіне көшкені - ақыры оның да Купидон құрбандығына айналып, аралда бал айын өткізуге ниет еткені турасында сыбыс жетті. "Джонас" аралды әлденендей бір айрықша құпия сынақтар өткізу мақсатында Әскери-теңіз күштерінің басқармасы сатып алғанына зәредей күмән келтірмеді. .....
Не все ли равно, про кого говорить? Заслуживает этого каждый из живших на земле
И. А. Бунин.
I
Жиде сайғақ шаншылған қызыл төмпектің құбыла бетіне ши барқыт бешпент-шалбары бар имек мұрын тарамыс шал жер тізерлей жүгініпті. Түсініксіз арабы сөздерді сағыздай созып күңірене әндетеді. Басындағы күн жеп тастаған мауыты қалпақтың оң самайынан жылтырап көрініп тұрған ақ атлас астарынан «Люкс» деген ирек жазу сығалайды.
Кеңірдектен шыққан қоңыр мақам кенет баяулап, тісі түскен кәрі кісінің ысылы көп шүлжің әңгімесіне ұласты. Қос тізеге жарыса құлаған салалы саусақтар көкке көтерілді. Сосын бір шөкім ғана сопақша бет-ауызды салғырт сипап өтті. Имек мұрын қара шал жылан көздене жылтырайтын қағанақ көзілдіріктің ар жағында манадан бері етпеттей сұлап жатқан селдір кірпіктерін кілт тікірейтіп жұрт жүзіне үңілді.
— Халайық, Сұрапалдыұғлы Тілеу қандай адам еді?
Қызыл төмпектің аяқ жағында мырс-мырс жылап отырған күлте сақал кісі:
— Жақсы адам!— деп тұншыға кемсеңдеді.
Аядай зираттың бір пұшпағындағы кішкене шоғыр жарыса тіл қатты. .....
Бұл болса — сол сауысқан сана билік еткен пенде екен. Қу құлқынның құлы боп, қу нәпсінің тұтқыны боп күн кешіп келіпті. Сауысқан саңғыған саңғырық сезім салғыртсып, сауысқан сорған саңғырық сана кеуіп қалғандай.
Ал ала мойнақ, құба құйрық сауысқан өлі-тіріге саят құрғалы қай заман?! Өлі өлексені де, тірі тірсектіні де жұмырына жұқ құрлы көрген емес.
Дәп бүгін де ауладағы молақ шөрке бетінде сыңар сауысқан шықылықтап отыр. Бөтегесі бос. Молақ бетін амалсыз тұғыр еткен түз құсы секең-секең жортақтап, қысқа мойнын соза жұтынып, ұзын құйрығы шоқаң-шоқаң қағады. Үй іргесінде көлеңкелей отырған иесі қара шалға қос жанары қанжардай қадалулы.
Ақиқатында, қалбиған қара шалға емес, иесінің алдында жатқан қақпыш бастарға көзін сатқан. Бірақ сырғақ сауысқанның қу бас атаулының қабағынан қарауыл қарағалы, көзұясынан жылы-жұмсақ қарбытқалы да көп болды... Балапан кезінен баулынған беймаза құс қой.
* * *
Күн қақтаған қара шалдың қатулы қабағының астында жатқан екі бас та ессіз. Екеуі де шикі, қанды бас. Бірі — арбиған орақ мүйіз арқардікі. Енді бірі – құлағы едірейген көк бөрінікі. Сойылмаған. Бітеу күйі. Көк желкелерінен балтамен шабылғаны көрініп тұр. Бөрінің қасқа маңдайынан қаракөк қылшық пышақтың қырындай көтеріле келіп, шабылған көк желкесінен шорт кесілген.
Екі бас та қаңсып, тістенген қасқа тістері ақсиып, құйқа терілері тұз сіңгеннен қақпыштана кеуіп қалыпты. Жанарлары жоқ. Арқардың жазықсыз жәудірі, бөрінің көк жалыны ғайып болып, орындарында үңірейген қос үңгір қарауытады. Ет жүректі селт еткізер сесті бастар жанары көңілге үрей көлеңкесін түсіреді. Оған бірақ қара шал қыңқ етер емес, еті өліп кеткен сияқты.
Қара шал есік алдына шығып, қорғасындай ауыр бастарды жерге дүрс еткізіп тастай салғанда, анадай жерде тік тұрған жалпақ бет шөрке үстіндегі сауысқан шықылықтап-шықылықтап жіберген еді бағана... Ол қазір қарны ашқанын білдіріп, ащы-ащы шықылық қағып, молақ тұғыры үстінде жорғалап-жорғалап кетеді. Жүрегін жалғар талғажу аңсап, бос бөтегесі бұлтылдап, иесіне ессіз бір көзқараспен еміне түсіп, қиық қанаттарын қозғап, қырандай қомдап-қомдап қояды. Қос басқа сыпсың етіп ұшып-ақ келгісі келеді, бірақ сирағынан сақиналанып салынған балақ бауға ұшталған шығыршықты шолақ баулы ірге бау ешқайда жібере қоймасын біледі. Біледі де бұлтың құс қара шалға мұң шаға, ашу шақыра ащы үн қатады. Ал шал да бір қара тастай болып алған. Кешеден бері құсқа деген ішінде қан қатыпты... Ала қанат болса аштықтан өзегі тала өттеніп, басқа жете алмай топқанат күйге түсіп отыр. Көлеңкеге тізе бүккен иесі болса ыстықтан терін сүртіп, шашын тықырлап алып тастаған тақыр басын жұқа орамалмен жауып алған. .....
Таңғыт Еңсеұлы (1879, Қытай, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауд. - 1952, сонда) - қоғам қайраткері, рубасы. Әкесі Еңсе үкірдай қажыға барарда Т-ты өз орнына найман елінің жұмық руына үкірдай етіп қойып кеткен. Ол осы орын- да 1897 жылдан 1936 жыл- га дейін болды. Т. өзінің әділдігімен, парасаттылығымен ел көңілінен шығып отырған. Халықтың оқу-білімін жетілдіру жағына баса назар аударды. Азамат соғысы жылдары .....
Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны. Өмірбаяны
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан .....
СүйінбайАронұлы (1815–1898) – 19-шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Сүйінбай жастайынан жыраулығымен елге танылды. Жамбыл ақын «Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтты. Ақынның арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болса, оның үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ.....
Менің жұмық көздеріммен бір кісі Жылап отыр... Сондай оның күлкісі. Жұлдыздардан тәспі тартар түн бойы, Иығынан пыр-пыр етіп пір-құсы. Тілеулеске көкте тұрған Айды алып. Көлеңкелі көңіліне қайғы алып, Кірпігімнен тамшылаған.....
Атың емес, Жұмық - ай, ойың жұмық, Бір басыңнан шығады нелер қылық. Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ, Жүргендей боп кеттім - ау көзді жұмып. Сүйінбайды апарып көмгеннен соң, Отырарсың жотада.....