Мақсаты: - Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту; - «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу; - Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Қазақ халқының бір туар ғұлама Ұлы Абайдың кез - келген педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз.
«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтып өткендей біз өзімізден үлкендерден үлгі-өнеге алып,ал кішілерге тәрбиелік қағидаларды көрсетеміз. Дүние есігін ашқаннан бастап ана сүтінен нәр алып,әке өнегесін тыңдап,тал бесіктен бойымызға нағыз тәрбие жиямыз. «Отан отбасыдан басталады» демекші, отбасының әр адам өмірінде алар орны бөлек деп ойлаймын.Әрине,тек отбасы емес, дос-жаран мен ұстаздардың да атқарар рөлі зор.Мектепке барған кезде де өзімізге керек мәліметті жинап,болашағымызды ойлауымыз қажет.Себебі,он бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады екен.Осы уақыт ішінде сабақты жақсы оқумен қатар,достарымыздың арасында да сыйлы бола білу қажет деген ойдамын.Дос арасында сыйлы болу-жаман қылықтармен алда болу емес,керісінше ақылдылықпен,жақсы мінезбен,қайырымдылықпен өмір сүре білу.Дегенмен,қазіргі жаман әдетке салынып,болашағын ойламайтын жастардың әрекетін көргенде ішім ашиды.Біз жастар қазірден,тіпті,бала кезден ел үшін қандай іс жасай аламын,қалайша ата-анамның абыройын асқақтатамын деген сұрақтарды миымызда қорыта білуіміз керек деп есептеймін.Себебі, туып-өскен жеріміз бен мәпелеп өсірген ата-анамыздың орны бәрінен жоғары тұрады.Қандай жағдай болмасын ұлтымызды жоғалтып алмауымыз керек.
Әр баланың өміріндегі ең маңызды жан-ата-ана.Біздің мінезіміз бен қылықтарымыздың басым бөлігі сол кісілерге ұқсайды.Өзіміз байқамасақ та,біз көп жағдайда ата-анадан көрген іс-әрекеттерімізді қайталап жататын секілдіміз.Сондықтан отбасы құру,отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі проблемалар әрдайым өзекті деп ойлаймын.Қазіргі таңда байлық,атақ-абырой сияқты түкке тұрғысыз заттарға ғана қарап отбасы құрып жатқан жастар бары рас.Ал адам байлықтан да жалығатын күн жетеді.Дегенмен отбасы құрған адамның ойы жан-жарымен самай шашы ағарғанша бір болып, қиындыққа мойымай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болады деп ойлаймын.Өкінішке орай жастардың ойы адами қасиеттерге жетпек түгілі, көк қағаздан әрі асатын түрі жоқ.Ал бұның арты әрине жастардың ажырасуымен аяқталады.Ал ортадағы баланың жағдайы тіптен қиын деп ойлаймын.Менің ойымша баланы бір адам тәрбиелеген жеткіліксіз.Бала отбасында кімнің қандай рөл атқаратынын,қандай міндеттері бар екендігін фильмдер мен кітаптардан ғана емес, өмірде де көруге құқылы......
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім...
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып.....
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріндер • Батырлар туралы жырларда не туралы бейнелейді? • Қобыланды батырдың әкесі кім? • Қобыландының анасының аты кім? • Қобыландының қарындасы? 2. Мына қанатты сөздердің жалғасын жаз. • Ат –ердің ........ • Батыл болмай ,батыр-....... • Ат-құлынан,батыр -........ • Жеті қазынаның бірі-жүйрік ............
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ақынның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениетін қамтиды. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты – туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Ол: «Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық - әуел болар алты шарт. Ынсап, рақым, ар ұят табылмаса, өлген артық дүниені былғағаннан», -деп жазды. Арлы, рақымды, ұятты адам баласы қоғамның қай кезеңінде де өзінің адамдық сапасын жоғары сақтаған. Басты мәселе – ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Шәкәрім – ойшыл ақын ғана емес, қоғамдық озық ойға өзіндік үлес қосқан философ. Ол адам бола білудің басқа да сан алуан сапаларын ашып көрсетеді. Сабыр деген - әр іске шыдамдылық, Қатты керек адамға бұл бір қылық. Қолы жетпес талай жан ызданады, Осыдан келіп шығады адамшылық. – дейді. Ал басқа шығармаларында, адам өмірі даңғыл жол емес, ал жолда бірнеше кезеңдер жатыр. Ол жақсымен де, жаманмен де кездеседі, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді.....
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз. Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық. - Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту; - Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді; - Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді; - Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру; - Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды....
1. Есімдіктердің мағыналары Қазақ тілінде нақтылы-жақты сөйлемдер 1 және 2-жақ тұлғасындағы есімдіктер арқылы көрініс табады. Мен, сен, біз, сіз есімдіктері бастауыш қызметінде жұмсалған сөйлемдер әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады, себебі аталған есімдіктер сөйлеу актіне қатысушыларды білдіріп, ең анық, нақты, белгілі болып табылады. Бірінші жақ тұлғалы есімдік сөйлемде белсенді субъект болады, сол себепті мұндай жіктеу есімдіктер белгілілік мәнінде ғана жұмсалады: Мынадай сұрапыл кезде бұл қалада тұрып болар емес, мен кеттім, бұл топан басылған күні сатармын (Ә.Кекілбайұлы, Кек. 69-б.). Мен өз еркіммен сенің етегіңнен ұстауға ырзамын, мырзам, мен сенен қалмаймын, мені алып кет, әйтпесе мен өлемін! - деп безектеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 221-бет.). Екінші жақтық жіктеу есімдіктерімен салыстырғанда, бірінші жақ тұлғалы есімдіктер жиі түсіп қалатынын байқауға болады. Бұл 1-жақ тұлғаларының мағынасының тұрақтылығына, белгілілік мәнінің күштілігіне, прагматикалық ерекшеліктеріне байланысты болса керек. Себебі олар түсіп қалса да, олардың нақтылы-жақтық мәні өзгермейді. Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім.....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз. Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық. - Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту; - Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді; - Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді; - Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру; - Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды. Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды. Атап айтқанда «Абай» энциклопедиясы, «Абайтану тарихы», «Абай және қазіргі заман» т.б. алуан-алуан материалдар пайдаланылды. Қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясы жайында әркез зерттеулер жазған, теориялық еңбектер берген ғалымдар М.Әуезов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханұлы, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев т.б. ғалымдардың еңбектері дерек көзі ретінде кеңінен пайдаланылды. Одан басқа да еңбектер, баспасөз материалдары, оқулықтар, монографиялық дүниелер де назардан тыс қалмады. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық деңгейдегі зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды. Негізінен, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырымдары, байыптаулары, әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды. М.Әуезов, М.Мырзахметов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханов, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев тағы басқа да көптеген ғалымдардың еңбектеріне, монографиялық кітаптарына, сондай ұжымдық ғылыми зерттеулерге назар аударылып, қажетті кезінде ретіне қарай пайдаланылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, XIX ғасыр әдебиетін оқыту барысындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы және соңғы жылдардағы оқу бағдарламасына сәйкес «Абайтану» пәнін оқыту кезеңдерінде жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің практикалық мәні де зор. Жоғарыда аталған арнаулы пәндерді сонымен қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға, практикалық талдауларға қолдануға әбден болады. Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе қорытындадан бөлек екі тараудан тұрады, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.....
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыстың әдістемесі: салыстырмалы талдау әдісі. Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің орыс және ағылшын тілдеріне аударылған шығармаларды зерттеп, зерделеу. Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді: - ақынның қоғамдық, адамгершілік, әлеуметтік жағдай, өмір шындығы мен заман шындығын бейнелеудегі шығармашылық тұрғысы мен ұлттық ойлау даралығын тәржімеде берілу жолдары; - ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің аудармаларының сапасын саралау; - аудармадағы жетістіктер мен қателіктерді көрсету; - түпнұсқа мәтінімен орысша және ағылшынша тәржімелерді қатар салыстыру. Жұмыстың мазмұны: Абай өлеңдері мен қарасөздерінің және оның орыс, ағылшын тілдеріне аударылған шығармалар арасында ақын стилі мен өзіндік даралығы салыстырма талдау нәтижесінде бағаланды. Жұмыстың бірінші тарауы ақын поэзиясының өзге тілдерге тәржімелену ерекшеліктеріне арналған. Заман бейнесі мен сол заманның адамының бейнесін суреттейтін Абай өлеңдерін орыс және ағылшын тілдеріне аударылу сапасы туралы айтылады. Жұмыстың екінші тарауы ақын Абайдың адамгершілік, өмір, дін, оқу, ғылым, өнер сияқты мәселелер жайында жазылған қарасөздерінің өзге тілдерге тәржімелену сипаты туралы айтылған. Аудармашылардың жеткен жетістіктері мен жіберген қателіктері мысалдар арқылы көрсетілген. Ақынның шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында тәржімеде қазақ ұлтына тән сөздерге дұрыс балама табылмай, транслитирация әдісімен аударылған сөздер де кездеседі. Түпнұсқа мәтіні мен тәржіме мәтінінің арасында көркемдік, эстетикалық жағынан сәйкестігі тәржімеде сақталуы қажет. Осы бітіру жұмысымызда Абай шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында ақын тіліндегі ұлттық бояуды, түпнұсқаның ойын, мән-мағынасын тәржімеде дәлдікті, нақтылықты сақтап беру қажеттілігі туралы айтылған. Жұмыстың қорытындысы: Абай өлеңдері мен қарасөздерін өзге тілдерге көптеген аудармашылар тәржімелеген. Осы аудармашылардың ішінен К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың тәржімелері жақсы деңгейде шыққан деуге болады. Алайда, ол аудармашылардың тәржімелері Абай деңгейінде жасалмаған. Абайдың ақындық даралығын, стилін еш аудармашы жеткізе алмаған.
Кіріспе
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі), Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау болысы) Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген руынан тарайды. Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, ауылдағы молдадан хат таниды. Он жасқа келгенде Семей қаласына келіп, оқуға түседі. Семейдегі алғашқы оқытқан молдасы - Ғабүлжаппар деген татар. Одан кейін Ахмет Риза медресесіне түседі. Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан санағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Дін сабақтарымен қатар, шығыстың ұлы классиктері Науаи, Физули, Саади, Хафиз, Шамси, Сайхали, шығармаларын оқып танысады. Оларды араб, парсы, шағатай, түрік тілдерінде оқыған. Соларға еліктеп бала ақын “Изузи Раушан”,“Физули, Шамси, Сайхали” өлеңдерін жазып, алғашқы ақындық жолын бастайды. Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай Семейдегі Приходская школада үш ай орысша оқиды. Жасы он үшке келгенде, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқумен Абайға ары қарай оқудың есігі жабылады. Әкесі Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан ерте арылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік сөздерін бойына сіңіре береді. Кезі келгенде экспромотты өлең, қалжың сықақ, тіпті кейде ел жұмысына араласқан шешендердің өзін мүдіртіп кетуге тырысады. Абай Құнанбайұлының жас кезіндегі алғаш өз жанынан суырып салып айтқан өлеңі - “Кім екен деп келіп ем түйе қуған” деп аталатын бір ауыз шумақтан тұрады. Оны ақын он жасында бір әйелге ауызша айтқан. 1864 жылы он тоғыз жасында “Әліп-би” өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жазылу мерзімі 1870 жылдан басталады. 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді. Әсіресе, көп жазған жылдары – 1886, 1889, 1895 жылдар. 1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның 8-ін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазған.....
Кіші жүз Бөкей елінің ұланы Қамаралдин хазірет Мәшһүр Жүсіптің:
Мерғараб сабақ оқып Көкалдаштан,
Ғылыммен біте қайнап бала жастан.
Бұхарай шәріфте Мәшһүр болып,
Замандас, бастасына болған дастан - деп жазысына қарағанда, әу бастан - ақ аты аңызға айналып, сөзінің мол білімі, биік парасаты арқасында қайда барса да сол ортада ойып орын алғаны байқалады.
Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.
Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.
Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.
Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.
Абай Кұнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазаұстан облысындағы Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келіп, 1904 жылы дүниеден қайтқан. Абай қазақ әдебиетіндегі қайталанбас зор тұлға, ақын, философ, ағартушы.......
ТілендиевНұрғиса Атабайұлы (1925–1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері — Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.
Фразеологизмдер тек жалпы халықтық формада ғана қолда-нылмайды. Сонымен қатар өзгертіліп, өңделіп те жұмсалады, бұл тәсіл — көбінесе ақын-жазушыларға тән.
Жалпы халықтық қордағы, тұрақты сөз тіркестерін көркемдік мақсатта өңдеп.....
Айқын ойлы кісінің әрбір сөйлемі дұрыс құралып, ой-пікірі же-тер жеріне жеткізіле айтылады. Ол үшін тілде бар әр алуан сөйлем түрлерін дүрыс ойдың формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, жазушының кітабына көз жіберсек, не баяндамашының сөзіне құ-лақ қойсақ, олардың, сөзінде сөйлемнің әр түрі болатынын ақғара-мыз. Соларға синтаксистік талдау жасау арқылы дәл айқындауға болады. Ал жазушы мен баяндамашы ойын хабарлауда мына жерде сөйлемнің мына түрін пайдаланайыншы, мына түрін қоя тұра-йыншы деп жатпайды. Тілді жақсы білген кісі оның байлығына қанық болады да, тілдік жалпы дәстүр, үйреншікті дағды, тілдік сезім бойынша ойын дәл беретін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлем түрлерін пайдалана береді. Ол білгенін саналы сезім, стильдік тұрғы талаптарымен ұштастыра білсе, құпа-құп.