Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Биология | Ауыр металл тұзы cdcl2 нің жұмсақ бидай сорттарына әсерін зерттеу

Дәнді дақылдардың өнімділігін көтеру қазіргі егін шаруашылығының өзекті мәселесі. Жергілікті жердің сорт түрлері, ауыл-шаруашылығына қажетті құнды белгілері бойынша селекция үшін сұрыпталып отырылады. Әрбір шығарылған сорттың ауруға және сыртқы орта факторларына төзімді, сапасы жағынан күшті болуымен қатар өнімділігі жоғары болуы қажет. Осы сыртқы факторлар ішінде ауыр металдар тұзының өсімдікке және қоршаған ортаға әсерін зерттеу экология саласындағы актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, қазіргі кездегі ғалымдардың алдындағы күрделі мәселелердің бірі ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдар белоктардың белсенділігін төмендетіп, металдық кофакторларды араластырып, активті бөліктерді блоктап және аллостериялық өзгергіштіктерді туғызуы мүмкін /1/. Сонымен қатар, олар мутагенезді және ісік клеткаларын немесе макроскопиялық өзгергіштіктерді түзуге бейім болады. Ең улы және қоршаған ортаға кеңінен таралған ауыр металдардың бірі кадмий болып есептеледі. Бұл элемент тірі ағзаларға қауіптілігі жағынан бірінші топқа жатқызылады \2\ . Кадмий адам және жануарлар ағзасына жиналуға қабілетті және жүрек қан тамыры әрекетіне себепші сонымен қатар, биосинтез процесін төмендетеді. Ауыр металл тұзы – жекелей алғанда CdCl2 фотосинтез және өсімдіктердің тыныс алуы кезінде метоллотианин кофакторына әсерін тигізіп, клеткада бұзылыстар тудыратыны анықталды. Ол бұзылыстар кейбір ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, пайдалы бұзылыстар болуы да мүмкін \3\.
Мелничук Ю.П. (1979) қызметтестерімен бірге ауыл шаруашылық өсімдіктерін алғашқы өсу кезінде кадмийдің төменгі концентрациясымен өңдеп, өсімдіктің өсіп, даму процесін жылдамдататындығын және тамырдың меристемалық клеткасының митоздық бөлінуінің G1 – кезеңінде белок биосинтезі мен РНҚ синтезін жоғарлататындығын дәлелдеді \4\.
Дәннің өсуі кезінде кадмийдің активтелген әсері фитохромның регуляциясы мен байланысты. Сондықтан, кадмий өсімдіктердің митоз кезеңіне әсерін тигізеді, яғни цитокинездің бұзылуына әкеледі де, өсуді тежейді немесе мүлдем тоқтатады \5\.
Кадмийдің әсерін басқа ауыр металдармен салыстырғанда, өсімдік тіршілігіне қажеттілігі және оның топырақтан өсімдікке тасымалдануы, ұлпалардағы локализациясы әлі толық дәлелденбеген \6\. Сондықтан, біздің зерттеуімізде бұл химиялық қосылыстың (CdCl2) жұмсақ бидай сорттарына әсері зерттелді және осы химиялық қосылыстың әсерінен болған сандық және сапалық өзгергіштіктерге талдау жасалынды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биохимия | Бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алу және қасиеттерін анықтау

КІРІСПЕ
Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін.
Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады.
Жүмыстың мақсаты: бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алып, айқындап, қасиеттерін анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
• Бие сүтінің және қымыздың физика – химиялық көрсеткіштерін анықтау.
• Сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу.
• Физиолого- биохимиялық қасиеттерін анықтау.
• Антагонистік қасиеттерін анықтау.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Бие сүтінің химиялық құрамы
Тағамдық өнімдердің химиялық құрамын зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі боліп табылады. Сүт биологиялық сұйықтық ретінде сүтқоректілер ағзасында, яғни сүт бездерінде синтезделеді. Жануарладың тұқымқуалаушылық қасиеттеріне байланысты сүттің физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттерін анықтайтын белгілі бір химиялық құрамы болады. [1].
Сүттің тағам өнімі ретінде жоғары бағасы оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі. Сүтқоректілердің барлық заттар түрлерінің сүтінде жас ұрпақтың өсіп дамуына қажет барлық заттар бар. Алайда, сүт құрамы мен қасиеттері жануарлар түріне байланысты ерекшеленеді.
Сүттің химиялық құрамы мен қасиеттері өте күрделі. Жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып сүт құрамынан 260-қа жуық химиялық заттар табылған [2]. Сиыр және биенің шикі сүтінің химиялық құрамы бірінші кестеде келтірілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау

Кіріспе
ХХ ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді.
Қазіргі кезде арнайы мектептер, гимназиялар, жоғары оқу орындары жеке пәндерді тереңдетіп оқытумен қатар оқу процесін жаңаша оқытуға негізделе бастаған .
Дәстүрлі оқу теориясы мен іс-тәжірибесінің қазіргі кездегі білім саласы информатикаландыру технологиясын пайдалану қажеттілігін тудырады. Білім алушылырдың қабілетін дамыта алатын оқу процесін, әсіресе өз бетінше орындалатын жұмысты ұйымдастыру, ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасуына ықпал етуі керек. Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды окулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды окулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Білім алушылырдың білім деңгейін жоғарылату оқу процесін жаңаша құруды талап етіп отырғандықтан бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын
“Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау” деп таңдап алуға ұйытқы болып отыр.
Дипломдың жұмыстың мақсаты – білім алушыларға тереңдете білім беру және мултимедиалық анимациялық процестерді көрсету.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін ұйымдастыру технологиясы.
Қорғауға ұсынылатын нәтижелер:
• Delphi программалау ортасында интерфейс құру жолдары анықталды;
• Жануартану пәніне мультимедиялық анимация;
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы ғаламдану үрдісінің елеулі ерекшеліктерінің бірі қоғам өмірінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қарқынының өсуі болып отыр. Ғаламдық экономика мен саясаттың дамуында бүгінде көбінесе материалдық өндіріс емес, жаңа ақпараттық дәуірдің басталуы шешуші рөл атқарады. Компьютерлер мен бағдарламалық жабдықтау, коммуникация құралдары, ұялы байланыс, ғаламдық компьютерлік жүйе -Интернет және т.б. қолданумен байланысты жаңа технологияларды жаппай енгізу ХХғ. 80-90-шы жылдары басталды. Дәл осы уақытта әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, жаңа саяси әлемдік тәртіптің негізі қаланады және жаһанданудың жаңа кезеңі басталады .
Адамзат қоғамының өркендеуі үшін материалдық, энергетикалық, ақпараттық ресурстар мен құралдар қажет. Қазіргі кезең – ақпараттық ағынның бұрын соңды болмаған күшеюімен сипатталатын уақыт. Бұл экономикаға да, әлеуметтік салаға да қатысты. Соңғы онжылдықта көпшілік тіпті «индустриалды қоғамнан» «ақпараттық қоғамға» өту туралы айта бастады. Өндірістің әдістері, адамдардың көзқарасы, мемлекетаралық қатынастар ауысып жатыр. «Ақпарат», «ақпараттандыру», «ақпараттық технология», «ақпараттық төңкеріс» секілді ұғымдар жиі қолданылуда. Ақпараттық төңкерістің қазіргі заманғы халықаралық қатынастарға ықпалы жөніндегі мәселе теориялық та, практикалық тұрғыдан да маңызды бола түсті. Кеңінен қолданыла бастаған ақпараттық технологиялар миллиондаған адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Олар әлемдегі даму деңгейі әр түрлі елдердің ішкі саясатына ғана емес, осы елдердің өзара қарым-қатынасына, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қозғалыстар мен қаржылық топтардың, қылмыскерлік ұйымдар мен жекелеген адамдардың әлемдік жүйедегі рөліне де елеулі өзгерістер алып келуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жоғары сыныптағы оқушылардың физикалық дайындығы және оның даму динамикасы

Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы оқушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғары денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
- негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
- дене қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқара, құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т.б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
- қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттығудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, ата-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)

Кіріспе
Тіл тарихында көмекші сөздердің бар екендігі көне грек, үнді тіл білімінен бастау алып келеді. Қай тілдің сөздік құрамын алып қарасақ та, сөздердің белгілі бір қызмет атқаратындығы белгілі. Сондай сөздердің бірі – көмекші сөздер. Қазақ тіліндегі көмекші сөздерді мағынасына, тіркестік сөз табына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар көмекші етістіктер, көмекші есімдер, шылаулар.
Шылауларды мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай үшке бөлгеніміз мәлім. Септеулік шылаулар, демеулік шылаулар, жалғаулық шылаулар.
Біз жұмысымызда демеулік шылауларға, олардың зерттелуіне, морфологиялық, семантикалық сипатына, қызметіне тоқталмақпыз.
Зерттеудің өзектілігі: тіл білімінде соңғы кездері функциональды грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байлнысты демеулік шыларлардың тілдік жеріндегі, қазіргі тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттігі туып отыр.
Себебі демеулік шылаулардың қазіргі тіл біліміндегі қызметі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Демеулік шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеу зәрулікке әкеліп отыр.
Сондықтан қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-жақты зерттеу қажет.
Зерттеу жұмысының нысаны. Демеуліктер – көмекші сөздердің бірі болып табылатын шылаулардың түрі. Зерттеу жұмысымызға шылаулардың осы түрі негізгі тірек етіп алынды.
Зерттеу жұмысына нысаны етіп Д.Исабековтың «Қарғын» романы алынды.
Зерттеудің мақсаты – қазіргі тіл білімінің даму дәрежесіне лайықты демеуліктерді арнайы зерттеу арқылы оның теориялық сипаттамасын беру, оның басқа шылаулардан өзіндік ерекшеліктерін, қолданыстағы ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу материалдары – жұмысқа Д.Исабековтің «Қарғын» романынан жиналған 300-ден аса мысал, ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстары негізінен синхрондық әдіс қолданылды. Демеулік шылауларды зерттеуде дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі, морфемдік, талдау әдісі, салыстыру әдісі, салыстыру әдісі, кейде диахрондық әдіс те қолданылды.
Зерттеудің әдіс-танымдық негіздері. Жұмыста демеулік шылауларға қатысты бұрын айтылған ғылыми пікірлер негізге алынып, тіл біліміндегі ғылыми-теориялық жаңалықтар, тілдік нұсқалардың өзара байланысы, туралы ғылымдардың ой-тұжырымдары еңбектің әдіс танымдық негізі болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста демеулік шылаулардың нақтылы құрамы анықталып, олардың тілдегі қызметі, мағынасы, қолданылу ерекшелігі, толық мағыналы сөздерге тіркесу ерекшелігі, көмекші сөздердің ішінен грамматикалануы жағынан қосымшаға жақындығы, демеулік шылаулардың сөз таптарына тіркесі мен қолданылу орны нақтыланды.
Зерттелудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы көмекші сөздер, шылаулар теориясын ғана толықтырып қоймайды, морфологияның теориясына да өзіндік үлесін қосады.
Сондай-ақ қазақ тіл білімінің, түркі тіл білімінің көмекші сөздерге қатысты мәселелеріне қозғау салады. Осы мәселелер жұмыстың теориялық маңызын арттыра түседі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі Германияның рөлі

Соңғы елу жыл шеңберiнде барлық дүниежүзiлiк қоғам Еуропада бiртұтас, жалпы экономикалық, саяси және әлеуметтiк кеңiстiк құруды мақсат ете отырып, өзiнiң ерiктi жаулап алу деңгейiмен Батыс Еуропаның тәуелсiз мемлекеттерiнiң бiрiгуiне куә болып отыр. Тарихтан көретiнiмiздей, түрлi мемлекеттердiң бiрлестiктерi, қауымдастықтары мен одақтары көп жағынан халықаралық экономикалық және саяси қатынастардың анықтаушы факторына айналды. Әсiресе, Еуропалық Одақ шеңберiндегi интеграция үрдiсi өзiне ерекше қызығушылық тудыруда. Оның көмегiмен батысеуропалық мемлекеттер өткен жүзжылдықтағы екi алапат соғыстың салдарларын жеңе отырып, тез қарқынмен өзгерiп отырған дүниеде өзiнiң мәнiн сақтап, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарда жаңа жүйенiң қалыптасуына үлкен әсер ете алуда. Бұның жалғасы немесе салдары ретiнде зерттеушiлер Еуропалық Одақта болып жатқан интеграциялық үрдiстерге мiндеттi түрде тек аймақтық деңгейде баға берiп ғана қоймай, дүниежүзiнде болып жатқан жағдайлармен қоса, оған сабақтастыра ескерулерi қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы

Сырдария ойысының аккумулятивті жазықтары солтүстік-шығысында Қаратау жотасымен, оңтүстік-батысында Орталық Қызылқұм көтерілімдерімен шектеседі. Ал, оңтсүтік-шығысында Қазақстан территориясынан тыс Тянь-Шанға дейін созылып, солтүстігінде және солтүстік-батысында солтүстік Арал маңы қабатты жазықтарымен және Арал теңізінің шығыс жағалауымен көмкеріледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі болып саналады. Қызылорда облысының аумағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 %-і тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді.
Тұран ойпатының жазықтау келген кең алқабын алып жатқан зерттеліп отырған территорияның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазан шұңқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден басын алып, батысқа Қызылорда шұңқырына құйған. Ол кезде Сырдария суы мол, ірі өзен болса керек. Өйткені, Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйылған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм-лайды ала келген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті

Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есеп туралы”, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттарына барынша АҚындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық