А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі


Қазақ әдебиеті 5 сынып
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
5. Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
5. Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу
5. Б/С4. Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, нұсқаулық жазу.
Сабақ мақсаты: Шығарма үзіндісін жатқа айту;
кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу;
сыни хабарлама жазу үшін нұсқаулық жазу.
Ресурстар: Ғаламтор материалдары
Бағалау критерийлері: Шығарма үзіндісін жатқа айтады;
кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын аша алады; нұсқаулық жазады.
Дескриптор Шығарма үзіндісін жатқа айтады;
Нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды;
Кейіпкер іс - әрекетіне талдау жасай отыра образын аша алады;
Сұрақтарға толық жауап береді;
Шығармадан алған әсерін көркем тілмен бере біледі;
Жүйелі нұсаулық жаза біледі.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Талдау, бағалау
Тілдік мақсаттар: Адамдық диқаншысы, еңбек, бейнет, зейнет
Құндылықтарды дарыту: Ұлтжандылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Тарих
АКТ қолдану дағдылары: Презентация, слайд

Сабақтың басы (10 мин)
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі айтылады.
А. Байтұрсынов кім? Тапсырма. Ж. Ж. Т. Ж.
1. Ол халықты оқуға шақырған, ағартушылық жұмыстар жүргізген, қазақ ауылдарында орысша - қазақша мектеп ашып, балаларға сабақ берді? (ағартушы, қоғам қайраткері, ұстаз)
2. Байтұрсынұлы қазақ балалары үшін «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар жазды (Жазушы )
3. Араб әріптерінің негізінде қазақ алфавитін жасады. (ғалым - лингвист)
4. «Маса» өлеңдер жинағының авторы (1911 жыл). Өлеңдері: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған - терген», «Досыма хат» т. б. (ақын)
5. А. Байтұрсынов – Абай дәстүрін жалғастырып, мысалдар (басни) жазған. (мысалшы)
6. А. Байтұрсынов И. А. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» (1909 ж.) деген атпен жинақ шығарды. (аудармашы).
Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың ортасы (15 мин)
1 - тапырма. Адамдық диқаншысы. Дауыстап мәнерлеп оқу

Ж. Шығарма үзінділерін дауыстап оқу үшін таңдайды.
Ж/Ж Олар жұпта отырып дауыстап оқиды. Оқушылардың бірі екіншісіне дұрыс оқу жолдарын керектігін үйрете алады. (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т. б.)
С. Мұғалім кейбір оқушыларды сыныптың алдында мәнерлеп оқуға шақырады. Олар негізгі жерлерін жатқа айта алады. Деңгейлері төмендеу оқушылар қағазға қарап оқи алады.

Адамдық диқаншысы
1 - оқушы: Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!

2 - оқушысы: Жаратқан малды Құдай не керекке -
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Қалыптастырушы бағалау

2 - тапсырма. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу үшін төмендегі кестені толтырады. Оқушы деңгейіне қарай сұрақтарға жауап береді.
Ж/Ж. Мәтіндік зерттеу

А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. жүктеу


Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇
---


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу