Педагогика, оқыту әдістемесінің тапсырмалары


Педагогика, оқыту әдістемесінің тапсырмалары

1. Авторитарлы тәрбие, либералды тәрбие, демократиялы тәрбие, еркін тәрбие. Қандай белгілер бойынша жіктелген *Ж: өзара қарым - қатынас стилі бойынша
2. Адам дамуына тәрбиенің жетекші ықпал етуінің себебі неде болуы мүмкін. *Ж: тәрбие беру процесінің мазмұны; тәрбие беру процесіндегі жетістіктер; тәрбие беру процесінің мазмұны мен ұйымдастыруындағы жетістіктер
3. Адам дамуына тәрбиенің жеткілікті ықпал етпеуінің себебі неде болуы мүмкін.:*тәрбие беру процесінің мазмұны; тәрбие беру процесіндегі олқылықтар; тәрбие беру процесінің мазмұны мен, ұйымдастыруындағы олқылықтар
4. Адам тәжірибесінің толық тізімі алғашқы болып сақталатын жады түрі *Ж: эпизодты
5. Адамгершілік тәрбиесі: *Ж: жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру
6. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері *Ж: адамдарға құрмет сезімін дамыту
7. Адамгершілік тәрбиесінің міндеті *Ж: Адамдарға құрмет сезімін дамыту
8. Адамгершілік, еңбек, ақыл - ой, физикалық тәрбие – бұл Ж: тәрбиенің бағыты
9. Адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі *Ж: білім
10. Адамның ғылыми фактілерді, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды, қағидаларды түсінуі, есінде сақтауы және қайта жаңғыруы ол *Ж: білім
11. «Ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу» сипаттамасына тән білімді игеру үлгісі (Александер) *Ж: талқылау
12. (Александер) *Қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу.*Ж: диалог
13. (Александер) *Оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру:*Ж: нұсқаулық/мазмұндама
14. (Александер) *Тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру.*Ж: декламация
15. (Александер) *Үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс - әрекеттерді жаттау. Ж: механикалық есте сақтау
16. АКТ қолдануда «көрсету» оқыту аспектісін қолданудың мысалы *Ж: оқу мен талдау мақсатында оқушылардың жұмысын алмастыру
17. Александердің зерттеуіне сәйкес диалогтың бес үлгісіндегі механикалық есте сақтау. *Ж: үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды жаттау
18. Ата - анасынан ұрпақтарына қандай да бір белгілердің, ерекшеліктердің берілуі *Ж: тұқым қуалаушылық
19. Аударма жасау, интерпретация, экстрапозицияны қамтитын Блум таксономиясының кезеңі *Ж: түсіну
20. Әр сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтауды талап ететін принцип *Ж: мақсаттылық
21. Әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанмен, мұқият бағалана бермейтін әңгіме түрі *Ж: зерттеушілік әңгіме
22. Әрқайсысында анықталған тапсырмаларды шеш... қайталанатын істердің көмегімен оқушылардың оқу...*Ж: жаттығу
23. Әрқашанда пайымдау, қорыту және дәлелдеуді талап ететін оқыту әдісі *Ж: түсіндіру
24. Б. Скиннер көзқарасы бойынша, адамдардың лайықты істері үшін ынталандыру, лайықсыз құлықтарын елемеу немесе жаза қолдану.*Ж: оперантты шарттылы
25. Бағалау арқылы оқуды жақсарту үшін енгізілуі тиіс бес түйінді фактордың бірі.
* Ж: Оқушыларды өзін - өзі бағалауға қатыстыру, Оқушылармен тиiмдi керi байланысты қамтамасыз ету; Оқушылардың өзiндiк оқуға белсендi қатысуы; Бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгерту; Оқушылардың өздерiн – өздерi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнудiң қажеттiлiгi.
Педагогика, оқыту әдістемесінің тапсырмалары. жүктеу
Қарап көріңіз 👇
---


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу