Әнші балапан

 Әнші балапан

Әнші балапан
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1 - жүргізуші: Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?

2 - жүргізуші: Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ------------------ ағайға береміз.
Сахнада ән сап жүреді
Радамирді бәрі біледі
Қазіргі бізге тартуы
Әсем ән «Бала тілегі»
«Бала тілегі» әнімен Айтасқызы Радамирді қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші: Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай

2 - жүргізуші: Келесі кезекте ән шырқайтын Мұқамедқалиева Жазира.
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар

1 - жүргізуші: «Менің Қазақстаным» әнімен Әнуарбек Айзерені қарсы алыңыздар.
Ертең - ақ мен ержетіп
Әнші ағадай боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын
Дей келе 1 сынып оқушысы Өзбекбай Гүлкөктем «Бал балалық» әнімен қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Орындап ата - ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін

1 - жүргізуші: «Қазақ жері» әнімен Алтынбайұлы Бекнұрды қарсы алыңыздар.
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.
Ендеше осы өнер қайдан шығады.
2 - жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.
Әрине бар.

1 - жүргізуші: 2 - Ендеше сахна гүлдерін ортаға шақырайық
Әрбір ғажап әлемге арнап
Әсем бір ән айтайын - дей келе 2 сынып оқушысы Әмірхан Гүлназды «Әрқашан дос біргеміз» әнімен қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Уа, туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей
«Туған жер» әнімен 4 сынып оқушысы Махамбетұлы Дамирді қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаныма өзің ғана дауасың
Жас дәуірдің түлегіміз
Әке деп соққан жүрегіміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз - дей келе сахнаға «Әке» әнімен Макен Ғарифулланы қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Достық, достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Сахнада « Анашыма» әнімен Әбдуали Ғалымды қарсы алыңыздар.
Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде
«Бала махаббат» әнімен 2 сынып оқушысы Шарапат Ақнұрды қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз. Әділқазылар ең жақсы ән орындаған оқушыны айтып марапаттап, сыйлықтар үлестірді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру