Сатиралық ертегі: Екі қарақшының бас қосуы

Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды.
Бір күні бұл екеуі кеңесіп:
– Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы.
– Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты.
Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Ұрының қолы

Бір ханның қолы ауырып, дәрігерлер:
– Енді қолың жазылмайды, кесу керек. Ал, қолсыз қалғың келмесе, жұртыңды жинап, бір оң қол сұра. Егер оң қолын беруші болса, онда ауру оң қолыңды кесіп, орнына сала қоярмыз, – дейді. Хан жұртын жинап, дәрігерлердің айтқанын айтып:
– Біреуің жәрдем етіп, оң қолыңды бер, – дейді.
Хан еліне қадірлі, елін жақсы ұстаған адам екен, жиналған халық қол тауып бермек боп таралады.
Хан:
– Қол берушіге жарты дүниемді берер едім, – дейді. Сол елде бір ұры адам бар екен. Ол өмірі еңбек етпей, жалқаулыққа салынып, тек ұрлықпен күнелтеді екен. Ханға уәде берген халық әлгі ұрыны шақыртып алып:
– Ханымыздың қолы ауырып, қолсыз қалғалы отыр. Елімізге жақсы хан еді. Оның кемтар болуы хандығына кемістік келтірер.
Дәрігерлердің айтуы бойынша, оның ауру оң қолын кесіп тастап, беруші болса, басқа біреудің оң қолы да жарайды екен. Ал, сен болса да, қолыңды еңбекке пайдаланып жүрген жоқсың, құр ұрлықпен елге жексұрын болдың. Сен ол қолыңды ханға бер, хан саған жатып ішуіңе өміріңе жетер мүлік береді, – дейді. Ұры жатып ішер малға қызығып......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алпыс сиырлы молда

Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады.
Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айтып, зарланып отырады.
– Егер де бір кім ерсе,
Молдаға бір сиыр берсе,
Алла тағала ол кімсанаға алпыс сиыр нәсіп етер, – деп, бүгін де, ертең де жігітке естіріп соғады да қояды. Жігіт ойлайды: осы молда шын айтатын болар, бұған бұл бір сиырды берейін, Алла маған алпыс сиыр берсе, бір күнде байып кетпеймін бе? – деп ойлап кетіп, әйеліне ақылдасса, әйелі:
– Ойбай, салып берме, – десе де, жігіт әйелінің тілін алмай, сиырға жіп тағып әкеліп, молдаға береді. Молда дұға қылып, бетін сипап:
– Алла тағала саған менің сиырымдай алпыс сиыр береді, –дейді. Молда дегені болған соң әлгі жақсы сиырды бітеу қораға қойып, көркейтемін деп жемдейді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Молданың тобасы

Ертеде бір молда есегімен келе жатып, ескі қыстауға кез болыпты. Келсе, ешбір қыбырлаған жан жоқ. Тек ұшып-қонып, шықылық қаққан құстарды көреді. Жағалай қораның ара-арасымен өтіп, көгалдау жерге келіп, түседі. Түсіп, есегінің ауыздығын алады. Есегі оттап жатады, өзі судың басына келіп, дәрет алып отырады. Бұл молданың бет алысы Топар бойында біреу шақырған екен, шақырған себебі – шақырған кісінің бір баласының сұлу әйелі болады, ол баласын менсінбейді екен. Содан молдаға:
– Дуа оқып, басын айналдырып бер, – деп, шақырған екен. Сонымен молда шақыруын қабыл етіп, жол шегіп, келе жатқан екен. Дәретін алып болып, молда бесін оқуға кіріседі. Есегі оттап тұрады, содан төскейге қарай бетін түзеп, намазын оқуға кіріседі, әуелі азан айтып алады, екі құлағын ұстап, азанын айтып болған соң «Аллау әкбар», – [деп], қолын жайып, бата қылады. Сәждеге басын қойып, бір-екі еңкейе бергенде, артынан біреу келіп, түртіп қалады. Бірақ молла пісмілләсін айтумен намазын оқып, тұра береді. Әлгі түрткі қайта-қайта молданың арқасынан жыбырлата түседі. Молда қарайын десе, намазы бұзылатын, қарамайын десе, тиыштық бермей барады. Бір мезгілде:
– Аһ-һ, бісміллә, – деп секіріп, анадай жерге түседі. Қараса, шашы дудыраған, жалаңаш бір адамзат пиғылы бар біреу екен. Молда жиырма шақты қадамдай жерге барып, ақырады:......
Ертегілер
Толық