Ұстаз - қоғамның тірегі

Мұғалім деген ат — қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам - мұғалім.
С. Мұқанов

Ұстаздық ету – ең ұлы іс. Ал ұстаздар – шын бақыттылар. Ұстаз алдынан өтпеген жан кемде-кем. Мейлі әкім бол, мейлі ғалым бол, ұстазыңның алдында мәңгілік қарыздарсың! Өйткені оның тәлім-тәрбиесін, үйреткен оқу-білімін жылдар бойы сіңіріп, дүниенің бір кірпіші боп қаландың.

Ұстаз деген кім? Ол – мектептің жүрегі. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен жеткізсек, ұстаз - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Мен «ҰСТАЗ» ұғымын өз ісінің ұстасы, шебері деп түсінемін.

Әр мұсылманға ілім үйренуді парыз еткен асыл дінімізде де ұстазға деген құрмет сөз болады. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде: «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар»,- делінген. Халқымыздың: «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген даналығынан ұстаздар қауымының жоғары бағасын көремін.......
Шығармалар
Толық

Мен - бастауыш сынып мұғалімімін

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы.Ұстаз болу - бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Өйткені, мен - бастауыш сынып мұғалімімін.

Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып, өзі жаңа әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады.......
Шығармалар
Толық

Тілі мықтының – елі мықты

Тілі мықтының – елі мықты. Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз. Л.Н.Толстой 2012 жылы Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдау арнады. Жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын құдіреті, мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Сонымен қатар тіл - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, еліміздің іргетасы, тәуелсіздік тұғыры, ұлттың қуаты, ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына – тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. ......
Шығармалар
Толық

Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін
Сабақтың тақырыбы: Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;
5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмыс салтын сипаттайды
• ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы біледі, оларды ажырата алады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет
Оқу мақсаты: Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы
Сабақтың мақсаты: 10.4.3.3 ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау;
10.4.3.4 халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде
«Туған жер» ұғымын қолдану......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы көшіру стратегиялық шешімі неліктен қабылданды? (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:10.4 А.Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюы (1997 жылдан бүгінге күнге дейін)
Сабақ тақырыбы: Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы көшіру стратегиялық шешімі неліктен қабылданды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Астананы Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде бағалау;
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың ролін түсіну
Сабақ мақсаттары: Әр түрлі дерек көдерінен тарихи фактілерге сүйене отырып, оқиға желісін құрастыра алады, түсінеді;
Астананы көшіру секілді тарихи оқиғаға өзіндік пікір (интерпретация) айту арқылы өзіндік көзқарастары дамиды;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет
Сабақ тақырыбы: Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.1 Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды сипаттау
10.4.3.2 халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру
10.4.3.3 ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау
Сабақ мақсаты: Қазіргі таңдағы мемкелеттің мәдени дамуында жаһанданудың әсерін талдау, Ұлттық кодты сақтау жолында зерттеу жұмысын жүргізіп, өз идеясын ұсыну.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.3 қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін «әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдарын пайдалану;
10.4.1.4 қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру.
Сабақ мақсаты: қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы туралы мәтіндерді оқып, маңыздылығы туралы ой тұжырымдау;
қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын, салт-дәстүрлерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы
Оқу мақсаты: • 10.4.1.7 Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау
• 10.4.1.8 халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау
• 10.4.1.9 фольклор және зерттеушілер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениетінің бастаулары мен ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаты: Қазақ халқының мәдени мұрасына үлес қосқан тұлғалардың еңбектерін бағалау.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 - «Мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» түсініктерін қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттауда қолдану
10.4.1.2 - қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізгі жетістіктерін анықтау – Қазақстан территориясындағы тарихи-этнографиялық үрдістердің үздіксіздігін талдау
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуы және әр кезеңде жалғасуын талдап оны қазіргі заманда насихаттау туралы жолдарын ұсыну.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық