Таң намазының қазасы қалай оқылады?

Таң намазының қазасы қалай оқылады?

 Ассалаумаалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!
Таң намазы ұйықтап қалу сияқты бір себеппен оқылмай қалса, қазасын қашан өтеген дұрыс. Досжан Жанболатұлы!
Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Таң намазы қаза болса, күн көтерілген соң қазасын өтеу ниетімен таң намаз сүннетімен қоса оқылады. Абзал уақыты осы. Бұл бесін намазына дейін оқылса. Ал, бесіннен кейін қазасы өтелсе, тек парызы ғана оқылады.
Бұған негіз, «Фиқһул ханафи уә әдиллатуһу» кітабының таң намазы қазасы қалай оқылады? деген тақырыбында: Алла елшісі (с.ғ.с.) азан айттырып, парыздан алдын екі ракағат оқып, сосын қамат айттырып адамдармен (парызын) оқып алды[1],-деген риуаят келтірілген.
Сонымен бірге, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Таң намазының алдындағы екі ракағат дүние мен ондағы жақсылықтан қайырлы[2]»,-деген сөзі негізінде таң сүннеті ең күшті сүннет, тіпті уәжіпке жақын деп айтылған[3].
[1] Әл-Фиқһул ханафи уә әдиллатуһ, 1-том, Китаб солат, 145-бет
[2] Муслим, Термизи
[3] Әл-Лубәб шарх әдаб китаб, 100-бет


Қаза намазының оқу тәртібі


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Оқырман Алтынай
    0 + 0 -
    Ниеті қалай айтылад
  2. Stephenpoero
    Stephenpoero 27.09.2022 12:01
    0 + 1 -
    [url=https://creditrepairservices.city ]credit repair[/url]
  3. Гость Индира
    Гость Индира 09.12.2020 22:51
    10 + 6 -
    Каза намаз калай окылу тартибин анык осылай деп ешким жазбаган ,каншамасын ашып корсемде тусиниксиз ,барлык адамдар сауатты емесго анык мине сунетиме окылатын осылай деп жазуга болмайма
  4. Ерген
    Ерген 18.10.2020 15:27
    7 + 3 -
    Ассалаумағаллейкум
    Тек таңғы намазды оқысам бола ма алде барлығын оқу шарт па?
    1. Оқырман Рахат
      Оқырман Рахат 27.09.2022 08:23
      0 + 1 -
      Бастау үшін оқысаңыз болады, бірақ кейіннен уақыт өте 5 уақытты толықтырып алыңыз