Жұмбақтар жауабымен


Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары

Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.
Сыпырғыш

Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.
Шымылдық

Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
Құлып
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (3)

Қара нар қатарынан бір озбаған,
Боз інген ботасы жоқ құр боздаған.
Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,
Аяғын анда-санда бір қозғаған.
Поезд

Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Аузынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие.
Поезд
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Спорт бұйымдары (ойын, доп, футбол, шахмат, велосипед, шаңғы, асық, тоғыз құмалақ, карта)

Тебесің сен бір,
Тебемін мен бір.
Түсі теңбіл,
Көнбіс зат ең бір.
Футбол добы

Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара ғып бөлгенде
Бірін бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін
Бермейді олар намысын.
Шахмат

Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?
Велосипед
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сырнай, скрипка)

Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,
Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.
Күніне жалғыз бекет жерді аралап,
Он жігіт тынығады әрең сонда.
Домбыра

Қояды әркім оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
Домбыра

Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.
Домбыра
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Уақыт, сағат

Әрбірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.
Бір жыл

Өзінен-өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен шіркін-ай, кім иірген.
Сағат

Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сөйтсе де бірден танып кідірмейді.
Күні-түні барады тынбай жүріп,
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмейді.
Өмір
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Шаруашылық құралдары (тырма, балта, кетпен, саты, таяқ, таға, ер-тоқым)

Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.
Шөп тырма

Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.
Сыпырғыш

Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.
Балта
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Отбасы, отбасы мүшелері, бала, көңіл, көлеңке

Көтеріліп қампияр қиыстырсаң,
Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң.
Мұның да шешімі бар келісімді,
Ойланып ақылыңа сиыстырсаң.
Адамның ойы

Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді.
Күніне мың шақырым жерге,
Барып қайтып келеді.
Көңіл
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (1)

Ұзын құрығым үйге сыймайды.
Пештің мойны

Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке.
Әркімдер көтерем деп ойласа да,
Келмейді сірә тегі тіпті епке.
Пеш, түтін

Сырты қап-қара,
Іші қып-қызыл жара.
Әлсін кіріп шығады,
Бір жалаңбас бала.
Пеш, от, кесеу
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Сурет

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары екінші сынып оқушыларына төмендегі жұмбақ ұсынылған. Суретке мұқият қарап 6 сұраққа жауап беру керек:
1. Пароход өзен ағысымен жоғары ма, әлде төмен бе кетіп барады?
2. Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
3. Өзен осы жерінде терең бе?
4. Айлақ алыс па?
5. Айлақ өзеннің қай бетінде орналасқан (оң, сол)?
6. Суретші күннің қай уақытын бейнелеген?

Сурет


Жауабы:
Оқулықтың жауаптары:
1. Бакендер орнатылған ағаш ұшбұрыштар ағысқа қарсы орнатылады. Яғни пароход өзенмен жоғары жүзіп бара жатыр.
2. Суретте құстар бейнеленген; олар бұрыш түрінде ұшып бара жатыр, бұрыштың бір жағы қысқарақ: бұл тырналар. Тырналардың топтасып ұшуы көктемде немесе күзде болады. Тырналар оңтүстік жаққа ұшып бара жатыр. Демек, суретте күз бейнеленген.
3. Өзен бұл жерде таяз, матрос фарватер тереңдігін сырық арқылы өлшеп тұр.
4. Пароход айлаққа жақындаған: бір топ жолаушы заттарын алып, пароходттан түсуге дайын болып тұр.
5. 1-ші сұраққа жауап беру арқылы біз өзеннің ағысын анықтадық. Өзеннің оң немесе сол жағасын анықтау үшін ағыс бойына қарап тұруымыз керек. Пароход айлаққа жақындағанын білеміз. Жолаушылар біз суретке қарап тұрған беттен түсуге дайындалып тұр. Яғни, ең жақын айлақ өзеннің оң жақ жағасында орналасқан.
6. Бакендерде шамдар орнатылған. Оларды кештен алдын қойып, таңда алады. Малшылар малды ауылға айдап бара жатқаны көрініп тұр. Яғни суретте кешкі мезгіл бейнеленген.



 Маймыл тісті доңғалақты айналдырғанда тілше қандай санды көрсетеді? 1 немес 2? Жұмбақты шешудің екі жолы бар.


Жауабы:
Тілше 2 санын көрсетеді. Шешімнің бірінші жолы суретте көрсетілген. Екінші жолы:
Тісті доңғалақтарды зерттейік:
— әр тісті доңғалақ тіркелген келесі доңғалақты кері бағытта айналдырады,
— белбеулі доңғалақ айналу бағытын өзгертпейді,
— сегізді-белбеулі доңғалақ қарапайым тіркестегідей доңғалақтың бағытын өзгертеді.
Доңғалақтарды санап шығайық. Айналу бағытын өзгертетін беріліс жұп болған жағдайда, соңғы доңғалақтың айналу бағыты өзгермейді. Тақ болса – кері бағытқа өзгереді. Бізде 16 беріліс: 14 жағдайда бағыт өзгереді, 2 жағдайда өзгермейді.
Нәтижесінде тілше 2 санын көрсетеді.
Жұмбақтар жауабымен
Толық