Дос туралы мақал-мәтелдер (жолдас)

Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малын бер,
Көре-көре сүйінсін.
Көңіл қалған досыңа,
Жаратпаған малын бер,
Көре-көре күйінсін.

Ұстамен дос болсаң, наркескенін аларсың.

Достың ұлы - өз ұлың.

Біреуге беріп жағасың,
Біреуге еріп жағасың.

Табы бірдің ары бір,
Адал достың жаны бір.

Доссыз өмір - шоғы жоқ көмір.

Мақал-мәтелдер
Толық

Жігітті жолдасына қарап бағала

  Әрбір жанның қасында өзі сенім артарлық,бар сырымен бөлісетін сырласы,өмірлік серігі болады.Ол әрине,сенің ең адал досың.Дос деп кімді айтады?Дос деп бар қуанышыңды бөлісетін,қиын сәтте жаныңнан табылатын,сенен еш нәрсені аямайтын, адал жанды айтады.Сені әрқашан жігерлендіріп отырады,құлағанда сүйеніш болады.Жылағанда жұбатып,қуанышыңда әркез бірге болатын жан.Міне,осындай жанды нағыз дос деп айтуға болады.

Осындай адал сенімді дос бәрінде бірдей бола бермейді.Біреуі адал,біреуі амал.Жақсы досты табу үшін де ,ең алдымен өзіңді дұрыстау қажет. Өзің жаман болсаң,жақсы досты несін іздейсің?!Сен қандай болсаң,жолда сондай достар жолығады.Қазақта сөз бар «Жігітті жолдасына қарап бағала».Бұл мағынаны аша келгенде, сенің жолдасыңның өзің секілді болатынын айтады.Яғни,сен қандай болсаң, жаныңдағы серігің дәл сондай.Сондықтанда өзіңе адал дос іздесен, ең алдымен өзіңді жөнде....... 

Эсселер
Толық

Достарға тілек

Тек осылай шын қуаныш тасқындар,
Қалауы осы - сендер үшін достың бар.
Құтты болсын шаттық туған күндерің,
Жастарыңа тағы бір жас қостыңдар.

Тілек осы айтылатын жүректен,
Айта жатар өзгелер.....

Құттықтау, тілектер
Толық

Айбек Бестенқұлов (Дос тілегі...)

Көздері қуанатын беті күле,
Жансерік жаңа өмірдің шеті міне.
Қыста аяқ киімді ойламайсың,
Қарық болдың әскери етігіне.
Ендеше жаңа жұмыс құтты болсын,
Жарасын жақсылықтың тетігіне.
Абай атам айтпақшы.....
Өлеңдер
Толық

Текті әулеттің құлыны (Еске алу)

Қасиетті Шәлкөде өлкесінде еліне еңбегі сіңген, халқына қалаулы талай-талай қазақтың нарқасқа азаматтары өмір сүрген. Сол уақыт заңымен өмір көшімен о дүниеге көшіп кеткен азаматтардың ішінде Мергенбай батырдың немересі Әсет Батырханұлы да бар.
Әсет Батырханұлы Алматы облысы Райымбек ауданында (ол кезде Талдықорған облысы Нарынқол ауданы) таудан төмен жарыса аққан Қос Шибұт өзенінің тоғысқан жерінде орналасқан Шәлкөде ауылында 1972 жылы 2 қарашада.....

kz
Толық