Пішіндер әлемі

Мақсаты
1. білімділік: оқушылардың математика пәнінен алған білім, білік дағдыларын шыңдай отырып, үйренгендерін пысықтау, жұмыс істей білуге үйрету, сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу.
2. дамытушылық: пәнге қызығушылықтарын арттыру, ойындар арқылы ой - өрістерін, білімділік қасиеттерін дамыту, зейіндерін тұрақтандыру. есте сақтау қабілеттерін, логикалық шапшаңдықтарын дамыту.
3. тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, дидактикалық ойын
Көрнекіліктер: суреттер, көңіл - күй галереясы
Әдіс - тәсілдер: талдау - жинақтау, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрнекілік; т. б. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. В дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. Әріптің баспа түрін жазғызу. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: В әрпінің баспа түр, кеспе әріптер, түлкі, Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Тәуелсіздік - ел тілегі

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,балалар! Бүгінгі сабағымыз дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады. « Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық сабағымызды бастаймыз.

Амандасу.
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Сәлеметсіздер ме, апайлар! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Экономика | МЕНШІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ. МЕНШІКТІК ҚАТНАСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

КІРІСПЕ
Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп, саралап жазып қарастырдым.
Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын, оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді.
Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және бөтендікі" арқылы шектейді.
Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің, адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі (нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек өніміне ғана тән алынады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар туралы түсінік

Кіріспе
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтанған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды айтады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тісті қорғау денсаулық кепілі

Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Бұл тіске байланысты сөз емес екені бәрімізге аян. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Ал кейбір тайпалық елдерде адамның денсаулығын тістің бүтіндігімен өлшейтін ғұрып та бар. Тістің адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін көріп отырған шығарсыз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз. ......
Кеңестер
Толық

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы

✅ Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

✅ Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады. ......
Кеңестер
Толық

Анемиядан арылу жолдары

Анемия немесе қан аздық ауруына бүгінгі таңда көптеген жандар ұшырауда. Дәрігерлердің айтуы бойынша, анемия ауруына қыз-келіншектер мен кішкентай сәбилер көп ұшырайды. Әсіресе, 4,5-5 жастағы балалар көп ауырады. Анемия балалардың бойларының өсуіне, буындарының қатуына, тістерінің дұрыс шығуына кері әсерін тигізеді.

Анемияның белгілері

Егер де теріңіздің бозарғанын, басыңыздың қайта-қайта айналып, ағзаңыздың әлсіреп, көзіңіздің қарауытқанын байқасаңыз, сізге дереу дәрігерге жолығу керек. Сондай-ақ, аяқ-қолыңыз тартылса, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып, тістеріңіз тазалаған кезде қанаса, денсаулығыңызды тексертіңіз.......
Кеңестер
Толық

Қай түс сіз туралы айтып береді?

Айналадағы барлық құбылыс, жаратылыс адаммен тікелей байланысты. Мысалы, түстердің өзі адам психологиясына әсер етеді екен. Яғни, сізге ұнайтын түс сіз туралы хабар береді. Олай болса, тексеріп көрейік.
Кеңестер
Толық

Информатика | Деректер базасын құру SULPAC компаниясы

Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle,Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т.б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase , Paradox , InterBase. Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде олардан асып та тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық