Ашық сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері. Ашық сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту. 2) Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету. 3) Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға шақыру. Ашық сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест парақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т.б.
Есенбай Дүйсенбайұлы 1940 жылы 16 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қалдайбек ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1963). Еңбек жолын Жарқамыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдігінен бастаған. Темір және Байғанин аудандық, Ақтөбе облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, аға тілші болды.
1978–2009 жж. республикалық «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі», «Өлке», «Раритет», «Білім» баспаларында аға редактор, Қазақстан Даму институтының «Саясат» журналында редактор, жетекші редактор, редактораудармашы, директорредактор қызметтерін атқарды. Қазір «Жазушы» баспасында Бас редактор. Тұңғыш......
Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын ЖамбылЖабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны....
Жамбыл Жабаев– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды.....
Ғафу Қайырбеков (1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының......