Тоқтарбайұлы Қобыланды батыр (XV)

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.

Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының......
Рефераттар
Толық

Кетбұға жырау (шамамен 1150–1225)

Кетбұға (шамамен 1150–1225) — жырау, күйші, аңыз кейіпкері. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіресі») атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Жошы хан аң аулап жүріп қаза......
Рефераттар
Толық

Қасым хан (шамамен 1445–1518/1523)

Қасым хан (шамамен 1445–1518/1523) – қазақ ханы, Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның баласы. Шешесі Жаған бегім Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты, ел басқару әдісі, т. б. жөнінде мәліметтер өте аз. Жазылған еңбектердің бәрі М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасына сүйенеді. Мұхаммед Шайбанидың қазақ билеушілеріне ......
Рефераттар
Толық

Қарасай батыр (1589-1671)

Алтынайұлы Қарасай - қазақтың қаһарман батыры, қолбасшы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. 1589 жылы Алматы облысының, Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде, Жетісу өңіріндегі Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, 1671 жылы Сарыарқадағы Көкшетау......
Рефераттар
Толық

Қазтуған жырау (XV)

Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың Xvғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.

Қазтуған жырау жорық жыршылары және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухына, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден........
Рефераттар
Толық

Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776)

Тауасарұлы Қазыбек (1692–1776) – Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы. Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Шапырашты тайпасы Асыл руының Әжіке деген атасынан шыққан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған.

Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуынабереді. Кішкентайлылығына қарамай жақсы оқыған......
Рефераттар
Толық

Қабанбай батыр Қожақұлұлы (1692–1770)

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (1692–1770) – қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожақұл батыр жау қолынан қаза тауып, артынан Есенаман, Есенбай.......
Рефераттар
Толық

Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы (1733–1824)

Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы (1733–1824) — XVIII ғасырда ұлы жүз ішіндегі Жалайырдан шыққан аса көрнекті қайраткер. Өр мінезімен, өжет батырлығымен, от ауызды, орақ тілді сөзімен көзінің тірісінде-ақ Қабан ақын атанған. Ол ел басшылары Ескелді, Балпық билермен қатар «әулие» деген атқа ие болған. Өйткені әр жерде шашырап, көшіп-қонып жүрген жалайырлардың басын қосып біріктіруде, тұтас......
Рефераттар
Толық

Йоллығ тегін (VII-VIII басы)

Йоллығ тегін — Білге қағанның баласы. Ол әкесі қайтыс болған соң, қағанаттың келісімі бойынша таққа ие болады. Бұл кісі — жазушы, тарихшы, орхон жазуының авторы болған. Йоллығ тегін Қытай елімен арадағы келісімді дұрыстау үшін өз елінен үш елші жіберіп, өзінің әкесін қытайлық императордың әмірімен.....
Рефераттар
Толық

Жүсіп Баласағұни (1017/1021–1075)

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021–1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған.

Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен.........
Рефераттар
Толық