Әдебиет | ҚАЗЫБЕК БИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешндік сөздер. Шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік орны бар, беделді Қазыбек бидің есімі ерекше екені даусыз. Қазақ шешендік өнері мен Қазыбек биді, оның өмір сүрген дәуірін суреттеп, соны беттерін ашу жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
- Қазақ шешендік өнері жайлы;
- Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би дәуіріне тоқталу;
- Қазыбек бидің шешендік келбетін танытатын шешендік толғауларына талдау жасай отырып, мәнін түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ шешендік өнерінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер көптеп пайдаланылды. Атап айтсақ, М.Ғабдуллиннің «Халық ауыз әдебиеті», С.Негимовтың «Шешендік өнер», Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» сынды еңбектер қарастырылып, талданды. Қазыбек би жайында айтылған пікірлерге шолулар жасалып, жан – жақты қаралды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Шешендік сөздерді тек қана тарихи тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан қарастырып, зерделеу – бүгіннің талабы. Себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз».
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешендік сөздер. Сөз жоқ, шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір қызығы – қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі «от басы, ошақ қасындағы» даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, кемелділігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Жарқын елдің шамшырағы –жас маман

Адамзат баласының даму тарихы тамырымен тереңге байлап кете бермек. Сонау тас дәуірінен бергідегі сақтарға дейін, одан қалса бүгінгі айбыны асқар,тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде де адамзат баласының бармасына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды қалау сезімі.Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны мұғалім екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қашан пайда болғаны белгісіз. Ол бар еді, бар бола бермек. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Сонау Ескендір Зұлқар....
Шығармалар
Толық

Экономика | КӘСІПОРЫН ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады.
"Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі.
Бизнесті бағалау қызметінің үрдісін кешенді тәсілдермен, мемлекеттік реттеу және бағалау қызметінің аналитикалық есебімен қамту негізінде көрсетеді. Бағалаудың әр түрлі әдістер мен амадарын қолдану арқылы ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдарының құнын анықтау келтірілген.
Бағалау қызметі ғылыми негізде,оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бір қатар қағидалар мен жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердегі тұтыну несиелері және олардың қазіргі кездегі жағдайы

К І Р І С П Е
Экономика – көп тармақты сала. Оның қомақты бөлігінің бірі – банк ісі. Қазіргі таңда еліміздегі коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы - халыққа несие ұсыну. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Aлтын Оpдa iшкi сaудa объeктiсiндe шошқa eтiн оpгaнолeптикaлық жәнe биохимиялық көpсeткiштepi бойыншa вeтсaнбaғaлaу

Қaзaқстaн peспубликaсындa нapықтық экономикa қaлыптaсқaн жaғдaйдa eлiмiздiң eгeмeндiгiн қaмтaмaсыз eтудiң бaсты мәслeлeлepiнiң бipi-жeткiлiктi aзық-түлiк қоpын құpу болып тaбылaды. Осы мaңызды бaғытқa нeгiзгi күш-жiгepдi шоғыpлaндыpу қaзipгi кeзeңiнiң бipiншi дәpeжeлi мiндeтi болып сaнaлaды.
Eлiмiздeгi aзық – түлiк қaуiпсiздiгi eң aлдымeн хaлықты әpтүpлi aзық – түлiкпeн қaмтaмaсыз eтугe бaғыттaлғaн aуылшapуaшылығы сaлaсын қолдaуғa тиiс. Үкiмeт ұсынғaн aуылды қaйтaдaн жaндaндыpу бaғдapлaмaсы бapлық жepдe жaппaй өз жeмiсiн бepe бaстaды. Осы жaғдaйдa мaл шapуaшылығы сaлaсын қaйтaдaн жaндaндыpып, оны одaн әpi өpкeндeтудiң мaңызы зоp [1].
Peспубликaдa aзық – түлiк пpоблeмaсын шeшудe шошқa шapуaшылығының aлaтын оpны epeкшe. Бұл eлiмiздiң eт қоpын жeдeл түpдe толықтыpуғa мүмкiндiк бepeтiн мaл шapуaшылығының aйpықшa сaлaсы.
Қaзipгi кeзeңдe Қaзaқстaндa өндipiлeтiн бapлық eттiң 13 пaйызы шошқa eтiнiң үлeсiнe тиeдi, aл Тәуeлсiз Мeмлeкeттep Достығындa (ТМД) -50 пaйызғa дeйiн жeтeдi.
Шошқa eтi мeн мaйының жоғapғы тaғaмдық қaсиeттepi дүниe жүзiнiң көптeгeн eлдepiндe оны пaйдaлaнудың apтуынa бaсты сeбeп олып отыp.
Мысaлы, Дaнияның eт бaлaнсындa шошқa eтiнiң үлei 69, Гepмaниядa-65,9, Польшaдa-60,5 пaйызды құpaйды.
Бipiккeн Ұлттap Ұйымының aзық-түлiк жәнe aуылшapуaшылық ұйымының (ФAО) дepeктepi бойыншa 2000 жылы дүниe жүзiндe өндipiлгeн жaлпы eт көлeмiнiң 38,7 пaйызы нeмeсe 55 млн тоннaсы шошқa eтiнiң үлeсiнe тигeн. Eвpопa eлдepiндe шошқa eтiнiң үлeсi-55, Солтүстiк Aмepикaдa-36 пaйызғa дeйiн жeтeдi, aл Шығыс жәнe Aфpикa eлдepiндe кepiсiншe, олapдың ұлттық әдeт-ғұpпынa бaйлaнысты бұл көpсeткiш 7-18 пaйыздaн aспaйды [1, 2].
Сонымeн, қоpытa кeлгeндe өзiнiң жоғapы өсiмтaлдығы, құpсaқтa дaму кeзeңiнiң қысқa болуы, тeз жeтiлгiштiгi, aзықты өнiмiмeн өтeу қaбiлeтiнiң жоғapлығы мeн сойыс өнiмдepiнiң жоғapғы шығымдылығы сияқты құнды биологиялық epeкшeлiктepi шошқa шapуaшылығын дүниe жүзiндe хaлықты eтпeн қaмтaмaсыз eту пpоблeмaсындa шeшудe aлдыңғы қaтapғa шығapды.
Қaзaқстaнның «Бүкiл әлeмдiк сaудa ұйымынa» кipу үшiн отaндық aуыл шapуaшылық өнiмдepiн өндipушiлep бәсeкeгe қaбiлeттi болуы қaжeт. Eлiмiздiң aуыл шapуaшылығындa бұл оpaйдa қомaқты шapуaлap aтқapылып жaтыp. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ жазуының тарихы

КIРIСПЕ
Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады.
Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады.
Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр.
Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр.
Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2].
Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты.
Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады.
Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ және түрік тіліндегі сөз этикеті бірліктері

КІРІСПЕ
Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата-ананың ұл-қызы болғандықтан, халықтың Отанының ұл-қызымын деп есептейді. Адамды сондай саналы ойға баулитын, еңбек процесіне белсене қатысуға мүмкіншілік тудыратын қарым-қатынас құрамы – ұлы мәртебелі сол ана тілі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.
Тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның шегі жоқ. Тіл - адамдардың еңбек ету процесінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мыңдаған жылдар бойы жасалған. Оның орасан зор көп байлықтары сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу, процесінде үйренеміз.
Адам баласы белгілі бір қоғамда бірлесіп өмір сүріп, бірлесіп еңбек етеді. Қандай да болмасын қоғамның көпшілік қабылдаған әдет-ғұрып, қарым-қатынас жасау дәстүрі болады. Адамдардың бір-бірімен араласуы сол қағидаға негізделеді. Одан ауытқу өзара қалыптасқан қарым-қатынасқа қаяу түсіру мүмкін. Сондықтан әркім белгілі қоғамның бір мүшесі ретінде, көпшілікке аян дәстүрлі қағидалар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеп отыруға тиіс. Міне, адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда «этикет» деген арнайы терминмен айтылады. Осы әдеп ережелері жиынтығының вербалды (тіл арқылы жүзеге асатын) жағы «сөз этикеті» деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады.
Сөз этикеті жалпы алғанда адамдар (коммуникаттар) арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы болу және де танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі (микросистема) ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөль атқармайды. Мысалы, дәстүрлі «Қалың қалай?», «Не жаңалық бар?», « Мал-жан аман ба?» сияқты қалыпты сұрақтар (клише, штампттар) нақты жауапты талап етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан, айтылады да, оған тағы да дәстүрлі «Шүкір!» «Өзіңде не жаңалық бар?» деген тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл мысалдар (сөз орамдары) сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне «кілт», яки бір нәрсені сұрау, оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау қызметінде тұр. Бұл, әрине, сөз этикетінің негізгі қызметі тек байланыс құралы ғана болып, оның танымдық (сигнификативтік) мәні жоқ деген сөз емес. Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты жағдайда қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған болар едік.
Сөз мәдениеті күрделі ұғымды қамтиды. «Сөз» деген сөздің өзі – мағыналық өрісі кең дүние. Тіл жеке сөздерден тұрады, яғни сөз – тілдің бір элементі. Қазақ тілінде «сөз» сөзінің қосалқы, ауыспалы мағыналары бар.
«Сөз мәдениеті» – тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін оның елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. Сонымен «Сөз мәдениеті» – тек тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларын бұлжытпай дәлме-дәл сақтау ғана емес, айтпақ ойды тыңдаушы жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі жеткізу дегенді білдіреді.
Кез келген ұлттың, халықтың сырт көзге бірден байқалатын, мен мұндалап тұратын ерекшелігі ең алдымен этикеттен, сөз этикетінен көрінеді. Белгілі бір халықтың, ұлттың тілін үйренуде басқа елдің алдымен сол халықтың тіліндегі сөз этикетіне ден қояды. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту, кешірім сұрау, комплимент айту және қоштасу сияқты сөз этикет сөздерден бастайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру

КІРІСПЕ
Бүкіл түркі халықтары грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз.
Махмұд Қашқари орта ғасырлардағы ғылымның алыбы, әрі жетік лексиколог, асқан грамматист, тарихшы, әдебиетші.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" (Түркі тілдерінің сөздігі) атты еңбегі түркі тілдес халықтардың тілін, тарихын,рухани дүниесін көрсететін мұраларға толы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лүғат ат- түрік" жалпы түркі халықтарының , соның ішінде Орта Азия халықтарының ортақ ғылыми мүрасы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" атты сөздігінің қолжазбасы алғашқы рет 1913-1915 жылдары Стамбулда басылып шықты. (1;36-37)
Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіш Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат түрктен» («Түркі тілінің сөздігін») ғана біле аламыз. Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029- 1038 жылдар аралығында Қашкарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридьщ Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун эл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қарахаидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі - Қашқарға ауысқан. Махмұттың «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашкар қаласы - Шығыс Түркістанның ipi саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны - бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді, Ол уақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептердe Кұран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашкарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ipi мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді.
"Диуани" - түркі тілдерінің салыстырмалы үлағаты, соған қоса алғашқы тілдік филологиялық зерттеу , онда түркі елдерінің тілдері тұңғыіп рет ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің маңызы мен этимологиясы түсіндіріледі. Еңбектен грамматикалық ережелерді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер т.б. тарихи құнды материалдарды кездестіреміз. Сөздіктің маңызы әлі жойылған жоқ. Әдебиет тілінің ескі үлгілерін танытатын деректерді де біз осы Махмұд Қаіпқари сөздігінен табамыз.Ол түсінуге ауыр сөздердің маңызы, жанама түсінігі, шыгу тарихы, басқа тілдерге байланысты, көптеген тайпалардың сөз қолданыстары , өзгерістері сияқты күрделі мәселелерді шешуге де көмектеседі. Сондықтан Махмұд Қашқари сөздігін XI ғасырдағы ескі түркі тілі жайын білгізіп қана қоятын еңбек демей, сонымен қатар оған дейінгі және одан кейінгі дәуірлердегі тіл өзгерістерін, әдеби тілдің жайын, тарихын танытатын бағалы еңбек деп білген жөн.
Ал енді "Диуани лұғат ат- түрік" кітабының осы күнгі түркі тілдеріне қандай қатынасы бар деген мәселеге келсек, онда біз көпшілік зерттеушілер пікірін қуаттай отырып, оны тірі түркі тілдерінің бәріне бірдей тән қазына , ортақ мұра деп қараймыз. Шынында да бұл өзі- осы күнгі көптеген түркі халықтарының өз алдына бөлініп , халық сипатына жетіп қалыптасып алған кезінде жазылған еңбек. Онда талай-талай тайпалар мен рулардың ауызекі сөйлеу тілінен алынған материалдар жинақталған. Сондықтан да Н.А.Баскаковтың Махмұд Қашқариді "түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеудің пионері болған еді " десе, А.Н.Самойлович оны "XXI ғасырдың Радловы" деп атаған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілін халықаралық тәсілдер бойынша тестілеу ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері[center][/center]
Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады?
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады:
1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады.
2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді.
Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді.
Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды.
Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады.
Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді.
Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б..
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық