Аққоян

Ерте заманда бір шалдың үш баласы болады. Мал дегенде бір ала биесі болған. Осы ала биесі күнге қарап буаз болып, айға қарап құлындайды екен. Бірақ күн сайын құлындаса да күнде жоғала беретін болған. Балалары кезек күзетсе де құлыны күнде жоғала беретін болған. Құлын ұрланудан тыйылмайды. Бір күні Аққоян атты кіші баласы биенің құлындайтын уақытында ұйықтамай күзетеді. Түнде биені қолынан аман-есен құлындатады. Құлынның түсі ала. Алтын жал, күміс құйрық құлын екен......
Ертегілер
Толық

Мамай батырдың арманы

Бұрынғы өткен заманда үш жігіт жолаушы жүріп, қоналқа ауылға жақындағанда, бір малшыға жолығып:
— Мына көрінген ауыл кімнің ауылы? – деп жөн сұрапты. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Одан жүріп кетіп тағы бір малшыға жолығып:
— Мына ақ ауыл кімнің ауылы? – депті. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Сонымен бұлар тоғыз ауылдың малшысынан сұрағанда, тоғызы да Мамай батырдың ауылы болыпты. Күн бата оныншы ауылға келіп, бірақ үйдің артына түсіп, бір жігіттен жөн сұрап:
— Бұл кімнің ауылы, қонуға бола ма? – депті.......
Ертегілер
Толық

Ақбілек қыз – Тұрғын бала

Күндерде күн өткенде,

Күн мөріне жеткенде,

Ақборық буаз болады

Туарманға жақындап.

Бұл ноғайлы ханының қыздары Қанікей, Тінікей Бөген кәпірден қыз алды деп, қастық ойлап, Ақборыққа күндес болады, егерде бала тапса, оған залал келтірмекші болып, мыстан кемпірге сөйлесіп қояды.......
Ертегілер
Толық

Ахметбек пен Хасен

Ертеде бір хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болыпты. Хан да, ханның бас уәзірі де көпке дейін бала көрмей жүріп, бір күні екеуінің қатыны да ұл тауыпты. Хан баласының атын Хасен, уәзірі Ахметбек қояды. Бұл балаларын туғаннан бірге тәрбиелейді, оқытады. Он бес жасында екеуі де үлкен ғалым болады. Бір күні кітаптан бір ханның қызының жазғанын көреді. Онда былай депті:

«Пәленше жерде, пәлен шаһарда, пәлен деген ханның қызының бір......
Ертегілер
Толық

Патшаның үш қызы

Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның үш қызы, әйелі болған екен.
Патша қалаға түспек болып, үш қызынан сұрапты:
— Қыздарым, не алып келейін қаладан базарлыққа?
Үлкен қызы түрегеліп:
— Әке, маған маржан алып кел! – депті.
Кейін патша ортаншы қызынан:
— Қызым, саған не алып келейін? – деп сұрапты.......
Ертегілер
Толық

Ағайынды екі жалқау

Бір байдың екі баласы болыпты. Олар жетім қалыпты. Сонда екі бала жан болмаған соң: «Аң аулайық, – дейді, — Елік аулап күнімізді көрейік», – дейді.
Сонда екеуі бірлесіп жүріп келе жатқанда, төрт-бес күн жүргенде, азықтары таусылып, екеуінің қарны ашады. Не істерін білмей, жапандағы бір бұлақтың қасына кеп, суды ішіп-ішіп ұйықтап қалады. Үлкенінің түсіне бір ақ сақалды адам кіреді. Сонда үлкеніне айтқаны: «Сенің ініңнен саған опа келмейді. Оған өте жақын жүрме. Біраз жерге барғанда, бұдан айырыл. Бір жерге барғанда жол екі айырылады, жолдың оң жақ айырылымына сен түс, сол жағына ініңді жібер. Оң қол жағыңа барғанда, талықсып......
Ертегілер
Толық

Адам болған жылан

Баяғы өткен заманда Құрман қойшы деген бір байдың қойшысы болыпты. Құрман сол байдың он сегіз-жиырма жыл қойын бағыпты. Алатын ақысы бір жылға екі тоқтылы қой екен. Егер қой жоғалтса, ақысын бермей соның есебіне алады екен. Құрман қойшының тапқаны киіміне жарамай сол байдың қойын бағып жүре беріпті. Құрман қойшы бір күні қойын бағып жүргенде, төрт-бес шақырым жерден жанған от көреді. От жанған қалпында тұра қоймаған, қойшыға қарай тартады. Құрман қойшы ойлайды, «апырым-ай, мынау от қалай жүреді.......
Ертегілер
Толық

Жезтырнақ

Бұрынғы уақытта бір Шора батыр деген бопты дейді. Бұл Шора батыр өзі бай екен, өзі мерген екен, өзі сондай сауық құрып жүретін адам екен. Бірақ та басқа кішкене тапшы болса керек. Бұл адам жылына, я болмаса, екі жылда бір рет ылғи мергендікпен сауық құрып, бірнеше жолдасымен ел бармаған, жұрт бармаған жерге кетеді екен. Тоғайға, тауға барып аң аулап, бір ай, екі ай, болмаса, үш айға дейін далада жүріп қайтады екен.......
Ертегілер
Толық

Күлшаһар

Ертеде Кішмүр шаһарында бір патша болған. Аты белгісіз патша халқына әділ, ғаріп-мүсәпірлерге көп қарасатын болған. Бірақ патша өзі баласыз болған.
Патша өзінің сарайында бірнеше уәзірлерімен мәжіліс құрып отырғанда, борышы басынан асқан, сол борыштан қысылып жанталасқан, әр түрлі кемшіліктің бәрі де өз басында, үсті-басы алба-жұлба жыртық бір қайыршы кіріп келді.
Патша отыр еді мәжіліс құрып,
Үстіне сол мүсәпір келді кіріп.......
Ертегілер
Толық

Құламерген

Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен. Бір күні ханға бір мыстан кемпір келеді. «Сізге мен лайықты адам табайын, менің үйімде тазша балам бар, соған қызыңды берсең», – дейді мыстан. Хан бұған келісіп:
— Енді, маған лайықты сұлу әйел ізде! – дейді. Құламергеннің әйелі бір күні дарияның жағасына барып басын жуып отырғанда, бір буда алтын шашы суға ағып кетеді. Бұл шашты мыстан кемпір тауып алып ханға апарады.......
Ертегілер
Толық