Түрленбайдың түрленуі

Жар дегенде жалғыз ұлы бар бір жарлы кемпір болыпты. Бір күні кемпір науқастанып қалып, ұлын су әкелуге жұмсайды. Бала хан ордасының жанындағы құдықтан су алуға келеді. Су тартып болып, хан сарайының сәулетіне қызыға қарап тұрғанда, үстіңгі қабаттағы әйнектелген сарайды, оның терезесінен сыртқа қарап тұрған бір қызды көреді. Қыздың сұлулығы сонша, күнмен жарысып, жүзінен нұр төгіледі. Бала бұл қызға ғашық болып қалады да, үйіне келіп:
— Сол қызды айттырып алып бер, – деп, шешесінің мазасын алады. Шешесі бұл істің жөні келмейтінін қанша айтса да, балаға қона қоймапты.
— Олай болса, – дейді шешесі баласының көңілін қимай.— Сен үйдегі отын-суды жабдықта. Мен ханның үйіне барып, жөнін айтып құдалық сөйлесейін........
Ертегілер
Толық

Алты ақылсыз бір зерек

Жар астынан жау шығып, тайпалы ел таусылып, аз үй қалған күйзеліс жанға батқан кез екен.
Осындай бір кезеңде,арнасы кең өзенде, кісінеуік тайы бар, маңырауық ешкісі бар бір үйлі жан болыпты. Соның ішінде күйзелуден үһісі ұшып, күңіренуден есі ауысқан бір шал мен кемпір бар екен. Оған сай келте ақыл келіні болыпты. Жалғыз ұлы жан бағудың қамы үшін жалшы боп алыс отарда жүреді.
Бір күні кемпір мен шал келінін жалғыз қалдырып, сол манда ас берген біреудің ауылына кетеді. Жалғыз қалған келін қарыны ашқан соң тоғайдан алма теріп әкеп жейді. Біраздан кейін кекіре бастайды. Ол кекіргенде үйдің жанында тұрған көк ешкі маңырайды. Ата-енесінен ырым-сырымды көп естіп, күпті боп жүрген келіншек күдіктене қалады.......
Ертегілер
Толық

Алтын – айдар

Бір хан болған екен, оның екі қатыны болыпты. Олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты:
— Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар? – депті.
Сонда үлкен қатыны айтыпты:
— Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын, – депті.
Кіші қатыны айтты:
— Мен алтын айдарлы бір ұл, бір қыз табамын,– депті, – ол баланың аты Алтын Айдар болады,– депті.......
Ертегілер
Толық

Керқұла атты Кендебай

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті......
Ертегілер
Толық

Қаңбақ шал

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.......
Ертегілер
Толық

Түйе арыстан қасқыр түлкі

Бір түлкі жортып келе жатып, қаңғып бара жатқан бір түйеге кездеседі.
— Түйем, түйем, қайда барасың? — дейді.
Түйе:
— Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, — дейді. Түлкі:
— Ендеше, екеуміз жолдас болайық! — дейді.
Түйе:
— Болсақ болайық, - дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.
— Е, қайда барасыңдар? — дейді. Түйе мен түлкі:
— Оты мол, суы мол жерге барамыз, — дейді. Қасқыр:
— Ендеше, үшеуміз жолдас болайық! — дейді. Бұл үшеуі жолдас болып, жүріп келе жатса, бір арыстан келіп кездеседі.......

Ертегілер
Толық

Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім.......
Ертегілер
Толық

Қара Қашқынбай

Бір бала жасынан мал бағып, отын-су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап-қара болыпты.

Сондықтан ел оны алғаш «Қара бала» деп атапты. Баланың елден ерек бір өзгешелігі - өте қорқақ екен. Күркіреген күннен де, қараңғы түннен де, аң атаулының бәрінен қорқыпты. Тіпті төрт түлік малдан – түйеден де, жылқыдан да, сиырдан да шошыпты. Тек жалғыз досы қой екен. Сонан қойды ғана бағыпты.

Бала бірдеңеден қорықса, қой ішіне қойып кетіп жасырынады екен. Болмаса беті ауған жаққа қашыпты. Сөйтіп ел оны енді «Қара Қашқынбай» деп атап кетіпті.......
Ертегілер
Толық

Ханша мен баласы

Бар екен де жок екен, аш екен де тоқ екен. Ілгері заманда бір патша болыпты. Оның он екі жасар баласы мектепте оқып жүріпті. Осылай болып жүргенде, бір күндері болғанда патшаның бір биесі бес-алты күн жоғалып кетіп, оны жылқышы іздеп жүргенде ол бие бір көлдің жағасынан табылыпты.
Ол биеге жылқышы жақынырақ барса, қасында бір жылқы тұрған екен, жылқышыны көріп, ол жылқы суға түсіп кетіпті. Жылқышы биесін жылқысына қосып қойып, балаға келіп болған нәрселерді осылай да, осылай деп айтыпты. Осылай болып жүріп, бір жыл болғаннан кейін жаңағы бие туыпты. Бие туған заман бала құлынын үйіне алып келдіріп, өз қолында тәрбиелей бастайды.......
Ертегілер
Толық

Өнер өрге сүйрейді

Ерте заманда бір шалдың Артықәлі деген жалғыз ұлы болыпты. Көшпелі тіршілікте кедейшілік өмір кешсе де, ақылды шал баласын талапты етіп тәрбиелепті. Олар күн-көріс үшін құмда өскен сексеуілдерді отындыққа шауып, базарға әкеп сатады екен.
Жасы он екіге толған Артықәлі бір күні әкесіне оқу оқығысы келетінін айтады. Шал біраз ойланып, ақырында, баласын қалаға оқуға жіберуге бекінеді. Сексеуіл сатудан түскен қаржыны ұлының қалтасына салып:
— Балам, талабың оң болсын! «Ізденген жетер мұратқа» деген, алдыңнан жарылқасын! Аман-сау бол, құлыным! – деп маңдайынан сүйіп шығарып салады......
Ертегілер
Толық