Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
— Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлықтарың мен ақылдылықтарыңды көрсетулерің керек,— дейді.......
Ертегілер
Толық

Өнерпаз Патшайым

Ерте, ерте, ертеде, бір хан болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сөйтіп, ол әрбір қаланы аралап шығыпты. Бірақ, өзіне лайықты қыз таба алмапты. Оның арманындағы қыз өте ақылды, өнерлі болған.......
Ертегілер
Толық

Ай мен күн

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп......
Ертегілер
Толық

Арыстан мен түлкі

Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
— Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да......
Ертегілер
Толық

Кім күшті

Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты......
Ертегілер
Толық

Қотыр торғай

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, жарасының қара қотырланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті.
Торғай ашуланып:
— Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба! – деп, ешкіге келеді.
— Ешкі-ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің?
Ешкі:
— Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын.......
Ертегілер
Толық

Түлкі мен бөдене

Түлкі мен бөдене екеуі айырылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті.
Күндерде бір күні:
— Досым, мені бір күлдірші, – депті түлкі.
— Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, – депті бөдене.......
Ертегілер
Толық

Сырттандар

Ертеде, бір байдың жалғыз баласы болыпты. Байдың қадірлі ұлы да, қызы да сол екен. Күндерде бір күн әлгі байдың баласы ұйықтап жатып, түс көреді. Түсінде бір қара қасқыр жейін деп баланың аяғына аузын сала бергенде, бала шошып оянады. Ертеңіне осы түсті тағы да көреді. Сөйтіп, бала осы түсті күн сайын көретін болады. Қасқыр баланың аяғынан тістей бергенде, бала шошып ояна беретін болады. Бала түнде ұйқы, күндіз күлкі көре алмайтын болады.......
Ертегілер
Толық

Қошқар мен теке

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Өздері кедей екен. Күн көрерлік бар малы – бес қой мен бес ешкі екен. Олардың сүтін ішіп, құрт, майын және жыл сайынғы өсімді төлін сойып жейді. Терісін, жүн-жұрқасын үстеріне киім қып киеді. Бес қой мен бес ешкі не көбеймейді, не азаймайды.
Бес қой мен бес ешкі өріске өздері жайылып, бұлаққа өздері барып, су ішіп қайтады. Олар не ит-құсқа, не ұры-қарыға жем болған емес. Шал мен кемпір оларды кешке өрістен қайтқанда түгендеп, қораға кіргізіп алады да ертемен түгендеп, шығарып салады. Бес қой мен бес ешкіні аман-есен сақтап, бағып-қағып өсіретін бақташы да, күзетші де қошқар мен теке еді.......
Ертегілер
Толық

Қарға баласын аппағым дер кірпі баласын жұмсағым дер

Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді:
— Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Ол құсты менің бас жағыма әкеп отырғыз. Таң атқанда, ол құс мені сайраған даусымен оятсын. Ал, сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, бір жұмсақ нәрсе тап. Ол нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме тақау қой. Құстың сайрағанымен оянған кезімде, бетім сол жұмсақ нәрсеге тисін......
Ертегілер
Толық