Қасқыр неге ұлиды

Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен.

Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді.

— Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қырды да кетті, – дейді Халық күйініп кемпірі мен баласына.......
Ертегілер
Толық

Қыран мен құзғын

Бір күні бүркіт қара қарғаға кезігіп:
— Қарғам, екеуіміздің де тегіміз - құс. Бірақ сендер жуас құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір сүресіңдер. Ал біз болсақ, отыз жастан әрең асып барып жығыламыз. Бұл қалай? – деп сұрапты.
Сонда қарға:
— Сендер ылғи жемтікті ......
Ертегілер
Толық

Тышқан ит және мысық

Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа:
— Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті. Күйбеңдейді де жүреді, – деп, қынжылады. Сонда мысық:
— Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз.......
Ертегілер
Толық

Қасқыр мен кірпі

Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Сол кезде кірпінің инелері қанжардай қадалып, қасқырдың тұмсығы мен тамағы қанға боялады. Өзінің озбырлығын, қомағайлығын сездіргісі келмеген қасқыр:

— Бетіңнен сүйейін деп едім. Сен-ақ түрпілеріңді тастамай жүреді екенсің өмірі, – деп, сылтауратады.......
Ертегілер
Толық

Жүзім жегісі келген қасқыр

Бір түлкі жүзімге лықа тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр:
— Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып.
— Ойбай, қасеке, құлдық, – дейді түлкі жылмаңдап. — Сенен несін жасырайын, анау баудың ішінде сықасып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын.......
Ертегілер
Толық

Тоқты қошқар бұзау бұқа лақ теке

Бір қорада тоқты қошқар, бұзау бұқа, лақ теке – үшеуі дос екен. Бір күні күн шыға бөрте лақ орнынан атып тұрады да керіліп-созылып, пысқырынып, ұйқысын ашады. Сонан соң секіріп барып, күйсеп жатқан көк қасқа марқаны сүзгілеп тұрғызады. Екеуі қасқа бұзауға келеді. Лақ теке екі жолдасына былай дейді:

— Жүріңдер, серуендеп қайталық. Анау көрінген сары адырға барайық. Онда мөлдір бұлақ бар. Сүйікті асымыз, өлең шөпке тоямыз. Тоқты қошқар балғын балаусасын теріп жесін. Менің тұяғым қышыды, тастан-тасқа секірейін, тілім қышыды, қынасын теріп жейін, жүріңдер!

Лақ теке бастайды да үшеуі жүріп кетеді. Келе жатып, жолдан бір қап бидай тауып алады.......
Ертегілер
Толық

Тапқыр қоян

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.

Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:

— Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.......
Ертегілер
Толық

Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

— О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.

— Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

— Егер, – дейді жылқы, – сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді.......
Ертегілер
Толық

Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.

Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.

Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:

— Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп.......
Ертегілер
Толық

Аш қасқырдың арманы

Шытынаған аяз. Қойлар жылы қорада бырт-бырт күйіс қайырып жатады. Сыртта маң төбеттер маңқ-маңқ үреді. Қорада күзет сақ. Аш қасқыр ауыл сыртын торуылдайды. Арлан бұл маңда қойдың барын сезеді. Сілекейі шұбырады. Сөйтіп ауылға жақын келеді. Мұны сезген төбет арс ете қалады. Қасқыр қаша жөнеледі. Жапан дала. Қасқыр әлдекімге мұң шаққандай, ұзақ ұлиды. Бірақ гулеген боранның гуілі одан басымырақ болады.
Бәрі тағы да жортуылға шығады. Таң атады. Ауылдан өрген қалың қой өріске беттейді. Қасқыр отардың алдын ториды. Сол кезде шопан атына қамшы басады да отардың алдыңғы жағына шығады.......
Ертегілер
Толық