Дінмұхаммед
Дінмұхаммед есімінің мағынасы – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед – "аса мақтаулы, мақтауға лайық".
Дінмұхаммед есімінің мағынасы – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед – "аса мақтаулы, мақтауға лайық".
Әмір есімінің мағынасы, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.
Нұрислам есімінің мағынасы – "нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған.
Әмина есімінің мағынасы – араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.
Айсұлтан есімінің мағынасы – "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім".
Аяулым есімінің мағынасы - менің жаным, сүйіктім, қымбаттым деген мағынаны білдіреді.
Гүлдана есімінің мағынасы - тәжік тілінен аударғанда — сұлу дана, ерекше, білгір, данышпан деген мағынаны білдіреді.
Айша есімінің мағынасы - араб тілінен алынған гайшә, көне еврей тілінен айше — ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Есімнің түрлері — Ғайша, Қайша.
Аяна есімінің мағынасы – араб тілінен аударғанда: өз көзімен көру, анықтық, айқындылық,шындық, ақиқат, — деген мағына береді.
Медина есімінің мағынасы (Мәдина) — «қала», Мадинат ән-Нәбий («Пайғамбар қаласы») деген тіркестен алынған. Бұл мұсылмандардың қасиетті қаласы болып саналады.