2011жылдын караша айы еди! Агент аркылы достарыммен сойлесип отыргам. Кенет Яша есимди бир жигиттен дружба келди. Анкетасын ашып карадым. Фотосы да бар екен. Шашы буйраланган кара торы жигит! Шыны керек кабылдагым келмеди....
2011 жылдың көктемі еді... Мен колледждің 3 курс студенті болатынмын. Әдеттегінше түстен кейін жатақханаға келдім. Келсем бөлмедегі құрбыларым сыртқа шығып келейік деді. Мен шаршап тұрсам да құрбыларымның көңілін қимай, шығуға келістім. Бірақ сол күні шыққанымды ешқашан ұмытпаспын... Өйткені сол күні жүрегіме өшпес жара салған жанды кездестірдім...Оқиғаның қалай болғанын басынан бастап баяндайын... Мен, Балнұр және Сая үшеуіміз жатақханаға жақын маңдағы аллейкаға қыдырып шықтық. Сөйтіп бір орындыққа келіп отырдық. Бізге қарама қарсы орындықта бір 3 жігіт отырды. Кішкене уақыттан соң олар біздің жанымызға келіп, таныса бастады. Арамыздағы әзілқойы Балнұр болатын. біздің әңгімеміз жарасып кетті. маған олардың ішіндегі Азамат деген бала ұнап қалды. олар біздің телефон нөмерлерімізді алды. Содан соң біз Азамат екеуіміз жақсы сөйлесіп кеттік. Біз бірнеше рет кездескеннен кейін, ол маған жүруді ұсынды. мен келісімімді білдірдім.Содан бастап менің бақытты күндерім басталып кетті. Ол дәл менің ойымдағы жігіт болатын. Мінезі көңілді, менің көңілімді көтеріп жүретін, сәл ашулансам өзінің сүйкімді қылықтарымен бәрін ұмыттырып жіберетін. Екеуміз жиі саябаққа баратынбыз, кинотеатрларға барып уақытымыздың қалай өткенін байқамай қалатынбыз. Кейін бәрі тез өзгере бастады, одан күмандана бастадым. Оның сылтаулары көбейіп, маған таныс емес достарымен жиі кездесіп қыдыра бастады. Оған звондасам ылғи жауап бермейді, жауап бергеннің өзінде қолының бос емес екенін айтып, кейін өзім хабарласамын деп, хабарласпай кететін. Мүмкін бір қиындықтар пайда болған шығар деп сұрасам "саған оның керегі не? деп дөрекі жауап қайтаратын. Мен оны қатты сүйгендіктен барлық дөрекі сөздерімен, жағымсыз қылықтарына еріксіз шыдадым. Бірақ оның неге осылай жаман жағына өзгеріп кеткенін түсінбедім...Екеуміздің арамызда бәрі де тамаша болатын, әлде оған қатты ғашық болғандықтан ба, оның ондай мінезі бар екенін байқамаппын......
Кіріспе Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы бұрын соңды болып көрмеген деңгейге жетті. Экономика - тәуелсіздіктің діңгегі, экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егеменді ел де бола алмаймыз. «Алдымен экономика, сосын саясат» айдарымен алысты көздеген Президенттің стратегиялық тұжырымдамасы дүниеге келді. Оны орындау мақсатында тиянақты іс-шаралар жүзеге асырыла бастады. Осы мақсатпен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президенттің заңдық күші бар 140-тан астам Жарлығы жарияланды. Олар экономика саласында реформалардың елімізде екпінді жүруіне негіз салды. Реформалардың заман талабына сәйкес нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырды. Нәтижесінде алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықтық. Қазақстан реформаларды табандылықпен жүргізіп жатқан ел екенін шетел басшылары мен мамандары айта бастады. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсартуға арналған "Қазақстан–2030" Стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев атап өткенiндей, республика дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады [1]. Осы Стратегияда айқындалғандай, біздің елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың әлеуметтік бетбұрыс алуы, оны Елбасы Стратегиялық басым бағыттардың бірі деп белгілеуі, аталмыш саланың әлі бірнеше онжылдықтар бойы өзектілігін жоймайтын ғылыми-зерттеу объектісі болатындығының айқын көрсеткіші. Ал, оның жүзеге асу барысы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болып қалануынан көрінеді де, басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы – әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз деп ой-тұжырым жасауға болады. Бүгінгі Қазақстан мемлекеттің әлемдік қауымдастықта дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Жаңа әлемдік шарттар мен жаңа ғасырдың алғашқы жылдарындағы жетістіктеріміз мол. Міне, осы ерекшеліктерді айқындай келе, еліміздің қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптауды міндет етіп қойып отырмыз. Дүниежүзі елдері танып, экономикалық даму қарқыны жағынан алғашқы орындарда тұрғандығын мойындап отырған тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихын қайта ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге және маңызға ие. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық тарихын зерттеп, оған баға беру өзекті мәселелердің бірі екендігі даусыз. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының эволюциясы мен басым бағыттары болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның 1991-2011жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы тақырыбына қалам тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады: Бірінші топта, үкіметтің жоғарғы қызмет орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан 2030», «Тәуелсіздік белестері», «В потоке истории», «Сындарлы он жыл» деп аталатын шығармаларын ерекше атап өткен жөн....