Татьяна Кучер

Татьяна Кучер – математика пәні кітаптарының авторы
Татьяна Павловна К.Д. Ушинский атындағы Петропавл мемлекеттік педагогикалық институтында физика-математика мамандығы бойынша білім алған.

1982 жылдан бері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Бастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасында қызмет істеуде.

Татьяна Павловна 1994-2001 жылдар аралығында шағын мектептердің ұстаздарын даярлауға атсалысты. Ол математика пәні бойынша 5-12 сыныптарға арналған оқулықтардың авторы. Осы оқулықтарды пайдалана отырып, алғаш рет республика бойынша өткен 12 жылдық оқу жүйесін енгізу сынағына қатысты. 2009 жылы ҚР бойынша жалпы білім беру мектептерінің 2-6 сыныптарына арналған математика пәні оқулығы мен бағдарламасының авторы атанды. 2013 жылы Татьянаға «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атағы берілді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Рашбиль Евдаев

Рашбиль Евдаев - кәсіпкер, меценат

Рашбиль Илхананұлы 1955 жылы Әзербайжанда дүниеге келіп, онда 15 жасқа дейін тұрды. Кейін ата-анасымен бірге Баку қаласына көшіп барып, еңбек жолын етікшінің көмекшісі ретінде бастайды. Екі жылда етікшілікті әбден меңгеріп алады. 1977 жылы Калининград облысында Кеңес әскері қатарында болып келген соң, Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев ауданына көшіп барады. Жергілікті тұрмыстық қызмет көрсету комбинатына аяқ киім жасау шебері болып орналасып, кейін цех басшысы атанды.

1979 жылдан бастап Есіл ауданында «Явленский» аяқ киім цехын басқарды. 3 жыл жұмыс істегеннен кейін ол аудандық зауыт директорына дейін көтерілді. 1994 жылдан бастап, Рашбиль Илхананұлы Петропавл қаласына аяқ киім зауытының директоры лауазымына ауыстырылды. Осылайша, ол жиған-терген тәжірибесі арқасында жеке кәсіпкерлікпен шұғылдана бастады. Ол бүгінде өз ісінің нағыз маманы ретінде табысты кәсіпкер, меценат атанып отыр. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық