Александр Пупенко

Көкпардан Қазақстан құрамасының ойыншысы, Азия ойындарының, әлем чемпионатының чемпионы Александр Пупенконы білетіндер аз.

Ол Астана қаласының маңындағы Үшхоз ауылында дүниеге келген. Бала кезінен жылқыға жаны құмар Александр ауылдағы «Құлагер» ат спорт клубына барып, атпен шабуды үйреніп, 9 жасында көпшілік алдына шығып, өнер көрсете бастайды. Ал 14 жасында көкпармен кәсіби түрде шұғылданады.

16 жасқа келгенде Астана сапына алынып, жарыстарға шыққан. Қазақстанның жастар чемпионатында Пупенконың командасы қола жүлдеге қол жеткізеді. Бір жыл өткен соң, астаналық өрендер күміс алса, тіпті бір жылды араға салып, чемпион атанған. Ал Александр Пупенко 44 салым салып, үздік сұрмерген болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Болат Сұлтанқұлов

Болат Сұлтанқұлов - генетик кәсіпкер, Болашақ бағдарламасының түлегі

Болат Сұлтанқұлов Ноттингем университетін «Генетика облысы ғылымдарының бакалавры» мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы кәсіби қызметін Республикалық Микроағзалар Коллекциясында (кіші ғылыми қызметкер) бастаған, сондай-ақ Ұлттық Биотехнология орталығында, Назарбаев Университетінде жұмыс істеген.

2014 жылы әріптестері Бауыржан Айтуов және Әділбек Жолдаспен бірге диагностика саласындағы стартап бойынша полимеразды тізбекті реакция балама әдісін қолдана отырып жұмыс істеген. Сол жылы регенерациялық технологиялар саласындағы әзірлемелермен айналысатын «Жасуша терапиясы» ЖШС негізін қалаған, сондай-ақ бағаналық жасушадан бөлінетін өсу факторлары негізінде теріні қалпына келтіретін сарысу жасайтын "Pomme de vie" ЖШС компаниясының негізін қалағандардың бірі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Арман Сулейменов

Арман Сулейменов - Zero To One Labs және nFactorial Incubator компаниясының бас директоры әрі негізін қалаушы
Арман 20 аса мобильді өнімнің авторы. Ал, nFactorial Incubator аясында екі жылдың ішінде 100 жуық мобильді өнім жасап шығарған. Ол Пердью университетінде «Информатика» мамандығын меңгерген. Ал, магистратураны Принстон университетінде оқыды.
Арман ACM ICPC жүйесін бағдарламалау бойынша 2009 жылы әлем чемпионтанда (Стокгольм, Швеция) және 2011 жылы АҚШ-тың Орландо қаласында өткен әлемдік додада финалист болды.
Марапаттары....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Анатолий Добровольцев

Анатолий Добровольцев Астанада жақсы лауазымдағы жұмысын тастап, туған жеріне бизнес құруға аттанды.

Дауншифтер бал арасын өсіре бастады, қазір бүкіл аймақты балмен қамтамасыз етеді. Омарташы Анатолий барлық қонақтарды шайға шақырып, өзі өндірген балдан дәм татуды ұсынады. Омарташы үшін ашық ауада шай ішу – үйреншікті іс.
Оның күні бұрын тек офисте өтетін. Күн сайынғы келіссөздерді, жоғары лауазымы мен ресми костюмдерін ол өзінің ежелгі арманына айырбастады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық