«Өлмек парыз, - деп айтар, - тумақ сүндет», «Мойынға ораза, намаз, - дейді, - міндет». Алымдар орындауды мәжбүр етер, Адамға Мұхамбетке болған үмбет. Егер де намаз палуан....
Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр, Қабағы шаруалардың болды салбыр. Қысты күні болғанда қар тынбады, Айуанға өлім жетті аштан әрбір. Қоян жылы заманның тары болды, Көктен қуған....
Ескі мырза, манаптар, бегі, салы, Балық жыл бастарыңа не күн салды ? Мінуге атын ерттеп ерінгендер, Қарайып аяқ - қолы егін салды. Екі салқын уақытта мал....
Бір қалаға қоныпты ұшып келіп, Топтана сексен сегіз қараша үйрек, Төртеуден бөлініпті бір сегізі, Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек, Болған соң бес адамның күзетшісі, Жайылды көк шалғында кейде өрістеп. Есепшот
Айнала қарағайдан тұр терегі, Адамға ақыл қосса бар керегі. Ол өзі он өзекті жайлап өткен, Сексен сегіз келеді дөңгелегі. Есепшот
Қазақстан 2030 жылға қарай әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге ниетті.
Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммункациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
"Болашақта Қазақстан көмірсутегін өндіру көлемін одан әрі арттырады деп күтілуде. Бұл ретте Қазақстан өндірістің шыңына әлі шыға қоймаған аздаған елдердің бірі. Біздің болжауымызша, 2030 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіру деңгейін 110 млн тоннадан асыруы мүмкін, бұл болашақта әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге жол ашады", - деп мәлімдеді Қарабалин.
Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындары базалық жоба ретінде қарастырылады. Министр атап өткендей, елдің мұнай-газ саласына 60 млрд АҚШ доллары тартылған.
"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына 160 млрд АҚШ долларынан астам қаржы тартылса, оның 60 млрд-қа жуығы мұнай-газ саласына тиесілі", - деп түсіндірді ол.
Тек соңғы 5 жылдың ішінде мұнай-газ саласына 20 млрд долларға жуық қаржы инвестицияланған.