Құлақ ауруынан оңай айығыңыз

✅ Құлық табиғи антисептиктің қызметін атқарады. Есінеу, тамақ шайнау кезінде құлық арқылы құлақ бөліктеріндегі өлі эпителий ұлпасы сыртқа шығады. Ал құлықтың шамадан тыс жиналуы салдарынан құлақтың есту қабілеті төмендейді, құлақ ауруы, бас ауруы, тіпті бас айналуы да мүмкін. Сондықтан құлақты уақытылы тазалап тұру керек.

✅ Ал құлақ ауруынан оңай арылу үшін төмендегі емді жасауға болады.
Бірдей мөлшерде алма сіркесуы мен спиртті араластырып, ауырған құлаққа 3 тамшы тамызыңыз. Құлақтың сырғалығын ақырын қозғап, дәрінің құлақ қабырғаларына толықтай жетуіне жағдай жасаңыз. 1 минуттан кейін дәрі тамызған құлағыңыз жаққа сәл қисайсаңыз, құлық ағып шығады.

✅ Сіркесуы құлақ бөліктерінде жиналған құлықты тазартып, сондай-ақ бактерияларды жояды. Ал спирт құрғатады. Десе де, құлақ ауыра қалса, міндетті түрде құлақ дәрігеріне жүгіну қажеттігін ұмытпаңыз.......
Кеңестер
Толық

Тырнақ күтімі туралы кеңестер

Қазіргі таңда тырнақ күтімі маңызды рөл атқарып келеді. Қыздардың көпшілігі сұлулық салонына барып, қаражат пен уақытын сарп етуде. Сол себепті үй жағдайында қалай күтім жасау керектігі туралы бірнеше кеңес бергім келеді.

1 Қолыңызды жібіту үшін түймедағы тұнбасы қосылған немесе ас содасы бар жылы суға 15-20 мин қолыңызды салыңыз.

2 Егер тырнағыңыз желініп кетсе, онда тырнағыңызды жылы тұздық суда 10-15 мин ұстаңыз немесе йод жағыңыз.

3 Аптасына 1-2 рет өсімдік немесе зәйтүн майын жағып, маска жасаңыз.

4 Егеуіштің пластиктен және жұмсақ болғаны абзал.......
Кеңестер
Толық

Ерлі зайыптылардың миына 10 минуттық саяхат

Ерлі-зайыптылар жұмыстан қайтқанда екеуі екі түрлі ойланып келеді. Ер адам шаршап келе жатқандықтан, миы жай істеп тұрады да, 10 минутта бірнеше нәрсені ғана ойлай алады. Әйел адам да шаршап келе жатады. Бірақ, оның миы белсенді жұмыс жасайды. Сенбесеңіздер, әйелі мен күйеуінің миына 10 минутқа саяхаттап қайтайық.

Ер адам:

- Әйелім дәмді тағам әзірлеп қойса екен. Қарнымның ашқаны-ай...

- Дүкеннен не аламын?

- Жақсылап ұйқыны қандыру керек болды. Қатты шаршадым... ......
Кеңестер
Толық

СІЗ САҒАТ ҚАНШАДА ТУЫЛДЫҢЫЗ

✅ Сағат 24.00 мен 2.00 арасында әр нәрсені білуге құмар және ынталы жандар дүниеге келеді.

✅ Сағат 2.00 мен 4.00 арасында әр нәрсені керегіне жаратып, жұмысқа шын ықыласымен кірісетін адамдар туылады.

✅ Сағат 4.00 мен 6.00 арасында тік мінезді, әрдайым тәртіпке бағынатын адамдар туылады.

✅ Сағат 6.00 мен 8.00-де туылған адамдардың жан дүниесі өте сезімтал, арманшыл келеді.......
Кеңестер
Толық

Қыз балаға мұсылманша аттар

А
Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған.
Азиза — күшті, бағалы, қымбат, сүйкімді.
Ажар – жақсы, әдемі, бірегей. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жары, Исмаил пайғамбардың анасы, Зәм-зәм суы берілген ардақты әйел.Аиша (араб.) — тірі, өмір сүруші. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбардың сүйікті әйелінің есімі.
Әлия (араб.) — асқақ, көрнекті.
Әмина — сенімді, адал. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасының есімі.
Амира — бұйрық беруші, ханшайым.
Аниса — жақын дос, жылы шырайлы, жайдары, жарқын.
Асма — биік, ұлы. Аиша анамыздың (оған Алла разы болсын) сіңілсі, Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) екінші қызы. Өз заманында ақылдылығымен, жомарттығымен танылған жүз жасаған сахаба әйел.......
Кеңестер
Толық

Бала болмысын бұзатын 10 сөз

Бала тәрбиесіне басты жауапкер мына біздер, ата-аналар көбіне-көп ойланбай сөйлеп, осынымыз үшін болашақта опық жейтінімізді ұмытып жатамыз. Өйткені, сөз – тәрбие негізі. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Кез келген ата-ана баласына мақтауын да, даттауын да сөзімен білдіреді.

Бала тәрбиесінің бұзылуы жаман сөздерді қолданудан туындайтыны мәлім. Өйткені, бала психологиясы жаңа көктеген жас талдай жағымсыз әсерлерден тез жараланғыш келеді. Сондай-ақ, бала шақтағы естеліктер адам өмірінің қай арнада өрбитініне, оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететінін әлем ғалымдар да дәлелдеп отыр.......
Кеңестер
Толық

Артық май жиналу себептері

Іштегі қабаттанған май әйел адамның сыртқы пішініне зиян келтірмейді. Бұл – қалыпты жағдай. Оның себебін түсіндіреміз. Егер белгілі бір себептермен іштегі майдан арылғыңыз келсе, сіздерге мынадай кеңес береміз.

Әйелдердің 90%-ы майды қарнына, беліне жинайды. Әйел ағзасының бір ерекшелігі табиғатынан сондай. Оның бір пайдасы жүкті болған кезде құрсақты сыртқы күштерден немесе суықтан қорғайды. Демек, майдан қорқудың қажеті жоқ.

Майдан арыламын деген қыздар ең алдымен ағзасына мән бергені жөн, жиі күш жұмсап, дұрыс тамақтануы керек. Күш жұмсау дегеніміз – жиі жаттығу жасау. Бұның бәрі ниетке байланысты: егер қыздар май орнына текшелер шығарғысы келсе немесе майдан толық арылғысы келсе, жаттығуды жиі әрі көп жасауы тиіс. Майдан толық арылғым келеді дегендері бимен (әсіресе шығыс биімен), жеңіл жаттығулармен шұғылданса болады, ал егер кішкене текшелер шығарғысы келсе, жаттығу залынан шықпай, көп тер төгуі тиіс.......
Кеңестер
Толық

Анар жемісінің 10 қасиеті

Анар жемісінің қаншалықты дәмді екенін көпшілік білетін шығар. Алайда оның бұл қасиетінен өзге денсаулыққа пайдасы да бар. Оның шырынан алу үшін 1 анар, көлемі 30х30 сантиметр болатын 4 қабатталған дәке және 15 минут қажет.

✅ 1. Жасарту қасиеті бар. Бос радикалдарды жоғалту мәселесінде анар бірінші орынға ие болады. Оның құрамында көптеген антиоксиданттар бар.

✅ 2. Бүйрекке пайдалы. Оны түрлі токсиннен қорғайды.

✅ 3. Бауырды қорғап, қайта қалпына келтіреді. Аталған ағзаның өлі жасушаларын қайта тірілтеді.......
Кеңестер
Толық

Ангинадан тез айығудың жолы

✅ Күн суыта көпшілігіміз баспаның (ангина) зардабын аз көрмейміз. Тамақты «тырнап», жаныңды жейтін бұл аурудан қалай айығуға болады? Әрине, баспаны емдеудің жолы көп. Тек нәтижелісі аз. Көптің көңілінен шыққан, әрі айтарлықтай шығынды қажет етпейтін қарапайым емдеу тәсілдерінің біреуіне назар аударыңыз.

✅ Ол үшін 1 лимон мен бал керек. Егер бал болмаса, оның орнына қоңыр қантты қолдануыңызға болады. Лимонды бөліктерге бөліп, үстіне бал жағып (немесе қант сеуіп), қабығымен қоса жеңіз. Тамағыңыздың ауырғанына 1-2 күн ғана болса, оны емдеу үшін 1 лимон да жеткілікті......
Кеңестер
Толық

ҚАМЫР ИЛЕУ ҚҰПИЯСЫ

Қамыр илей алу — аспаздық қасиеттің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.

Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры — ұнды елеп салу. Електен өткізу арасында ұнтағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі.

Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз.

Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзақ сақталып, қатпайды ......
Кеңестер
Толық