№ 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: № 56-сабақ. Тұрлаусыз мүшелер
Оқу мақсаты: 3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады
-үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдалана отырып, мысалдар келтіре алады.
-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады;
-сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық