Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі

Бүгін Үкімет отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы мақұлданды.

Аталған құжатты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Оның айтуынша, салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасында мөлшерлемелерді көтеру көзделген.

Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік салығы; жер салығы; қозғалтқыштарының көлемі 3000-нан бастап 4000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін көлік құралдарының салығы; 2015 жылдан бастап темекіге акциздер; 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциздер салығы артатын болады.

"Сонымен қатар салықтық әкімшілеуді және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнес ахуалды арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер дайындалды", - деді Е.Досаев

Жаңалықтар
Толық

Егер полиция сіздің құқық бұзушылық туралы өтінішіңізді қабылдаудан бас тартса не істеу керек?

Сіздің үйіңіздің кіреберісіне үнемі кіріп жүретін «нашақорға» болмаса өзінің музыкасымен Сіздің еркін демалуыңызға кедергі келтіретін көршіңізге арызданғыңыз келді. Сіз полицияға арызыңызбен келгенде, олар оны қарағысы келмеді. Бұл жағдайда не істеу керек?

Қылмыстық іздестіру органдары, оның ішінде полиция да кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс (заң бұзушылық) жайындағы хабарламаны немесе арызды қабылдап, тіркеп және қарастыруға міндетті. Яғни....
Заңдық кеңестер
Толық

Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде өтінім береді

Бүгін Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім береді.
фото с сайта gde.kg
фото с сайта gde.kg

Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

"Кеше Президенттің тапсырмасымен Алматы қаласы әкімдігі және Олимпиада комитетімен бірге алқашқы кеңес өткізілді. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім беру туралы шешім қабылданды", - деді Е.Қожағапанов.

Сонымен бірге Алматы, ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұған толығымен дайын, нысандардың басым бөлігі Азия ойындары қарсаңында салынып, мақұлданды.

"Бірнеше спорттық нысандар салсақ жеткілікті, ал жөндеуді қажет ететін нысандарға 2022 жылға қарай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көліктік логистика дайын", - деп атап өтті Е.Қожағапанов.

Агенттік төрағасы атап өткендей, Олимпиада өткізуге қажетті барлық спорттық нысандар Алматыда орналасады. "Ресми өтінім бүгін беріледі", - деді ол.

Жаңалықтар
Толық