Арай ЖҰМАТАЙ | Өнермен өрілген өмір

Жақында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Кескіндеме және мүсін», «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен жазушы, ғалым Жұмабай Қайрамбайдың «Өнермен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға Байтұрсын Есжанұлы, Тұрдақын Жексенбай, Керімбай Қыстаубаев, Аман Құлбаев, Бауыржан Байділда сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.


Жиын барысында автор аталған еңбекті жазудағы басты мақсатына тоқталды. Кітаптың жарық көруіне белгілі суретші, кескіндемеші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, профессор, Қырғыз Ұлттық Көркемсурет Академиясының академигі Жұмақын Қайрамбаевтың өмірі мен өнері арқау болған. Кітаптың бас кейіпкері Италиядағы ірі сурет көрмесінде өз туындысын таныстырғанда, шетелдік суретшілер қазақ халқында мұндай өнер мүлде болмаған деп таңданысын білдіріпті. Сонда суретші мүдірместен ата-бабаларымыздың ерте ғасырдан-ақ тасқа қашап сурет салғандығын айтқан. Осы оқиғаны тілге тиек еткен Жұмабай Қайрамбай: «Қазақ ертеден өнерлі халық. Кітапта кескіндеме, сурет өнерінің қыр-сырына үңілдім. Оқырмандар, жастар осы өнерге қызығып, дамытамыз десе, құба-құп», – деді. Кескіндеме өнерінің кеңінен танылуына үлес қосқан суретшінің көркем шығармалары еліміздің мұражайларымен қатар, шетел қорларында да сақтаулы.


Іс-шараның екінші бөлімінде «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Тұрдақын Жексенбай: «Жұмақынның тілі жеңіл, сөз байлығы мол. Əрбір жастың ой-өрісін көркем əдебиет жетілдіреді. Ал қолымыздағы кітап қазақтың кесіндеме өнерін насихаттап қана қоймайды. Сондай-ақ, өрелі өнерді өнегелі сөзбен жеткізетіндігін» айтып, жинақтың тұсауын кесті.
Жиын соңында ақын Маралтай Райымбек жыр оқып, əнші Рамазан Стамғазиев «Екі жиренді» нақышына келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді.

.....
Әңгімелер
Толық

Ел іші өнер кеніші




Ел іші – өнер кеніші

Кез келген ұлттың өзіндік кескін – келбеті мен болмыс – бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті десек, өнер сол мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әсіресе, қазақ халқының сонау ықылым заманнан келе жатқан салт – дәстүрі, әдет- ғұрпы, мәдениеті мен бар болмысы өнермен байланысты. Сондықтан өнердің қай түрі болмасын ата- бабамыздан қалған асыл мұрамыз, таусылмас қазынамыз екені даусыз.

Халқымыз ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ өнері тек қана алға жылжып, дамып келеді. Қазақ халқы басынан не өткермеді? Тарихқа бір сәт үңілер болсақ, көшпеліліктен бастау алатын қазақ халқы сан түрлі соғыстарды, кең байтақ жерімізге көз тіккен жаулардың шабуылдарын бастарынан өткеріп, Ресей патшалығының отарлау саясатын да өткере білді. Қиын- қыстау күн туғанда, тілінен де, дінінен де айырылу қаупі төнген шақта ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу жолында халқымыз көп күресті. Соның нәтижесінде, міне, егемендігімізге қол жеткізіп, өнерімізді дамытып келеміз. Өнер біткеннің қайнар көзі халық шығармашылығында жататыны мәлім. Әр талапкер өзінің туған топырағындағы дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен жаяды.

Өнер салаларының өсу жолында талай тамаша талаптар бой көтеріп, өркен жайған. Қызының да, ұлының да өнерге деген талабына сүйсініп, табыстарын тамашалап, шабыстарына шаттанып, жүзден озған жүйрігін жүдетпеуге, жібекті жүн, алтынды мыс етпеуге тырысып баққан. Ұлдан ардагер азамат, қыздан ақылына көркі сай асқан аруды мәпелеп, өнерге баулып өсірген. Данышпан Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең,өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде «бесік жырымен» әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде «жоқтау» айтып шығарып саламыз. Қадым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жастарының тойы да «жар-жар», «беташармен» өтетіні ата- баба салтына адалдықтың, өнерге деген махаббаттың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың атақты ғалымдарының бірі Г.Потаниннің «Маған бүкіл даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек. Ән бесігінде тербетіліп өскен ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Әсет,Нартай сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Осындай суырып салма ақындардың бірі, халық композиторы әрі әнші Құлтума Өтемісұлы өзінің туып өсіп, кіндік қаны тамған Ақмола өңірінде ғана емес, Ақтөбе, Сыр елінде, Орынбор, Қызылжар, Кереку қалаларында да өнер көрсетіп, халқының еркесіне айналған. Өнер адамдарының барлығы да шабыт құшағында отырғанда қуатты келетіні анық. Құлтуманың шабытқа берілетіні сонша, айтқанда шиыршық атқан тұлпардай, тіпті, бір орнында отыра алмайтын болған. Халық ақыны Мұзафар Әлімбаевтың Құлтума жөніндегі мына өлеңі ақынның шабыт тұлпарының үстінде отырған кезеңін дәл бергендей:

Құландай құйқылжыған құйын ақын,

Құлтума – жүйрік ақын, қиын ақын.

Төбесі көрінгеннен құдіреттінің,

Халайық қаптай дүмек жиылатын.

Ал, өзінің мына жыр жолдары дүлдүл ақынның рухының биік, сөз саптасының асқақ , бейнелі екенінің айқын дәлелі:

Аузынан лебіз бұрқылда,

Қаламдай біткен он саусақ,

Дөңгеленген он тырнақ

Сан алтындай жылтылда...

Мен – өр Алтайдың өрені

Атақты жүйрік Құлтума...

Оқып отырсақ, ақынның өзін көріп, өзін тыңдамасақ та, өлеңнен тараған күш- қуат, екпіннің күштілігі бірден сезіледі. Құлтума Өтемісұлының әнші – композиторлығы жөнінде қазақ музыка өнерінің асқан білгірі академик Ахмет Жұбанов: «Құлтума әндерінің ішіндегі бір шарықтау шегу, биігі, шыңы «Үш көтерме», әнде үлкен рухани күш бар. Онда лирикамен қатар бір драмалық элемент те бар сияқты. Өрлеп басталған күш көпке дейін әлсіремейді, қайта үдей түседі» деп өте жоғары баға берген. Рас, оның барлық өлеңдерінен осындай сарынды сезінуге болады. Әнші – сазгер ақындардың ішінде тек Құлтума Өтемісұлы ғана емес, Үкілі Ыбырай, Арыстанбай Тобылбайұлы сынды сол кездің хас шеберлерінің де өлеңдерінің екпіні күшті екенін атап өткеніміз дұрыс. Олардың туындылары қазақ ән өнерінің қайталанбас бөлшегі болып табылады. Қазақ өнерін бағалай білетін, оның дамып, өркендеуіне атсалысып жүрген әнші – сазгер аталарымызды біз құрметтеп, әндері әуелетіп, шырқай беруіміз керек. Талай сыннан сүрінбей өткен қазақ әндерін қазіргі жастар жоғалтып алсақ, ол бізге ғана емес, бүкіл халқымызға үлкен сын. Халық әндерінің айнымас бөлігіне айналған әнші- сазгер ақындардың әнін сезіне білмейтін, түпкі мағынасына үңіле алмайтын жастардың көзқарасын, өнерге деген ойларын өзгерту тез қарқынмен жүрсе нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, бізден кейін де келетін ұрпақ бар. Өзіміздің әрі келер ұрпақтың рухани байлығын арттырып, жан азығын толықтыруда қазақ ән өнерінің алар орны зор екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн.

.....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Жалпы театр өнері мен қазақ театры

Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген. Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта тіршілік белгісін бастап, тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, ауыр азап ішінде туады. Олай болса, әрбір өнердің иесі болған ел сол өнерді туғызып өсірген анасы есебінде. Әрбір өнер өзінің туып-өсу жолында, анайы топырағы сияқты болған еліне міндетті. Ел тіршілігінің өткен күні сол өнердің бойы өсуіне қажет болған шарттың барлығын берген болады. Сондықтан елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезінде, өз елінің әдет-салтын, ұғым-нанымын, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. Бұл хәлден тысқары жолмен өскен ешбір ел жоқ. Қай өнерді алсақ та әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды.

Бүгінгі күнде қазақ елі бір туыстың үстіне жетіпті. Қазақтың театры туатын мезгіл болды деген пікірге келіппіз. «Өзімізден бірдеме жасалса екен», — деген тілекті де тілейтін болдық. Сондықтан біз жаңағы айтылған жалпы сөзді екі салаға бөліп, соның екі тарауына да ойланып қарап, көз салуымыз керек. .....
Әңгімелер
Толық

Өнер өрге сүйрейді

Ерте заманда бір шалдың Артықәлі деген жалғыз ұлы болыпты. Көшпелі тіршілікте кедейшілік өмір кешсе де, ақылды шал баласын талапты етіп тәрбиелепті. Олар күн-көріс үшін құмда өскен сексеуілдерді отындыққа шауып, базарға әкеп сатады екен.
Жасы он екіге толған Артықәлі бір күні әкесіне оқу оқығысы келетінін айтады. Шал біраз ойланып, ақырында, баласын қалаға оқуға жіберуге бекінеді. Сексеуіл сатудан түскен қаржыны ұлының қалтасына салып:
— Балам, талабың оң болсын! «Ізденген жетер мұратқа» деген, алдыңнан жарылқасын! Аман-сау бол, құлыным! – деп маңдайынан сүйіп шығарып салады......
Ертегілер
Толық

Өнерпаз Патшайым

Ерте, ерте, ертеде, бір хан болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сөйтіп, ол әрбір қаланы аралап шығыпты. Бірақ, өзіне лайықты қыз таба алмапты. Оның арманындағы қыз өте ақылды, өнерлі болған.......
Ертегілер
Толық

Жеті өнерпаз

Баяғыда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның жалғыз ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым деген қызы бар екен. Қыздың сұлулығына қараған адам есінен танып қалады екен.
Күндердің күнінде Қаншайым қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде, Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз төменде шулап қала береді. Жылап-сықтап, кешке үйлеріне оралады.
Бірнеше күнге дейін олар ханға болған жайды айта алмай қатты қиналады. Ел-жұрты жиналып, ақылдасып, сол арадағы бір дана қарияны хан алдына жібереді. Болған оқиғаны естіген хан есінен......
Ертегілер
Толық

Ғылманның өнері

Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әртүрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен. Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып:

— Бұл Ғылман өте ақылды және өнері де көп адам екен. Осыны уәзір етсек қайтеді? – дейді. Уәзір патшадан бұл сөзді есіткен соң: «Ғылман уәзір болса, бізді орнымыздан түсірер», – деген ойға келеді де:

— Ей, патшам! Бұл Ғылманнан мен қорқамын, өйткені басқа адамдар істей алмаған нәрселерді бұл істей алады. Сондықтан бір күні сізді де, бізді де өлтіріп, өзі патша болып алар деп қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Өнердің күші

Бұрынғы өткен заманда Хасен деген патшаның жалғыз ұлы болыпты. Баласы Ыдырыс ел аралап жүріп, Сәтбай деген бір диқанның сұлу қызына ғашық болған екен. Қыздың аты Дүрия екен. Бір күні Ыдырыс қыздың әкесіне сөз салып, кісі жіберіпті. Сәтбай:

— Қызым барса да, бармаса да өзі біледі депті.

Сонан соң Ыдырыс Сәтбай қарттың үйіне өзі келіп, Дүрия қызға өзінің ойын айтыпты. Сонда Дүрия:

— Сен болсаң патшаның ұлысың, мен......
Ертегілер
Толық

Тарих | Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр......
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ.....
Рефераттар
Толық