Әдебиет | Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Поэзиясын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық синтаксистің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, өлеңдеріне шолу жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, алты тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орны өте үлкен және өзгеше. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында – ақ әдебиет табылдырығын аттаған жас ақын Ілияс Жансүгіров коммунист жазушы Сәкен Сейфуллин бастаған жаңа әдебиет туының астында Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтармен бірге сол әдебиеттің іргесін көтерісіп, қабырғасын қаласты. Бұл тұста ол өзінің өрен талантының қырларын ашып, үздік көзге түсті.
Сәкен мен Бейімбет сықылды тырнақ алды өлеңдерін Ілияс та революция қарсаңында жазыпты. Бірақ олары жарқ көрмей, дәптер жүзінде қалып қойған.
Ілияс Жансүгіровтың сауатын ашып, жазушы ретінде жарқырап танылған кезі – совет дәуірі. Өзге совет жазушылары секілді Ілияс та революция оятқан еңбекші халық ортасынан шығып, әдебиетке Совет өкіметі ашқан даңғыл жолмен келген жас талапкер болатын. Әрине бұл жолға да әркім өз соқпағымен, өз ерекшелігімен шықты. Біреу жарқын коммунистік идеясы мен партиялық билетін көкірегінде сақтап, жаулардың улы тырнағынан, өлім вагонынан шығып келді, ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бейнелеу өнері | Бейнелеу өнері сабағында пейзажды оқыту

Адамның табиғатқа деген махаббаты әрине шексіз.
Қылқалам шеберлері, ақын – сазгерлер, әншілер әрқашанда табиғатқа деген сезімдерін өлең, ән, сурет, мүсін және би арқылы жеткізуге тырысқан. Өнер - өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер - өмір көрінісі, ол халық ескерткіші. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең, ұшы – қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол шынайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемділік, сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Өнердің қоғамдық тәрбиелік мәнін жан жақты түсіну үшін – оның әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.
Нағыз суретші ауыл табиғатын жазған сайын, оның Отанға, еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Адамзат өмірінде «өнер» атауы саналылығымен, көркемдік ойлаумен ерекшеленеді. Адамзат өмірінде өнер деген жалпы ұғым болса, ал «көркем өнер» атауы өнерден рухани, эстетикалық көркемдік пен жоғары мәдениетті талап етеді.
Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет етеді. Өнерді бағалаушы да, қолдаушы да, жасаушы да, жоюшы да - халықтың өзі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бейнелеу өнері | Бастауыш сынып оқушыларының суреті – шығармашылық туынды

Кіріспе
Қазіргі заманда бейнелеу өнерін 1-2 сыныптарда оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады.
Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту,затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу. Ал екінші бөлімде сәндік қолданбалы өнер мен сәндік сурет салу және жолақ сызықтардың арасына ою - өрнектер салу жолдары зерттеледі.
Бейнелеу өнерін осы сыныптарда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Қазақ халқының саятшылық өнерінің заманауи жолдарын анықтау

Зерттеу жұмысының өзектілігі: саятшылықтың қазақ халқының тарихындағы, мәдени дамуындағы маңызын айқындау. Саят құстарының жаратылыстағы ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәдени істің бірі ретінде қарау.
Ойлы көзбен қарап, зерделі сөзбен санап көрсең, қазаққа тән жақсы қасиет мол екеніне көз жеткізесің. Бағалай білсек, ондай ұлттық үлгілеріміз
жетіп артылады. Солардың қатарында қазақтың саятшылық дәстүрінің де лайықты орны бар.
Содан да құс салатын азаматтарды аттай қалап, атан түйедей, елдеріне
шақырып қызықты сәттерге куә болып жүргендер қатары толыға түсуде.
Иә, арғы бергі тарихқа көз жіберіп, ой тоқтатсақ,құсбегілер біраз елде болған. Бірақ дәл қазақ секілді қалыбында сақтапқала алмаған. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлтымыздың ұлылығынан шығар,ұлттық үлгілерін ұрпағына сырын кетірмей, сынын бұзбай жеткізіпотырған ғой. Мұның әдібін хаттап қағазға түсірмесе де, көзініңашықтығынан даласындай дархан көңіліне бәрін түймедей түйіп, көкейіне сақтаған түп төркінінде арғы
қазақтың алғырлығы жатыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Каратэ до жекпе жек өнерінде қол және аяқ соққыларын жетілдірудің әдістемелік негіздері

Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Қазақ халқының ершілер өнері

Қазақстан Республикасының 2005-2010ж білім беруді жетілдірудің Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, кәсіптік оқыту мен политехникалық білім беруге көп көңіл бөлініп жатқаны жайлы баяндалған.
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі,олардың қоғамдық танымының дұрыс қалып-тасуына талғымдық педагогикалық тәрбиенің мәні аса зор. Олардың қоршаған ортасын сыйлауына, адамдарға мейіріммен қарауына, адамгершілік қасиеттерді бойларына жинақтауына үлкен тәрбие береді. Туған елімізде жүзеге асырылып жатқан игілікті іс-шаралардың басты ұстанымдарының бірі жаңа заманның болашақ жастарын ұлттық негізде,қадір қасиетін түсінген бабалар мұрасына ыждағаттықпен қарап саналы ұрпақ негізінде тәрбиелеу басты жоба,өзекті мәселе ретінде қаралуда.[1]
Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы,бабалар салған даңғыл жол арқылы өрбіп,өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы. Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын,тағылымын,өнер,білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп,дәстүрлеуде, Бұл жерде өнердің алатын орны айрықша. Себебі,біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың ,өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ПМНО | Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру

Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.
Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазыбек би және қазақ шешендік өнері

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешндік сөздер. Шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік орны бар, беделді Қазыбек бидің есімі ерекше екені даусыз. Қазақ шешендік өнері мен Қазыбек биді, оның өмір сүрген дәуірін суреттеп, соны беттерін ашу жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
- Қазақ шешендік өнері жайлы;
- Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би дәуіріне тоқталу;
- Қазыбек бидің шешендік келбетін танытатын шешендік толғауларына талдау жасай отырып, мәнін түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ шешендік өнерінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер көптеп пайдаланылды. Атап айтсақ, М.Ғабдуллиннің «Халық ауыз әдебиеті», С.Негимовтың «Шешендік өнер», Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» сынды еңбектер қарастырылып, талданды. Қазыбек би жайында айтылған пікірлерге шолулар жасалып, жан – жақты қаралды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Шешендік сөздерді тек қана тарихи тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан қарастырып, зерделеу – бүгіннің талабы. Себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз».
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешендік сөздер. Сөз жоқ, шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір қызығы – қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі «от басы, ошақ қасындағы» даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, кемелділігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.
Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық. Сондықтан да, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтуға талап қойған. Небір әйгілі шешендер, дуалы ауыз билер шаршы топта сыбанып шығып жүйелі сөз бастаудың қиын екендігін ескертіп отырған.
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Тауып айтсаң береке қылады,
Таптай айтсаң келеке қылады (1,87).
Демек, қазақ қоғамында сөзге талап бәрінен де қатал. Оған «сөз шынына тоқтайды пышақ қынына тоқтайды» - дейтін мақал да дәлел бола алады. Ел арасында шешендікке қатысты құланаян Құлмамбеттің айтатын «сөзімнің қыл өтпейді арасынан» дейтін сөзі де кең тараған. Сөз жоқ, сөзге талап қою, шешендіктің сапасын арттырып, қадірін күшейткен. өз тұсында халық әдебиетін зерттеген Х.Досмұхамедұлы да «Шешен қандай болу керек?» деген сауал тастап, оған халық әдебиетінен мынадай мысал келтірген болатын:
Алқада жауап сөйлесе,
Түюлі сөзден аспаса,
Десте-десте сөз жөнін,
Іретімен сәндесе.
Кемелдігін парықтаса,
Билігін алаш мақтаса,
Түмен жауап айтпаса,
Уәдесін сатпаса.
Қалдырып әділ сөздерін,
Көңілінде шанбаса,
Сабырсыз сөзден қатпаса,
Орнына қойып баршасын,
Бір-біріне шатпаса.
Пікірге кәміл жұрт озған –
Би шешеннің іреті... (2, 23).
Сөзсіз, шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Мұхтар Әуезов | Жалпы театр өнері мен қазақ театры

Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген. Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта тіршілік белгісін бастап, тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, ауыр азап ішінде туады. Олай болса, әрбір өнердің иесі болған ел сол өнерді туғызып өсірген анасы есебінде. Әрбір өнер өзінің туып-өсу жолында, анайы топырағы сияқты болған еліне міндетті. Ел тіршілігінің өткен күні сол өнердің бойы өсуіне қажет болған шарттың барлығын берген болады. Сондықтан елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезінде, өз елінің әдет-салтын, ұғым-нанымын, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. Бұл хәлден тысқары жолмен өскен ешбір ел жоқ. Қай өнерді алсақ та әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды.

Бүгінгі күнде қазақ елі бір туыстың үстіне жетіпті. Қазақтың театры туатын мезгіл болды деген пікірге келіппіз. «Өзімізден бірдеме жасалса екен», — деген тілекті де тілейтін болдық. Сондықтан біз жаңағы айтылған жалпы сөзді екі салаға бөліп, соның екі тарауына да ойланып қарап, көз салуымыз керек. .....
Әңгімелер
Толық

Ғылманның өнері

Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әртүрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен. Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып:

— Бұл Ғылман өте ақылды және өнері де көп адам екен. Осыны уәзір етсек қайтеді? – дейді. Уәзір патшадан бұл сөзді есіткен соң: «Ғылман уәзір болса, бізді орнымыздан түсірер», – деген ойға келеді де:

— Ей, патшам! Бұл Ғылманнан мен қорқамын, өйткені басқа адамдар істей алмаған нәрселерді бұл істей алады. Сондықтан бір күні сізді де, бізді де өлтіріп, өзі патша болып алар деп қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық