Нұрболат Абдуллин

Нұрболат Абдуллин Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Ол Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы университетті бітірген. Соңғы жылдар бедерінде Нұрболаттың есімі халық арасында жиі аталатын болды. Оған әртістің “Шалғайдағы оқиға” фильмінде және “Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетілген танымал “Көзайым” телехикаясында ойнауы себеп болды. Телехикаяның екі бірдей маусымында жағымсыз кейіпкер Сұлтанның рөлін ойнаған Нұрболатты көрермендер актерлік қырынан таныды.
Ал, әншілігіне келер болсақ, Нұрболат 2014 жылы Алматыда “Майра” продюсерлік орталығы ұйымдастырған “Күміс көмей, жезтаңдай” байқауында халық әні “Екі жиренді” орындап, бас жүлдені жеңіп алды. 1 миллион теңге оның өнер жолында жеңіп алған алғашқы қомақты жүлдесі болатын. Бір жылдан кейін әнші Бішкек қаласында өткен «Дельбарим» конкурсында «Джип» автокөлігіне ие болды. Абдуллин алдағы уақытта халықаралық дәрежедегі үлкен байқауларда бақ сынағысы келетінін де жасырмайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық