Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ....
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. Кейбіреу тыңдар.....
Мақсаты: 1) Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашу. 2) Балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету. 3) Балаларды табиғаттың әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап. Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын орай таратты. Армысың, алтын Күн, Армысың, аппақ қыс. ІІ. Мақсат қою. «Қыс»өлеңімен таныстыру. III Жаңа сабақ - Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды? - Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Қазір біз ақын ағаларың Абдрахман Асылбековтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. Қандай қызық қыс деген,.....
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол. Қазіргі таңда Мағжан жырлары кеңінен насихатталуда. Мектеп бағдарламасынан да білеміз. Мағжанның “Шолпы” атты өлеңінде қазақ қызының өн бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі – шолпыны өте таза шынайы суреттеуі байқалады. Сондықтан Мағжанның “Шолпы” өлеңін оқи отыра, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім. Зерттеу жұмысының мақсаты: Мағжанның “Шолпы” өлеңі арқылы қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін дәлелдеу; Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеу.....
XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Аталған ұлт зиялылары саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдері арқылы көз жеткізе аламыз. Бұл екі шығарма авторының да негізгі айтар ойы- ұйқыдағы халықты оятып, оларды жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке баулу . М.Дулатов «Оян, қазақ!» өлеңінде: «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, Қарағым, енді жату жарамас-ты.»,-деп, қазағының ешбір ойсыз, харекетсіз «қалғып» жүргенін, сөйтіп бәрінен құр қалғандығын ашына жырлайды. Өмірді босқа өткізбей, өзге елдер тәрізді жарыққа ұмтылуға шақырады. Осы сынды А.Байтұрсынов өзінің «Маса» өлеңінде: «Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қ .....