Журналистика | Қазақ баспасөзіндегі жедел ілгерілеу идеясы

Қазақстан Республикасы – Азия төсіндегі алып мүмкіндіктері, асқар мақсаттары бар, тарихы терең, рухы күшті халықтың ордасы. Тоқсан толғаулы тәуелсіздікті алғаннан бергі уақыт егеменді ел ретінде орнығу, әлемдегі өз орнын иелену, барша халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, «атымыз барда желіп жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен» өтті.
Бүгінгі күнгі мемлекет басындағы азаматтарды, зиялы қауым өкілдерін ойландырып, тың идея, жаңа істерге бастап отырған маңызды мәселелер бар. Оның ең бастысы – мемлекет институтының негізін қалыптастыратын халықты ұйымдастыру, елді жан-жақты дамыту, өркендету болып табылады. Ал, бұл елдік мәселенің оң шешімін таппағы, көздеген мақсатынан адаспауы халық айнасы – бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланысты.
«Газет – халықтың құлағы, көзі, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. ...газет ¬¬–халық даушысы.
«Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар» деген аталы сөз бар. Бұзуға құдіреті жеткен сөздің, түзеуге де құдіреті жетеді. Сөз – қару, мұны бұзуға жұмсасақ бұзады, түзеуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзеуге жұмсап отырған жұрттың өзі де түзелуге бет алғанын көріп отырмыз /1/». Бұл ұлт баспасөзінің көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінде жарияланған ізашар мақаласында айтылған аталы сөз. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, баспасөз, газеттің міндетін Ахмет атамыздан асырып ешкім айта алған жоқ. Олай болса, бүгінде жарық көріп отырған қай басылым болмасын көтерген мәселесі, жазған сөзі халықты түзетуге, ілгерілетуге жұмсалуы тиіс. Сонда ғана қазақ мықты ұлтқа айналмақ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кітапхана ісі | Қазақ баспасөзіндегі кітап проблемасының жазылуы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы елімізде елеулі орын алып, шешімін таппай келе жатқан мәселелер көп. Соның бірі – кітап проблемасы. Бүгінгі күннің кітап ісі жағдайын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақ тіліндегі оқулықтар сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс»,— [1] деп, атап көрсетеді. Бітіру жұмысты жазу барысында, кітап проблемасының бүгінгі мәселелерін жан-жақты ашып, шешу жолдарын нақтылай көрсетіп, етектен тартқан қиындықтардың орнын толтырар ұсыныстарын халық мүддесіне ұсынған, осы тақырыпта қалам тербеген азаматтардың аздығы байқалады. Десек те, еліміздің баспа ісін бұрынғы жеткен биігінен түсіріп алмауға ұмтылып жүрген жанкешті азаматтардың шығармашылыққа деген қажыр-қайратын көреміз. Атақты орыс жазушысы А.С.Пушкин ажал сағаты тақаған кезде кітап сөрелеріне карап: «Қош болыңдар, достар!» деген екен. «Егер мен байысым, тек қана кітап сатып алар едім»,— деп, М.Горкий рухани байлығымыздан, қалта байлығын бірінші орынға қоятын азаматтарға үлкен ой салған.
Қазіргі қоғамда орын алып отырған кітап мәселесі бір күннің ішінде туындаған жағдай емес. Проблема болған, қазір де бар, болашақта да бола бермек. «Әр кітап өз проблемасын ала келеді», деп баспагерлер айтқандай, бұл мәселе сонау кітап деген ұғымның дүниеге келуімен, мәдениеттің ең жоғарғы сатысы баспа кітап өмірге келгеннен бастап қалыптасып келе жатыр. Айырмашылығы, осы уақытқа дейін дами отырып, әр кезеңнің әр түрлі қиыншылықтары мен кедергілеріне ұшырауында. Ал біздің заманымызға өз қиындығымен қатар үлкен жетістігін де ала келген кітап жайлы: «Әсіресе баспа кітап шыққаннан бергі жерде кітаптың әлеуметтік, қоғамдық, рөлі орасан зор дәрежеге жетті. Бұл-- кітаптың жасампаз дүние екендігінің айғағы. Тарих сахнасында мәңгі қалуын күйттеген қажеттіліктен туындаған ұлы жетістіктің көрінісі. Осынау адамзат көкірегін жарып шыққан ұлы идеяның авторы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергке барша халықтың айтар алғысы шексіз»-- деп жазады профессор Ш. Елеукенов [2]. Бұдан түйеріміз, адам дамуымен бірге қосарласып, егіздей жармасып келе жатқан проблема бүгін ғана пайда болмай, әр заманның мәселелерімен ұштасып отырған.
Ал осы мәселені көтермеген қазақ басылымдары кем де кем. «Әр кітабың шыққанда бір балаң өмірге келгендей қуанасың»— деп, «Санат» баспасының директоры, ұстазымыз С. Әбдрайымов айтқандай, әрбір туындап отырған мәселелерге халқымыздың бей-жай карамайтындығын қазақ баспасөз беттерінде жарияланған еңбектерден көреміз. Бұл жұмыстың жазылуын әр адамның жүрегіне сәуле нұрын құюда кездесіп отырған қиыншылықтардан, яғни ішкі қажеттіліктен туындап отырған еңбек деп ойлаймын. «Қазақ баспасөзі – тәуелсіздіктің нәтижесі, ұлттық өр үні мен көкірегіндегі мұңы екені даусыз. Бүгінгі қазақ баспасөзінің бет-бейнесі мен ...
Дипломдық жұмыстар
Толық

АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін....
Махаббат хикаялары
Толық

Спорт

Спорт (фр. desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын......
Рефераттар
Толық

Қазақтың қызы

Ғажаптың бәрі өзінде,
Көзінде сұлу әлемі.
…Әдебі әрбір сөзінде,
Жан емі- оның сәлемі.

Келбеті күнге келіскен,
Нәзіктен нәзік сыр ұққын.
…Бесіктегі әппақ.....
Өлеңдер
Толық

Аптап ыстыққа қалай шыдаймын?

Қыс келсе аяз, ал жаз келсе аптап деп жақтырмайтынымыз бар. Десе де қаһарлы қысқа қарағанда көбіміз жаз мезгілін қалайтынымыз белгілі. Бірақ күн күйіп, желдеткіші жоқ кеңседе отыру мүмкін еместей. Бұл материалымызда күн ыстықта не істеуге болатыны жайлы ақпарат бермекпіз.
Кеңестер
Толық