Әрбір халықтың данышпандары бар. Олардың ұлағатты сөздері бүкіл адамзаттың асыл қазынасы. Филипп Хумберт деген атақты психиатр олардың арасынан онының айтқандарын іріктеп алып, бақытқа жетудің жолы деп қарастырған:
1. Өзіңді таны (Сократ).
2. Қалай болсаң сол қалпыңда көрін не сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта ( Мәулана) .
Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңе құлақ сал да оны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін атсалыспасаң, мәртебең түседі.......
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі-өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.). Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі, жасөспірімнің қылмыстан кейінгі өмірлік жоспарларының құрылуы, тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшелігі және өз өмірінің мән-мағынасын түсіну секілді критерилермен анықталады. Жұмыстың мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу пәні: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары. Зерттеу объектісі: Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы. Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр. Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр.Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.....
Өсімдік - өмір нәрі, өмір сәні. Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі. Өсімдіктер адам өмірімен және жануарлар әлемімен де тығыз байланысты. Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамзатқа тигізетін пайдасы зор. Олардың кейбіреуін тамаққа пайдаланса, енді бір тобын әртүрлі шаруашылықта пайдаланады. Өсімдіктер адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байытады. Өсімдіктер қалалар мен ауылдарды шаң - тозаңнан қорғайды. Яғни, өсімдіктер адам көңіл - күйіне ерекше әсер етеді. Бөлмеге жасыл өсімдік өсірсеңіз, өзіңізді бөлмеде емес, ерекше бір орында отырған сияқты сезінесіз. Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Қоғамдық орындарда, бөлмелерде өсімдік өсірілсе, олардың хош иісі мен сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл - күйін шаттандырады. Адам өсімдіктерді сәндік үшінде өсіріп эстетикалық ләззат алады. Өсімдіктер айналадағы шуды да бәсеңдетеді. Ал шудың адамның жүйке жүйесіне жағымсыз әсер етіп, қан қысымын көтеретіні белгілі. Ағаштар жол жиегіне неғұрлым жиірек орналасса, соғұрлым дыбысты жақсы басады......
Қазіргі таңда топырақтың мұнай көмірсутектерімен ластануы глобалды проблемалардың бірі болып табылады, сол себепті оларды анықтау және де ластанудың алдын алу дүниежүзілік экологтардың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Айта кетерлік қазіргі уақытқа дейін бұл жайында ғалымдардың зерттеулері аз емес, дегенмен хромотографиялық әдіс топырақтың құрамындағы барлық компоненттерді анықтайтын ең нақты әдістердің бірі, ал бұл әдіс жаңа әдістердің бірі болып табылады. Топырақ құрылысының бүлінуі және де құрамының бүліну себептері мұнай көмірсутектерінің топыраққа көп мөлшерде түсуімен тікелей байланысты. Ал мұнай көмірсутектерінің топыраққа түсу себептерінің маңыздыларын қарастыра кетсек: 1) Мұнайдың шығарылуы және оның тасымалдануының өсуі; 2) Мұнай өнімдерінің апаттық және жасырын төгілуі; 3) Бұрғылау арқылы мұнайды алған кезде топырақ құрылысының бүлінуі т. б.; Мұнай көмірсутектерін топырақтың құрамынан анықтау қазіргі таңда алға қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі. Мұнай көмірсутектерін топырақтан анықтау қиын процесс, яғни топырақтың құрамын зерттеу өте қиын процесс екендігін ескермегенде оның құрамына түсетін мұнай көмірсутектері әр түрлі қосылыстан құралған күрделі құрамды әрі күрделі құрылысты болып келетіндігі зерттеу процессін айтарлықтай қиындатады. Сол қиындықтарға қарамастан күрделі кешенді анализдер және қазіргі заманғы жетістіктер топырақтың құрылысын, құрамын тегістей дерлік зерттеуге мүмкіндік береді......
Зерттеу жұмысының бағдарламасы ● Зерттеу тақырыбы: “Туған елдің экономикасы”. ● Еңбек адамы Әзия Қыстаубаеваның қызметі және өмірі ● І. Диагностика кезеңі ● Тақырыптың өзектілігі ● ІІ. Прагностика кезеңі ● 1) Зерттеу нысаны ● 2) Зерттеу мақсаты ● 3) Зерттеу міндеті ● 4) Зерттеудің әдістері мен құралдары ● ІІІ. Ұйымдастыру кезеңі ● 1) Зерттеу кезеңдері ● 2) Аудандық байқауға қатысу ● 3) Облыстық, республикалық байқауларға қатысу ● ІҮ. Практикалық кезең ● 1) Проблема бойынша материалдар дайындау ● 2) Қосымша мәліметтер жинақтау ● Ү. Жалпылау ● 1) Деманстация материалдарын дайындау ● 2) Аннотация ● 3) Ұсыныс ● 4) Пайдаланған әдебиеттер.....
«Менің үйім - менің бекінісім» сонымен бұл шындық па? Біз үйімізде өзімізді толық қауіпсіздікте сезінеміз, тіпті сезіктенбейміз, біздің үй - бұл өнеркәсіптік өндіріс, күнделікті бізді уландыратын. Ғалымдардың айтуынша, үйлердің топталып орналасуы ауаға зиянды және улағыш химиялық заттар 2 - 5 есе көп, көшеге қарағанда. Жеке токсиндер ауа бойымен ластану деңгейі, кейбір пәтерлердің ішінде 70 есе жоғары сыртқы бөлігіне қарағанда. Ал біз баспанада уақыттың 90% дейінгі бөлігін өткіземіз. Бірінші орында баспананың ішкі келбеті оның тұрмыс тіршілігі әсер етеді. Біз бөлменің безендіруі, оның жайлығы мен ыңғайына назар аударамыз. Үйді безендіруде қолданылатын материалдар тұрмыстық техника. Жиһаз, газ плита және бөлме өсімдігі тұрғындарға кері ықпал етуі мүмкін. Осы жұмыстың басты мәселесін анықтайды. .....
Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушысы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау өлкесінің Тиген ауылында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Ұштаған орта мектебін бітіріп, біраз жылдар бойы жүргізуші болады. 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер - құрылыс факультетін бітіріп, 1964 - 1969 жылдары Маңғыстау мұнай өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980 - 1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап жарыққа шығару, өлкенің зираттық сәулет ескерткіштерін дүние жүзіне танытарлық түрлі түсті, бірнеше тілді кітап альбом шығару, өнерді дамыту және сол мақсаттарды орындау үшін «Маңғыстау мұралары» атты циклдық кітаптарды шығармақ болған. Сол мақсатта «Парыз» мекемесін құрды. Қазір Сайын Назарбекұлы басқаратын бұл мекеме «Маңғыстау мұралары» циклдық кітаптарының алғашқылары «Маңғыстау мұралары», С. Жаңғабылұлының «Аманат» кітаптарын жарыққа шығарды. .....
Ғылыми жобаның мақсаты Үй өсімдіктер түрлерімен танысу, теориялық білім алып қана қоймай олардың адам ағзасына тигізер әсерін зерттеу.
• Ғылыми жобаның міндеттері: Үй өсімдіктер туралы ақпарат жинау; • Интернеттерден дерек көздерін қарастыру; • Жинаған ақпаратты сараптау, нақтылау; • Үй өсімдіктермен эксперименттік тәжірибе жұмыстарын жүргізу; • Зерттеу жұмыстары арқылы жоспарланған нәтижеге жету;
Ғылыми жобаның өзектілігі Қазіргі арпалыс уақытта адамдардың жүйке - жүйесі жұқарып, денсаулығы нашарлауына байланысты, олардың көңіл – күйін жақсарту факторларын зерттеп анықтау.
Ғылыми жобаның болжамы: Егер “Үй өсімдіктер - адам өмірінде” туралы толық мағлұмат алып, эксперимент түрінде дәлел тапсам, онда алған білімді күнделікте қолданып, өз отбасына қажетті үй өсімдіктерді өсіре аламын Күтілетін нәтиже: • үй өсімдіктер түрлері туралы деректі көздер жинақталады • интернеттен қажетті сайттарды анықтау, ақпаратты алу машығым артады. • эксперименттік жұмыстар жүргізу қабілетім қалыптасады. • сараптамалық, зерттеушілік мәдениетім дамиды.....
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам - талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш - қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан......
Мен, Нұрмырзаев Жұбаныш Серікұлы 1994 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы, Аралқұм елді мекенінде туылдым. Қазірде Аралқұм елді мекеніндегі №61 орта мектепте білім алудамын. Әкем де, анам да осы жердің тумалары. Мектепте білім ала жүріп, мектепте өтетін түрлі қоғамдық жұмыстарға қатыса жүріп ұстаздар назарына іліге бастадым. Соның нәтижесінде осы мектептегі тарих пәні оқытушысы, Қазақстан Республикасы «Ең үздік ауыл мұғалімі - 2005» иегері Шыналиева Күлшара апайдың және Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Алжанбайқызы Оразахынованың ғылыми жетекшілігімен, жарты ғасырға жуық Халық Ағарту саласында үздік еңбек еткен ұстаз, Мұқан Сермағанбетов ағай туралы «Ұстаз ұлағаты – өмір мұраты» атты зерттеу еңбегімді үздік деген бағамен қорғап шықтым. Ондағы мақсатым Егемен еліміздің шаңырағын биік көтеріп, аға буын өкілдерінің еңбектерін танып - білу, өнегелі ұстаздың ерекше қасиетін, қолға алған ісін аяқсыз қалдырмай, ұрпақ тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек еткендігін, келешек ұрпаққа үлгі ету, жас жеткіншектерді ғылым мен білім жолына баулитын қамқоршы, олардың жұмыс нәтижесін әділ бағалайтын, әдіскер - педагог өмірін зерттеу, оның ұстаздық өнегесін, өмір жолын жас ұрпаққа өнеге ету болды. Бұл еңбекті зерттеуде мақсатқа жетудегі ұстанымым мыналар болды:.....