Өлімін бе, тірімін бе, әлі де білмеймін

Іштегі сыр жүрегіңді қысып, тамағыңды тұншықтырып тұратынын әркім білетін шығар. Оны ешкімге, тіпті жақын құрыбаларыға да айта алмасаң. Мен де осы дертпен өмір сүріп келе жатқаныма жарты жыл болды.
Оқу бітіріп, енді жұмыс істеймін, алда бала кезден армандаған ойларымды жүзеге асырамын деп, қуанышым ішіме толмай жүрген кез болатын. Бұрын талай жігіт сөз айтса да, мен оларға оқуымды бітіріп, өз мақсаттарымды жүзеге асырып алайын, соған дейін күте тұр деп қалыңдайтынмын. Сол жазда құрбым бір досымен таныстыруға ниет білдірді. ол жігіт өзіне жақсы жар болатын қыз іздеп жүр деді. Мен алып қашып кетер деп деп қорқып, таныспай жүрдім. Бірақ айтып қоймаған соң, танысуға келістім. Алдымен телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Бір аптадан соң кездестік. Ол маған бірден ғашық болып қалғанын айтты. Ол да маған ұнады. Кездесе бастадық. Біраз күннен соң үйленейік деді. Мен біраз ойлана келісімімді бердім. Бұрын ешқашан олай сүйіп көрмеппін. Жатсам да, тұрсам да оны ойлайтынмын. Ешқашан өзімді сондай бақытты сезінген емеспін. Мен өмірде көп қиындық көрген адаммын, арманымның көп болуы да содан шығар. Бірақ ол жігітті кездестіргеннен бері арманым тек оның қасында өмір бақи бірге болу еді. Тойға дайындала бастадық. Әке-шешесімен, туған-туыстарымен таныстырды.

Менің де ата-анам ұзату т ой жасаймыз, тіпті үйге ремонт жасап, дайындалып жүр еді. Осы бақытты күндерімде бір нәрсені байқамаппын да. Ол жігіт танысқан күні-ақ өзінің бұрынғы қызы мазасын алып, қайта-қайта телефон шалып жүргенін айтқан болатын. Онымен жарты жыл бұрын айырылысқам, оны сүймегем деген еді. Мен ооған үйленгелі жатқаныңды айт, сонда қоятын шығар дедім. Ол досы арқылы осы жаңалықты қызға жеткізді. Алайда, ол қыз одан бетер жиі телефон шалып, смс жіберетінді шығарды. Менің көзімше де талай смс жіберді, жігітім оларды маған оқытатын. Онда "сен мені пайдаланып кеттің" деген сөздер де болды. .....
Махаббат хикаялары
Толық