Нұрбол Бимұрзаев | Бекер мал шашпақ

Әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдің бірі Жапонияда ауқатты адамдар қарапайым өмір салтын ұстануға қатты мән береді екен. “Toyota”, “Sony” секілді ең бай 10 компанияның иелері ауданы 100 шаршы метрден аз үйлерде өмір сүреді екен. Жапондық байлардан: «Мұншалықты бай болуыңызға қарамастан неге тым қарапайым өмір сүресіз?» деп сұралғанда «Жапондық әдет-ғұрпымыз біздің асыра сілтеп ақша жұмсауымызды құптамайды» дейді. Иә, жапондық әдет-ғұрып осындай екен. Ал біздің әдет-ғұрып ше? Біздің әдет-ғұрыпта да дінімізбен ұштасатын обал, рәсуә деген ұғымдар бар, ысрапшылдыққа тиым салынады. Абай атамыз бекер мал-шашпақты дұшпаның деп атап өткен. Қайырымдылық жасау, сауап жинау деген ұғым бар. Бірақ мұны қаншалықты білеміз? Мұны бала-шағасына жастайынан құлағына құйып өсіріп жатқан отбасылар қаншалықты бар? Бір күндік напақасын таба алмай зарлап жүргендер өте көп. Ал бір жақта мың отбасыны тойдыратындай қаржыны бір түнде шашып шалқитындар да аз емес. Одан қалса той жарыс бар. Шет елден әртістер шақыртып немесе шет елге барып той жасап шашылып жатқандар бар. Ең зәулім сарайда, ең танымал әртістерді шақыртып, бірінен бірі озып той өткізу әдетке айналды. Мұның бәрі ақшаға тірелетін дүние. Ақша жетпесе банктен кредит алып той жасап жатқандар қаншама. Бір күнде өтіп кеткен той үшін, жылдап кредитін төлеп жатады. .....
Әңгімелер
Толық