Қалдырған ізің мәңгілік
«Қалдырған ізің мәңгілік...» «Шын асылды тот баспайды»-халық мәтелі. Бостандық ожбб мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі болған марқұм апайым Алтынай Абашқызына арнаймын. ........ Алғашқы ұстаз............. Ия , осы бір ауыз сөзді естіген шақта- бар жан-дүниеңді ақтарып, ой теңізіне -қиял кемесімен балалық атты әдемі әлемге қалай сүңгіп кеткеніңді де аңғармай қаласың! Себебі, алғашқы ұстазыңды есіңе алғанда, ең алдымен көз алдыңа құлдыраңдаған сәби кезіңдегі алғаш мектеп атты үлкен орданың есігін имене ашып, жүрегің дүрсілдей, алдыңда мейірлене күліп, жылы жымиған апайыңның жүзіне өзіңше балалық сақтықпен барлай көз тастап, өз балалық таным-түсінігіңе сай зерттеу жасай бастайсың...... Ұстаздың бар бітім-болмысы, тұлғасы, жүріс-тұрысы, сөз саптау мәнері, дауыс ырғағы,бәрі-бәрі балалық пәк жүрегіңнің түкпірінен орын ала берері сөзсіз....... ...Арада сынаптай сырғыған зымыран-уақыттың жалына жармасқан мектептегі бал-балалық сәттерің сыңғырлаған күміс қоңырау үнімен бірге қол бұлғап қоштасып, өмір айдынына қанат қағасың... Жігіттік, бойжеткендік, кемел шақтық өмір өлшемдері саған берілген ғұмыр беттеріне өз өрнегін салған шақтарда, артыңа бір сәт ойша көз жүгіртіп, тәтті естеліктерге толы өзің өтіп кеткен аялдамаларға қайта ораласың....... .....
Әңгімелер