Сүлеймен Баязитов | Өрт
(Әңгіме)
Бұлардың жазғы демалысқа шыққандарына біршама уақыт өтті. Жаз бойы шаруашылықтың біріне-бірі жалғасып жататын науқандық жұмыстарының бірі қой қырқу да аяқталды. Аман қой жықты, бұл қой қырықты. Енді бірер күннен соң, шөп шабу басталмақ. Бұлар соны күтіп жүр.
– Биыл қар кеткеннен кейін тамшы тамбай қойды емес пе? шөптің шығымы нашар көрінеді, – деді Аман, – әйтпегенде ендігі... Оның сөзін қастарына келіп тоқтай қалған жүк машинасынан әлдекімнің: «Кәне, мініңдер машинаға! Өрт жанып жатса, бұлар көшеде сандалып жүр», – деген үні бөлген. Бұлар қорапқа мінген сәтте-ақ машина жүйтки жөнелді. Көп ұзамай өрт жанып жатқан жерге де келіп жетті. Тұтаса жанған өрт бірталай адырларды, жазық алқапты, шоқ-шоқ болып өскен терек-талдарды отты тілімен жалап, жалмап жіберген екен. Енді Қопалыға қарай ырғып, ыршып беттеп барады. Ал Қопалы бір кезде «Көпшілік» атанған колхоздың қазірде бұлар тұратын бөлімшенің шабындық алқабы.Ол өртенсе... Қырдың селеуі мен қылтанағын қырудан басқа амал жоғын бұлар бала болса да жақсы біледі.
– Ал, кәне, түсіп, ана өртті сөндіріңдер! Бұлар өздеріне әмір беріп тұрған адамға аңтарыла қараған.
– Немен өшіреміз? – деп сұрады. .....
Әңгімелер