Баубек Бұлқышев | Тыңда Кавказ


Кавказ, сен менің алдымда тұрсың. Сенің асқар шының көз алдымнан кетпейді. Мен сені окопта жатып көріп отырмын. Жүрегіңнің қалай соққаны маған естіліп тұр. Сенің басыңа қауіп төнгенін, сенің жауға зығырданың қайнағанын сеземін мен.

Кавказ, немістер саған қарай ентелеуде. Парнасқа да оқ, атқан олар, сенін шыңына да оқ атқысы келеді. Немістер Гомердің ұрпақтарын атып-асып, тірі қалғандарын аштан қыруда, олар неміс айуандарынан қорлық керуде. Элладаның атам замандағы тасы гректің жас қыздарының көзінен аққан жасына боялды. Грек қыздарын фашистер. күң етті. Тыңдаңыздаршы, грузин, армян, азербайжан, осетин, қыздары, ардақты апа-қарындастарым! Егер Кавказға өте қалса, сіздердің бастарыңызға да сол түнекті орнатпақшы ол сұмдар.

Тыңдаңыздар, Шығыс пен Кавказдың ұлдары, менің бауырларым! Отанымыздың қасиетті асқар белі — Қазбек пен Эльбрустың алтын шынын қайтып қана неміс оғына талқандатқызарсың? Бостандық, сүйгіш, көп ұлтты, тәкаппар Кавказды қайтып қана фашистердің құлдық ойнағы етерсің?

Кавказ! Шота Руставелидің туған жері, Пушкин мен Лермонтов жанындай сүйген жер, Совет Одағының мақтаны, сеңі қалайша сүймессің, қалайша сені мақтаныш етпессің? Мен қазақпын, мен сенен алыс жерде туып-өскем, бірақ сен үшін елуге де, сені қорғап қалуға да бармын, енді біздің ұран осылай болуға тиіс, достарым! .....
Әңгімелер
Толық