Рабиндранат Тагор | Дәптер

Оманың жазу-сызуды үйренуі-ақ мұң екен, тіпті қолды-аяққа тұрмады. Үй қабырғасында көмірмен шимайланбаған бір жер қалмады: "Су ағады". "Жапырақ қыбырлайды".

Осы үйдегі келін төсегінің басынан "Хоридаштың сыры" дегенді тауып алды ол бірде. Кітаптың парағы сайын қарындашпен: "Қара су, қызыл гүл" деп жаза берді.

Жаңа күнтізбедегі бар жұлдызды да шимайлап тастады. Әкесінің кіріс, шығысты тіркейтін кітапшасына да белгілер салып қойды: "Жазып-сызып, оқи білген адам күймемен жүреді".

Белгілі бір кезге дейін оның бұл өнеріне ешкім көлденең тұрмап еді, бірақ бір ретте үлкен қолайсыздық болып қалды.

Қыздың үлкен ағасы Гобиндолал көзге қораш, тым күйкі жігіт болса да, газетке жазып тұратын өнері болушы еді. Онымен бір сөйлескеннен кейін-ақ осы бір ойшыл адам-ау өзі деген күдік ешкімнің басына да келмейтін. Сөйтсе де ол газетке ат салысып жүрді, әрі оның пікірі бенгал оқушыларының көбінің пікірімен тоқайласа кететін еді. .....
Әңгімелер
Толық