Биология| Биоәртүрліліктi сақтау

Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.
Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.
Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.
Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды.
Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.....
Рефераттар
Толық

Экономика | ӘРТҮРЛІ МЕНШІК ФОРМАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне, он жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. "Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, — Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде......
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Биология сабақтарындағы оқыту әдістерінің әртүрлілігі

Кіріспе
Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі. Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары көрініс табуда. Қазыігі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскеленең бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге ретілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазыргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтетінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, махмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психалогиялық - педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонысен қатар оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға – 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Балаларға арналған сыйлық түрлері

Әлемде көңілі тап-таза ақ парақтай бір халық бар. Олар тек шын қуанып, шын жылай алады. Олардың өтірік айтқанының өзін өздерінің көздері айтып тұрады. Олар, тіпті, жамандық дегеннің не екенін білмек түгілі сезбейді де. Олар, тіпті, адамды жақсы-жаман деп бөліп, сырттан әңгіме айту, кек сақтау, сәті келгенде аяқтан шалып қалу дегенді де, сөзбен жан жаралау дегенді де білмейді . Не айтса да таза көңілден шығарады. Берген сыйлыққа шын қуана алатын да осылар. Бұл халық- әлемдегі ең бақытты бала деген атқа ие жандар.
Сыйлық бергенде шын қуана алатын балалар ғана. Олардың.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі

Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна,
Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы,
Қараой мектеп-бала бақшасы

Сөйлеу –күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым-қатынас құралдарының қызметін атқарады.Тіл үйрету мәселесі бойынша зерттеу жүргізген Хакута мен Сноу «Тіл-унитарлық дағды емес, тіл-қабілеттердің кешенді конфигурациясы.» Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайды, тіл- лингвистикалық және экстралингвистикалық құрылымдардан тұрады. Тіл саласын меңгерту үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір ескеретін нәрсе, оқушылардың білім деңгейі, ойлау және пайымдау дәрежесі мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі.Бұл жағадайда....
Кеңестер
Толық

Балықтар неге сөйлемейді?

Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының, еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты. Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді сауық-сайран құрады екен. Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі іс-қимылдар арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен ......
Ертегілер
Толық

Кәсіби ағылшын тілі сабағында рөлдік ойындарды қолданудың маңыздылығы

Ағылшын тілін меңгеру - заман талабы, ал оны үйретудің тиімді жолдары мен әдістерін қолдану оқытушыға артылған міндет. Кәсіби ағылшын тілін үйретудің маңызды да тиімді әдістерінің бірі- рөлдік ойындарды қолдану болып табылады. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Бүгінгі күннің талабы, шетел тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты – білімгерлерді шетел тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушының алдында тұрған басты........
Рефераттар
Толық