Табиғат тылсым дүние, ол біді өзіне баурап алады. Табиғат өте әдемі оның көркіне көз тоймайды. Оның мөлдір бұлағы, ну орманы, сарқырап аққан тау суы ақының шабытын оятатын, суретшінің суретіне жан бітірітін осы бізді қоршап тұратын табиғат. Біздің табиғатымыз ол Жер – Ана, туған жер. Туған жер қасиетті кіндік қаның тамған қасиетті жер. Шыр етіп жерге түскен минутыңнан–ақ туған жердің исін сезе бастайсын. Туған жерді сан жылдардан бері ата-бабамыз біліктің күшімен, найзаның ұшымен анталаған жаудан қорғап ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Туған жердің табиғатын қорғау біздің парызымыз.......
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.......