Тұнжыраған күн туды, Жау қолқаға ұмтылды; Топыраққа теңемек Ата мекен жұртыңды. Аянатын не қалды? Аяулыны жау алды! Жеріміздің сәулеті Кавказға да таянды.....
XIV ғасырдың ортасында Алтын Орда мен Шағатай мемлекетін ыдыратуға итермелеген процестер басталды. 50-60 жылдары түркі-монғол билеушілері арасында тақ үшін күрес басталып, бұл тартыс монғол жаулап алушыларына қарсы халықтық-азаттық күреске ұласты. Мұндай жағдайда Мауераннахрдың ірі феодалдары мен бай саудагерлері өз арасынан, халықтың толқуын баса алатын, әрі мемлекетті нығайта алатын адамды іздей бастады. .....
Табиғаты шығармашылыққа жақын, ерте жасынан таланты мен музыка, ғылымға деген қызығушылығын көрсеткен. 6 музыкалық аспапта еркін ойнайды, өлең мен музыка жазады. Дегенмен ең басты қызығушылығы ғылым болып табылады. Әмір өлім мен жарақат алу санын төмендетуге бағытталған «БИОВ» қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесін басынан бастап жасаған өз саласындағы аз адамның бірі. Елімізде өндіріс пен жұмыс орындарында жарақат алу мәселесі өте өзекті екені құпия емес. Әмір қауіпсіздік техникасы мәселесін қолайлы жағдай мен қауіпсіз жұмыс аймағын жасап қана қоймай, адамды өз-өзінен қорғау керек деп санайтын бірден-бір адам деп айтсақ қате болмас, себебі ең тәжірибелі, ең мінсіз және қауіпсіздік мәселесіне ең мұқият қарайтын жұмысшының өзі де қателесуі мүмкін. Бірақ сол қатені қай уақытта жіберетінін ешкім білмейді, Әмір Қуаттың ғылыми-зерттеу жұмысының мәні де осында.
Ғылыми қызметін 14 жастан, адам ағзасының биологиялық әлеуеті мен оларға гелиофизикалық факторлардың әсер етуін өткенді шолу арқылы болған оқиғалармен сәйкестендіре отырып зерттеуден бастаған. Зерттеулер нәтижесінде адам орны толмас қате жіберген кездегі заңдылықтарды тауып, оларды ғылыми жұмысында көрсеткен және түрлі қалалық, облыстық, республикалық конференцияларда таныстырып, бірінші орындарға ие болған. 2008-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында болған 1,2 млн өлім жағдайларын зерттеу салдарынан тамаша нәтижелер алынып, олар жүйенің жетілдірілуі мен тиімділігін арттыруға бағытталып, кейін «БИОВ» қауіпсіздік техникасы авторлық жүйесінде қолданылған.....
Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер, әнші. Құрмет орденінің иегері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1986 жылдан). Жоламан Әміров 1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Көлсайында дүниеге келген. 1978 - 1980 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Республикалық цирк және өнер студиясы)ның "домбыра" классын Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Құбыш Мұхитовтың сыныбын бітірген. 1984 - 1986 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. 1986 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Шығармашылығы....
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.....
Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елдімекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1973 жылы бітіріп, Қиыр шығыста екі жылдық әскерипартия мектебінде оқыған. 1978 жылы Мәскеуде, 1980 жылы Ташкентте өткен бүкілодақтық жас сықақшылар фестиваліне қатысып, «Правда» баспасынан шыққан «Надейся и жди», «Крохотные звезды» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинақта әзіл-сықақтары жарияланды. ....
Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант.
Өмірбаяны Орта жүздің Тарақты руынан шыққан. 12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған....