Негізі мен қарапайым студенттің бірімін. Және басымнан өткен жағдайда соншалықты да ерекше емес, бірақ мен өзімді кінәлі сезінемін. ОЛ жігіт маған 3-4 ай бойы өзінің жақсы көретінін айтатын, білдіретін. Өзі жақсы жігіт, сүйкімді.Жәнеде екеуміз бір оқу орнында оқимыз,оны күнде көремін. Бірақ жүрекке әмір жүреме? Мен оған қаншама рет өзімнің оны сүйметінімді айтқан болатынмын. ОЛ болса оны менің жүрегім түсінбейді деп айтатын.
Ол журекке қалай түсіндірерімді білмеймін,қалай жеткізем деп жүргенде онымен ашық түрде сөйлестік. Екеумізде бұл жағдайға кім кінәлі деген сұрақпен ой үстінде тұрдық. Үнсіздіктің арты сөзбен бәрінде түсіндіремін, жігіт жүрегін жараламаймын д еген қыздың, яғни менің барынша оған тусіндіргім келетін сөздеріме ұласты... Ол бірақ тағыда өзінің не болсада сен сүйемін, және бұлай ешкімге ешқашан ғашық болмағанын айтты. Менің тіпті оған айтар сөздерімде таусылды. ОЛ менен өзін не себептен ұнатпайтынын сұрады. Оның себебі бір жанға байланысты еді... яғни басқа жігітті ұнататынымды айттым. Иә ол сонымен бақытты бол деген сөзімен қоштасып кеткендей болды. Ал мен болсам оған бір жағдай болып қалама деп қорықтым. Иншаллах олай болмады......
Сен үшін - ді жан досымның кеңесімен оқи бастадым) Басында хикаялары онша ұнамады бірақ оқи берген соң ұнай бастады да сосын өзімнің хикаямды қосқым келді. Қазір басымнан қиын кездер өтуде.. Дәл осы күндері шынын айтсам менің сүйген жанымның орны ерекше білініп жатыр.. Оның қолдауынсыз қиналып жүрмін.. Арамызда қанша реніштер мен ұрыстар болса да оны ешқашанда бір сәтке де жадымнан шығармадым.. Ол туралы нақтырақ айта кетер болсам: Бәрі 2012 жылдың жаз айында басталды... Оны ағамның тойында көрдім сол кезде ол менің есімде қалды.. Немен екенін де білмеймін бірақ оны көп ойладым.. Кейін екеуміз сөйлесіп жүрдік, кездестік. Алғашқы махаббатымнан кейінгі шын жүрегіммен сүйген адамым осы жан еді. Мен жаныма(екеуміз бір бірімізге әрқашан да "жан" деп сөйлейтінбіз)шексіз сендім. Алғаш кездескен күннен бастап менің жүрегім тек оған тәуелді екенін сездім)) Әлі күнге дейін солай.. Көп сөйлесіп, бір бірімізді жақсы тани бастадық. Сосын екеуміз жүре бастадық. барлығы да керемет болған. Туылған күніме ең қымбат сыйлық жасады)) мен оны қайтарып бердім.. қайтарғым келмесе де мәжбүр болдым.. Мұны ешқашан ұмытпаймын.. Әр туылған күнім жанымды еске алумен мұңды боп өтетіні анық.. Біз түк ұрыспайтынбыз. Біз тура 5 ай жүріппіз. Осы қысқа мерзімде ол менің өмірімнің мәні болды.Ол мені ешқашан алдамайды, мені ешқашан жалғыз қалдырып ренжітеді деген ойлар келмейтін тұғын.Бірақ ол мені ренжітті... Оның кез келген қателігін кешірер едім.. Тек бұны емес.. Жаңа жыл кешіндегі сөздері әлі күнге дейін журегімнің төрінде..Үндемей тұрс а да жүрегімнің төрінде қалатын сөзерді есіттім.. Бірақ сүйген адам соқыр дегенге енді сеніп отырмын.. Одан қандай ағаттық кетсе де жүрегім әрқашан оны ақтап ала берді.. Оны көп ойлаймын. Түсіме әр түні кіреді. Санасам сөйлеспегенімізге 3 ай болыпты.. Оның даусын сағындым. Оған деген сағынышым бүкіл әлемді алардай. Ең өкініштісі оның орындай алмайтын уәделері. Оның уәделерін мен өзіме арман еткенмін, ол менің армандарымды өзімен қоса алып кетті. Есімде жоқ соңғы рет қашан күлгенім. Онсыз өткен күндерім тек қана мұңға, азапқа толы. Онсыз өмірімді жалғастыруға барынша тырысып жатырмын. Я ол мені ұмытсын бірақ ол менің жадымда болады.. Өйткені қателіктердің кейбіреуі менен де кетті.. Кеше түнде оған өзім хабарластым бірақ ол көтермеді... Сол кезде гі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес......
Іштегі сыр жүрегіңді қысып, тамағыңды тұншықтырып тұратынын әркім білетін шығар. Оны ешкімге, тіпті жақын құрыбаларыға да айта алмасаң. Мен де осы дертпен өмір сүріп келе жатқаныма жарты жыл болды. Оқу бітіріп, енді жұмыс істеймін, алда бала кезден армандаған ойларымды жүзеге асырамын деп, қуанышым ішіме толмай жүрген кез болатын. Бұрын талай жігіт сөз айтса да, мен оларға оқуымды бітіріп, өз мақсаттарымды жүзеге асырып алайын, соған дейін күте тұр деп қалыңдайтынмын. Сол жазда құрбым бір досымен таныстыруға ниет білдірді. ол жігіт өзіне жақсы жар болатын қыз іздеп жүр деді. Мен алып қашып кетер деп деп қорқып, таныспай жүрдім. Бірақ айтып қоймаған соң, танысуға келістім. Алдымен телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Бір аптадан соң кездестік. Ол маған бірден ғашық болып қалғанын айтты. Ол да маған ұнады. Кездесе бастадық. Біраз күннен соң үйленейік деді. Мен біраз ойлана келісімімді бердім. Бұрын ешқашан олай сүйіп көрмеппін. Жатсам да, тұрсам да оны ойлайтынмын. Ешқашан өзімді сондай бақытты сезінген емеспін. Мен өмірде көп қиындық көрген адаммын, арманымның көп болуы да содан шығар. Бірақ ол жігітті кездестіргеннен бері арманым тек оның қасында өмір бақи бірге болу еді. Тойға дайындала бастадық. Әке-шешесімен, туған-туыстарымен таныстырды.
Менің де ата-анам ұзату т ой жасаймыз, тіпті үйге ремонт жасап, дайындалып жүр еді. Осы бақытты күндерімде бір нәрсені байқамаппын да. Ол жігіт танысқан күні-ақ өзінің бұрынғы қызы мазасын алып, қайта-қайта телефон шалып жүргенін айтқан болатын. Онымен жарты жыл бұрын айырылысқам, оны сүймегем деген еді. Мен ооған үйленгелі жатқаныңды айт, сонда қоятын шығар дедім. Ол досы арқылы осы жаңалықты қызға жеткізді. Алайда, ол қыз одан бетер жиі телефон шалып, смс жіберетінді шығарды. Менің көзімше де талай смс жіберді, жігітім оларды маған оқытатын. Онда "сен мені пайдаланып кеттің" деген сөздер де болды. .....
Мен өзімнің махаббатым туралы айтатын болсам.. Алғаш рет 7-сынып оқып жүргенімде бір жігітке ғашық болдым. Бірақ тіпті мәнде бермедім, себебі біздер тіпті араласпайтынбыз көрші тұрсақта. Сөйтіп жүріп ол маған 2жылдан кейін келді. Мен қабылдаған жоқпын. 2ай өткенен кейін жүре бастадым. Біз 3жылдай жүрдік. Бірақ жүргеніміз жүрген емес мен ол қалаған уақытта шыға алмайтын едім, себебі үйде жалғыз қы з едім. Ата-анамда оны жақтырмады. Мен онымен ажырасам деп шештім, оған шешімімді айтты. Ол менін алдымда тізерлеп отырып, жылап тастамауын өтінді. Менде жылап айырылыстым. Сөйтіп мен қалаға оқуға кетіп қалдым. Ешкімді ұната алмадым,сүймедімде. Сөйтіп жүргенде группалас қызым сыныптасымен таныстырды. Ұмыту үшін онымен жүріп кеттім. Бара бара оны суйе бастадым. Онымен 2 айдай жүрдім. Сабақ аяқталып екеуміз екі жаққа кеттік.
Ол ауылына барып хабарласуымыз азяа бастады. Кейіннентіпті хабарласа алмадым. Демалыс бітіп қалаға қайта келдік оÐ » сыныптас қызымен жүріп кетіпті. Мен оны көріп барлығын бетіне басып тастадым, ол тек кешірім сұрап қайта келді. Бірақ ол қайта өз қызына кетті. Сөйтіп жігіт дегеннен көңілім қатты қалды. Енді жігітпен жүрместей болдым......
Тіпті,неден бастарымды да білмей тұрмын...Кей кездері өмірден түңіліп кететінім соншалықты,тіпті өз-өзіме қол жұмсағымда келеді...Бірақ қолдан келмейдіғой...Амал жоқ...Кейде ойлаймын,осы мен тарам-тарам өмір жолдарынан шалыс басып,адасып кеттімбе деп...Мүмкін басқа бағытқа қарай жүріп баратырған шығармын...Ал менің алдымда не күтіп тұр екен?? Шіркін,көріпкелдік қасиетім болғандағой...Бәрінде бір сәтте болжап ақ алар едім...Мен әлсізбін,жан дүниемде әлсіз...Сондықтан болар тағдырдың қатал сынағынан сүріне беремін...сүріне беремін..Ал мені демеп,күш беретін жан әлі де табылмады...Мен шаршадым...Оны іздеуден...күтуден...
Бәрінеен шаршадым мен...Алыс жаққа,ешкім танымайтын,ешкім көрмейтін бір кішкентай ғана аралға кетіп қалсам ғой деп те ойлаймын...Сонда ғана барлық ойларымнан арылып,жүрегімнің жарасын да өзім жазып аларма едім...Мен сүйдім...ал ол жоқ...Тағы да мен сүйдім...ал ооол........Мен кінәлімін..Не үшін??? Ұнатқаным,сүйгенім үшін шығар...Бұл сезім әлі де ұмытылмады..Әлі де менің жүрегімнің түбінде...Оны шығарып тастай алмадым...Қолымнан келмеді...Оның кеткеніне де көөп болып қалыптығой....Ал соңғыларын ,,білмеймін пайдаланып жүргендеймін...Мен олардыма,әлде олар меніме...білмедім......
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қайта өрлеу дәуірі Сабақ тақырыбы: Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау; 6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр еңбектеріндегі идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау, ерекшеліктерін сипаттау.......
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қайта өрлеу дәуірі Сабақ тақырыбы: Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр) 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау; 6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр еңбектеріндегі идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау, ерекшеліктерін сипаттау.......
Егер менің тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын Расул Ғамзатов
Қазақтың атақты батыры Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес. Сол себепті бұл әлі күнге өзекті мәселе боп қалып отыр. Сондықтан мен тіл жанашыры ретінде, болашақ журналист маманы ретінде тіл мәселесі жайында сөз қозғағым келіп отыр.
Тіл мәселесі - әлі шешіле алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Қалай ойлайсыздар, неге оның жағдайы бір қалыпта, бір деңгейден көтерілмей тұр? Бұл мәселені сонау жылдар бойы талқыға салды, көптеген ойлармен бөлісті. Сол жайында көптеген мақалалар, көптеген еңбектер жазылды. Бәрі де ат салысуда және ат салысқан. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Спандияр Көбеев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты тіл жанашырларын атап өтуге болады. Тіпті болса, Міржақып атамыз «Оян, қазақ!» өлеңімен, ал Ахмет атамыз «маса» кейпінде халықты оятпақ болды. Бірігіп күш салуға шақырды. Сол кездегі ата – бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап еді ғой, ойланыңызшы! Тілі таза емес елдің тәуелсіздігінің қандай жақсы жақтарын білесіз?.....
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылып 27 қазан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.- Көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтып, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халықболыпқолдауымызқажет.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену,латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарына жаңа серпін бертінін Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Жолдауында ашып айтты......