Педагогиканың әлеуметтік зерттеу әдісі

Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бір кезендерде педагогика үстірт философиялық-әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. Ал XIII ғ. бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық ізденулерді практикалық тәрбие істерімен байланыста жүргізген ғалымдардың белсенді үлесі болды. Бұл тәрбиелік ой мен істі біріктіріп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың ішінде бүгінге дейін танымал Я.А.Коменский, Г.Песталоцци, А.Дистерберг, К.Д.Ушинский, Л.Толстой, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий сынды педагог-ғалымдар болды.
XIX ғ. оқыту және тәрбие теориясының бұдан былай тереңдеуіне ықпал жасаған эксперименталдық зерттеулер еді.
Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық, тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және т.б. әдістер.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипогезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылым жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына еңбеген білім заңдылықтары, оларың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді. ....
Рефераттар
Толық

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы меи дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Геогра-фиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады.
Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндіріс-тік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.
Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжы-рымдамаларында маңызды-орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. ....
Рефераттар
Толық

Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері

Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады:
Халық саны – 145,2 млн адам.
Жұмыссыздар саны – 6153 мың адам.
Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) – 3949,8 рубль.
Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны – 65359 мың адам.
Жалпы ішкі өнімі
Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) – 10863,4 млрд рубль
Жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда – 75497,0 рубль
Өнеркәсіптік өнім көлемі – 6867,9 млрд рубль
Негізгі капиталға күрделі салымдар – 1758,7 млн рубль
Бюджет табыстары – 3519,2 млрд рубль
Бюджет шығындары – 3422,2 млрд рубль
Экспорт – 106154,3 млн доллар
Импорт – 461230 млн доллар

Ал күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығызбайланысты. Төмендегі кестедегі көрсеткіштер арқылы 2001 – 2002 жылдар аралығындағы Ресейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері көрсетілген.
Ресейге құйылған шет елдік күрделі салымдар көлемі
2001 2002
АҚШ–ң млн
долл.
%
АҚШ–ң млн
долл.
%

Барлық күрделі салымда 14258
100 19780
100

Германия 1237
8,7
4001
20,2

Кипр 2331
16,3
2327
11,8

Ұлыбритания 1553 10,9 2271 11,5
Швейцария 1341 9,4 1349 6,8
Франция 1201 8,4 1184 6,0
Нидерланды 1249 8,8 1168 5,9
АҚШ 1604 11,2 1133 5,7
Жапония 408 2,9 441 2,2
Австрия 423 3,0 376 1,9
Швеция 72 0,5 139 0,7
Басқа да елдер 2839 19,9 5391 27,3
Ал ендігі жерде осы шетелдік күрделі салымдардың экономика саласындағы таралған бағыттары төмендегідей жағдайда. ....
Рефераттар
Толық

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың отандық тарихы

Қазақстан өзінің дамуының қиын сәттерін бастан кешірді. Өтіп жатқан жағдайлардың нақтылығын бағалай отырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен оның элементтерінің:білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын–үй және денсаулығын қорғаумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашу өте қиын. Қазіргі кезде журнал, мақала сипатындағы әлеуметтік жұмыстар өте көп, бірақ осы ғылыми пәннің даму тарихын, қалыптасуын және күйін қарастыратын теориялық жұмыстар жаңадан қалыптасып жатыр. Әрине, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өз тарихы, өз бастауы бар. Шетел және Ресей зерттеушілері әлеуметтік жұмыстардың дүнижүзілік ағымдағы жүз жылдықтағы 90- жылдардың екінші жартысында басталғандығын айтады, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Әлеуметтік жұмыстар қиын жағдайда қалған адамдарға қолдау көрсету, оларды қорғауға бағытталған іс-әрекет түрі ретінде адамдық қоғам пайда болып, дамыған сәтінен бастап пайда болды.Әр кезеңде кем бағал, мүгедек жандарға көмек, қайырымдылық көрсету, үнемі орын алып отырды. Қазақ халқының салт -дәстүрі, рулық қауым, туыстары жоқ кедей жандардың басқалардан қайыр көмек сұрауына жол бермедi.
Ресейде әлеуметтік жұмыстар 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басынан бастап қана кәсіби қызмет түрі ретінде қалыптасты. Әлеуметтік қызметкерді- кәсіп, маман ретінде ресми таңып, отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер лауазымын мемлекеттік ресми құжаттарға енгізу дүниежүзінің әр түрлі елінде әр уақытта іске асырылды.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік -педагогикалық жұмыс осы қызметтің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл көбінесе жеке адамдардың кейбір категорияларына материалдық көмек көрсетуге саяды. Сонымен қатар әр елдегі зерттеулер кірістің азаюы мен кедейліктің салдарынан отбасының бұзылу жағдайы ушығып, көбейіп кеткенін көрсетті. Кейде отбасындағы проблемалардың негізгісі –жұмысыздық, отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен толық емес отбасыларының көбеюі, инцест, нашақорлық, қаржылық күйзелістердің себебі кедейлік деп есептелінеді. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік –педагогикалық жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан өткізіп, отбасының әлеуметтік проблемалары шұғыл көбейіп жатқан кезде айқын көрінеді.
Осындай кезде күрделі мәселелерді шешу кезінде отбасының өзінің шамасын белсендіру идеалынан туған отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың бағдары қандай екенін айтуымыз маңызды.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік – экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екіжақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей немесе жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп,жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.
Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілген тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс клемін алу туралы кепілдік береді. Бұл жерде әлеуметтік әділеттілік принципі іске асады.
Нарық жағдайында мемекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүкіншілігін толық іске асырып, табыс табуға толық жағдай жасауға міндетті болады.
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштерін халықтың өмір сүру деңгейі сипаттайды.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.
А) Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат.
Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде “берек елі мемлекет” (welfare state) деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамтамассыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық....
Рефераттар
Толық

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.
Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз?
Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»);
-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Рефераттар
Толық

Өмір сүру деңгейі мен сапалы өмір сүру әлеуметтік экономикалық талдаудың негізгі категориялары

Өмір сүру деңгейі- елде тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің орташа саны мен сапасын сипаттайтын көрсеткіш
Өмір сүру сапасы- өмір сүру деңгейіне қарағандағы аса кең ұғым. Мұнда жағдайларды қамту сипаты мен еңбек шарты, білім деңгейі; тұрғын үймен қамтылу, әлеуметтік қорғау жүйесі және тағы да басқаларда кіреді.
Өмір сапасының деңгейін өлшеу көрсеткіштердің толық жүйесі негізінде жүргізіледі. 20 ғасырдың 70 жылдарында Дж. Форрестер өмір сапасын 5 глобальды параметрлермен сипаттауды ұсынған: халық саны, жинақталған капитал, ауыл шаруашылығының капитал үлесі, табиғи ресурстардың мөлшері, қоршаған ортаның ластануы.
Адам дамуы туралы 1-халықаралық баяндама адам дамуын «Адам таңдауының кеңеюі мен халықтың қол жеткізген тұрмыс деңгейі» деп анықтаған. Баяндамаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық программа өлшеудің жаңа құралы енгізілді: Адам дамуының индексі(ИЧР), ол-өмір сүру ұзақтығын, білім деңгейін және кірісті қамтитын интегралды көрсеткіш.
Әртүрлі әлеуметтік топтардағы тұрмыс деңгейін талдауды статистикалық зерттеу институты жүргізді: «Халықтың белгілі топтарының өмір құндылықтарын таңдамалы бақылау әдістемесі», 1994 жыл; «Әртүрлі әлеуметтік топтар бойынша өмір құнының өзгеру есептерін жүргізу үшін тауарлар, қызметтердің құрылымы мен жиынын анықтау және нұсқаулар әдістемесі», 1996 жыл. Экономикалық зерттеу институтында 1995-2001 жылдар аралығында халықтың тұрмыс деңгейін, кедейшілік мәселелерін зерттеулер жүргізіліп, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын, стратегиясын, болжамдарын, концепцияларын жасау жүзеге асырылады.
Тұрмыс деңгейін талдаудың Ресейлік тәжірибесін зерттеу Қазақстан және Ресей халықтарының тұрмыс жағдайы мәселелерінің біртектілігін көрсетті:
-күнелту минимумының нақты көрсеткішінің болмауы.
-минималды жалақыны арттыру жолымен халықтың негізгі бөлігінің кірісін жоғарылату қажеттігі.
-бюджеттік сферада жалақыны арттыру қажеттілігі.
-жалақыны ашық төлеу қажеттілігі (эксперттердің бағалаулары бойынша коммерциялық секторда 30-50% жалақы жасырын төленеді).
Қазақстанда өтпелі кезеңде тұрмыс деңгейін талдаудың ақпараттық базасы және әдістері өзгеріске ұшыраған. Оның төмендегідей себептері бар:
-нарықтық экономикаға көшу және тұрмыс деңгейін сәйкес «координаттық жүйеде» көрсету қажеттігінің болуы.
-Қазақстанның халықаралық ақпараттық кеңістікке енуі және тұрмыс деңгейін мемлекетаралық салыстыруды қамтамасыз ету қажеттігі.
-сәйкес ақпараттық қамтамасыздықты қажет ететін әлеуметтік мәселелер мен міндеттердің пайда болуы.
Тұрмыс деңгейін талдауды жетілдірудегі негізгі міндет- статистикалық мәліметтерді өңдеу және шынайылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, алынатын мәліметтерді толықтыру қажет.
Тұрмыс деңгейінің қазіргі халықаралық сипаттамалары жаңа аспектілерді де қамтиды: салауатты өмір сүру, аймақтық және әлеуметтік қозғалысты қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және қоғам өміріне араласу т.б.
Бірақ, мұндай факторларды есепке алу туралы ақпарат жоқ немесе жеткіліксіз, сол себепті зерттеудің бұл аспектісі кең таралмаған. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқық және әлеуметтік нормалар жүйесі

Қоғамдағы индивидтердің, адамдардың мінез-құлықтары арнайы нормалар шеңберімен шектелген. Қоғамда қабылданған тәртіп пен өмірдің қатынастары адамды бір қалыпта, тәртіп, талаптар көлемінде, өзінің мінез-құлқын қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид, қоғамның мүшесі қоғам қабылдаған нормаларға өзінің қимыл-әрекетін бейімдейді. Керісінше, қоғамның санасына, оның тыныс-тіршілігіне жат талаптар мен ережелерді индивид қоғамның мүшесі ретінде қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Жеке адамның мінез-құлықтары қоғамдық қатынастарда пайда болып, қалыптасқан нормаларға сай қалыптасуы қажет. Сондықтан қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлықтарының жиынтығы, ережелері әлеуметтік нормалардың өмірі мен қызметі сан алуан әрекеттерді қалыптастырады. Әрекеттер құқық талаптарына сай, немесе қарсы болуы мүмкін. Ал, әлеуметтік нормалар адам санасына жат, оның табиғаты қабылдамайтын әрекеттерді жасауға тыйым салады, айыптайды. Жеке адамның санасы қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде сол орта қабылдаған тәртіп пен нормаларға тәуелді. Қоғамдық сана әрбір индивидтің санасының жиынтығынан қалыптасады.
Әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген норма¬лардың жиынтығы. Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады, бірақ бәріне бірдей міндетті емес. Мысалы, әдет-ғұрып нормаларындағы қалыңмал төлеу, кит кигізу, автобуста қарт адамдарға орын беру және т.б.
2. Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады. Мысалы, жасы үлкенді сыйлауды қазақ қоғамында ең жоғарғы құлықтылықты қасиеттеріне жатқызған болса, қазір дағдарсқа ұшырауда.
3. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларын реттейтін нормалардан қалыптасады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну

Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде,халықтың материалық,мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы-үдірістерімен,ғылымдар мен байланыс-қатынастары,болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арналуы теориялардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері сөз болмақ.Құқтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымы мен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой – пікір әлі жоқтың қасы.Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
1962-ші жылы Ү Халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді.Осы тұрғыдан алғанда шетелдік әдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымның бір саласы және ол құқықтық ғылым деп санайды. Ал Ресей әлеуметтанушылары Э.В. Тадвосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды. ....
Рефераттар
Толық