Үйлену тойында әке тілегі мен батасы

Мейірімді Алла Тағала «Кім Менен сұраса, Мен оның сұрағанын беремін» деген екен. Ендеше, бәрін Естуші, Көруші, Жауап қатушы Алладан бауыр еті балаларымызға баянды да берекелі ұзақ ғұмыр сұраймыз. Алла екі жастың арасына сүйіспеншілік пен мейірім орнатып, бір-біріне деген сезімін суытпасын, құрметтерін, абыройларын арттырсын! Тура жолға салушы Алла  жүректеріңді дұрыс жолға бұрсын. Жаңа құрған жас отауларыңа мейірімін жаудырсын. Сый беруші Алла шаңырағымызға шаттық пен қуаныш сыйлап, біздің тек дәл осындай қызық пен қуанышта, ақ дастархан аясында бас қосуымызды нәсіп етсін! Аса Бай, Ризықты мол етіп беруші Алла, балаларымыздың несібелерін арттырып, ризықтарын берекелі етсін! Бір-бірінен тыныштық, тыным тауып орнығуларын, бір-бірінің көз қуанышы болуын, ұрпақтарының елге, дінге қызмет ететін саналы, салиқалы болуын нәсіп етсін!

Қазандарың ортаймасын, шаңырақтарың ортасына түсіп, шайқалмасын, қарақтарым!

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық