Әдебиет | Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы

Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) (1924 — 1944) — 54-ші жеке атқыштар бригадасының снайпері, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры.
1924 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Ленинградтағы № 9 орта мектепте оқыды.
Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941).
1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. ....
Рефераттар
Толық

Ыбырай және орыс әдебиеті

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылғы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. әкесі Алтынсары ерете өсіп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу-өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болашақ орыс-¬қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Содан кейін екі жылдай Ыбырай өз елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қазақ қоғамының қайшылықты тұрмысын тереңірек түсініп, оның болашағы жайлы ойлануда бұл аз уақыттың өзі Ыбырай өмірінде едәуір із қалдырады.
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В.В. Григорьевпен жақын танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сыйлайтын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануына оған мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі мен өлеңдерін көп оқыған. өз заманының озат ой-пікірімен танысып, әдебиет, саясат ағарту саласындағы журналдарды да қараған.
Осылайша өз бетімен оқуды нәтижесінде білім қорын едәуір молайтқан Ыбырай өзінің болашағын тілмаш болудан емес, халыққа пайдалы қызмет істеуден іздейді. Оның бойында ағартушылыққа деген ынта туады. Сөйтіп, сол заманның прогресшіл ағартушылық ой пікірі негізінде оның көзқарасы қалыптаса бастайды. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп (Троицк, Торғай, Ырғыз және Қазалы қалаларында) ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алады.
Сөйтіп, мектеп ашу мақсатымен 1860 жылы Ыбырай Торғайға айысады. Бірақ жергілікті орындардың жәрдемі жеткіліксіз болып, мектеп ашу ісі біраз созылып кетеді. Соған қарамастан Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз баланы өз үйінде оқытады.
Ыбырай дың арман еткен мектебі Торғайда 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8 күні көптін күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы қабылданды. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім», - деп жазды ол белгілі Шығыс зерттеуші, профессор Н.И. Ильшинскийге жолдаған хатында.
Ыбырай мектептегі сабақ пен бүкіл тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ беруге тырысады. Тәрбие жұмысын Ыбырай оқу арқылы әкем даярлау мақсатына емес, адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.....
Рефераттар
Толық

Ресми іс қағаздар тілі- қазақ әдеби тілінің бір тармағы

Ресми іс қағаздар тілі- әдеби тілдің стильдік тармақтарының бірі болғандықтан әдеби тіл деген мәселеге де тоқтала кеткенді жөн көрдік. Әдеби тіл- жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолданылу аясы да кеңейе түседі. Мемлекет тілі- көркем әдебиеттің, ғылымның, іс- қағаздардың, өнер- білімнің, баспасөздің тілі. Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей байланысты. Жазба мәдениет арқылы тіл байлықтары екшеленіп, құрылысы да жүйелі қалыпқа түсіп дамиды. Яғни халықтың жазба мәдениетінің болуы тілдің әдеби қалыпқа түсуінің негізгі шарттарының бірі.
Әдеби тілдің негізгі белгілерінің бірі – бірізділік. Бұл бірізділік тілдің орфографиясында да, грамматикасында да, терминологиясында да сақталуға тиіс. Яғни тілдегі сөздердің бір ізге түскен айтылу нормасы, жазылу нормасы, қолданылу нормасы болу керек.
Жазба әдеби тіл қоғамның мемлекеттің ресми тілі болғандықтан оның қызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынадай стильдік тармақтары бар
1) Ресми іс қағаздар тілінің стилі;
2) Публицистикалық стиль;
3) Ғылыми – көпшілік әдебиет стилі;
4) Көркем әдебиет стилі;
5) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі;
Әдеби тіл халықтың ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланыста болады. Себебі әдеби тіл халық тілі байлығының негізәнде толығып, кемелденіп отырады да, халық тілі де өз есебінде әдеби тілдің ықпалы арқылы көркемденіп, дамып отырады. Кез-келген қоғамдағы мәдениетті адам әдеби тілде сөйлеуге тырысады. Дамыған, өркениетті мемлекетте бұл – жалпыхалықтық дәстүрге айналады. Осының нәтижесінде қоғамда әдеби тілдің жазба түрі және сөйлеу түрі пайда болады.
Тілді дамытып жүйеге салуда, сөздерді ұтымды пайдаланып, тіл шеберлігінің жаңа үлгілерін тудыруда, тіл мәдениетін дамытуда жеке адамдардың, сөз өнері шеберлерінің ерекше әсері, рөлі болғанымен әдеби тілді жеке адамдар жасамайды. Сөз өнері шеберлері белгілі бір кезеңдегі әдеби тілді жаңа сатыға көтеруге ықпал еткенімен қазақ әдеби тілі қазақ жерін мекендеген халықтың тіл байлығын шебер, ұтымды пайдалана білуі, дамытуы, қалыпқа түсіруі негізінде жасалды.
Қазақтың халық болып құралған шағы 15 ғасыр екені тарихтан белгілі. Бірақ бұдан қазақ әдеби тілі де сол кезде қалыптасты деген ұғым тумауы керек. 15 ғасырға дейін түркі халықтарына ортақ жазба ескерткіштер де, әдеби тіл де болған. Бірақ күллі қоғамға қызмет ететін, қоғамда қарым – қатынас жасаудың жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тілі бірден қалыптаса қойған жоқ. ....
Рефераттар
Толық

Қыз Жібек

Базарбай тоғыз ұлынан айырылып, қан жұтып, қасірет шегіп жүрген кезінде, Алла нәсіп етшіп Төлегені дүниеге келеді. Оның жарық дүниеге келгендегі келбетін жыршы былай суреттейді.
Төлеген әкесінің ен дәулеті арқасында бұла боп өсті. Айналасына да, еліне де сыйлы, қадірлі азамат болды. Үйленер шағына да жетті. Қалыңдық іздеп, "ат жетер жерді арылтып тамам қылды", бірақ ол "ел-жұрттан қыз жаратпай", өзіне сүйікті жар болар сұлуды іздеумен күн кешті.
Төлегенді Ақ Жайық сұлуларына ынтық етеді. Жолы ауыр, жүз күндік болса да, "Төлегеннің ... қыз іздеуге көңілі кетті... Төлеген іздемекке талап етті". Белін бекем байлады. "Құс қанатты жорға" жаратты, Тұрманының барлығын алтындатып, күміспенен төрт аяғын тағалатты". Барлық жол жабдығын әзірлеп, Төлеген "сексен жігіт қосшы алып, он бес жігіт басшы алып, Ақ Жайыққа жөнеген".
Анасының қарсы болғанына қарамай аттанады.
Төлеген Ақ Жайыққа жиырма бес жорға ала кетеді. Саудагер шал аңыз етіп айтқан сұлуларды көрмек болып, елге: "Жас қызы болса әкеліп көрсеткен адамға қызын алсам да, алмасам да, бір жорға беремін", — деп хабар етеді. Мұны естіген үміткерлер, дәмеленген жұрт "қыздарын алып көрсетті". Төлеген "ешбірін жаратпайды". Бірақ уәдесінен қайтпады. Әрбіреуіне бір-бір жорға мінгізді. Көңілінен шығар сұлу қызды көрмеген ол: "Бұл қыздарды сұлу деп шал бекер айтқан екен", — деп өкінеді.
Сол кезде сұлу қыз іздеген Төлегеннің келгенін естіп, ханның ақылшысы әрі ақын Қаршыға қыз таңдап жүрген жігітті көрмекке, Төлегенді іздеп жолға шығады. Қаршыға: "Мен Төлегенді көрейін, Төлеген маған жақса, Қыз Жібек те жақтырар", — деп ойлайды.
Сонымен, Қаршыға өзіндей әрі сұлу, әрі ақылды жігітті армандаған, еліндегі бірде-бір жігітке мойын бұрмай жүрген Сырлыбай ханның қызы Жібекті жолықтырмақ болып. Төлегенді ертіп Сырлыбай ханның еліне жол тартады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Мәлік Ғабдуллин

Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым-педагог, жазушы-публицист Мәлік Ғабдуллиннің бүкіл ғылыми шығармашылық қызметі негізінен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиетін зерттеуге арналған.
Мәлік Ғабдуллин 1916 жылдың 15 қарашасында Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған деген мекенде дүниеге келген. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.
М.Ғабдуллин дарынды очеркші, жалынды публицист ретінде қазақ әдебиетіне өте зор үлес қосты. Сондай-ақ туған әдебиеттің тарихы мен сынына, оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты еңбектері де елеулі.
1938 жылдан бастап қазақ фольклорының мәселелерін терең зерттеген ғалым. 1947 жылы “Қобыланды батыр” жырын ғылыми зерттеудің проблемалары” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” деген (1958) монографиясында халқымыздың лиро-эпосы, батырлық жырлары, ертегі-аңыздары, тұрмыс-салт өлеңдері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, айтыс өнері туралы ғылыми таладулар мен терең қорытындылар жасады.
“Қобыланды батыр” жыры Мәлік Ғабдуллиннің негізгі тақырыбы болды. Бұл оған отыз жыл бойы әлденеше рет оралды. 1972 жылы “Қазақ халқының батырлық жыры” монографиясын жариялады. Мұнда жырдың айтушылары, зерттеушілері жөнінде кеңінен тоқталып, ертеден мәлім болған нұсқаларды салыстырады. Жырдың идеялық сарыны, көркемдік тәсілдері, композициялық құрылымы, ондағы эволюциялық өзгерістер, даму сатылары жан-жақты сөз болады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы әйгілі ақын

Өтемісұлы Махамбет-қазақтың әйгілі ақыны, күйші-композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша 12 ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректерде Құлиәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылайдан- 3 ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен 17 немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.
Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Манарбек Ержанов

Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.

Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Мұқағали Мақатаев

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан халық даналығы. Кез келген халық мақал-мәтелдерді үнемі естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзінің күнделікті тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз ойларын, танымдарын құнарлы да тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады.
ММ-дер - халықтың белгілі бір өмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтың көне де бай рухани қазынасы. Ел аузында «Ер қазынасы - ескі сөз, ел қазынасы - ескі сөз, тіл қазынасы — ескі сөз» деген мақал бар. Бұл мақал әшейін әлдеқалай айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер (1;4 б.).
ММ-дер халықтың атам заманда өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын алтын арқау; олар рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айрылған этникалық қауым өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болшағы да жоқ (2;7 б.).....
Рефераттар
Толық