Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3A XIII – XV ғғ. І жартысындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 3-сабақ
Сабақ мақсаттары: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығындағы ішкі-сыртқы саяси оқиғаларды талдай отырып, оқиғалар мен тарихи үдерістер негізінде туындаған өзгерістерді сараптау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А.XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 6.1.1.2 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары:
Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау
Оқушылардың Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтап, сыртқы саясатын талдау арқылы алған білімдерін одан әрі жетілдіріп, зерттеушілік дағдыларын дамыту.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тариы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А.XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 6.3.1.6 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау.
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастыру.Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тарих | Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан

Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.
XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады». Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Әбілқайыр хан

Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан; 1693—1748) — 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.
1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.
18 ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 ж. үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 ж. оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:
Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады
Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.
Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 ж. күзінде елші жібереді. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716 — 18 ж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында казақ .....
Рефераттар
Толық

Тарих | Моғолстан Әбілқайыр хандығы.Алтын Орда Ақ Орда мемлекеттері

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. .....
Рефераттар
Толық

Әбілқайыр хан (1693 - 1748)

Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.

XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік.....
Рефераттар
Толық