Әдебиет | Ә Молдағұлова М Мәметова қазақтың аяулы қызы

Аспан жер арасын
Өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
Көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
Тыншымастай сұстанды Адамға Адм.
Түндер келді жарыңның құшағында
Рахаттың орнына алаңдаған
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
Тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
Жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
Күліп-атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
Қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әлі қысқа бұл тіршілікте
Болар кейде мейірімді адамнан аң
Сәби көңіл жандардың жанын улап
Бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда жер қанға бөгіп:
“Не кінәң бар, Адамдар, табар маған?!”

Иә, қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан көп қазақ халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандағын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да келер жылы 60 жыл толғалы отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін бастан кешірген талай адамдар соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес. Адал жарды аяуласынан, ананы жалғызынан айырған бұл сұм соғысты қалай ғана естен шығарарсыз.
Жеңіс салтанаты. Миллиондарды өмір мен үміттен айырған осы соғыстағы жеңіс салтанаты оп-оңай келген жоқ. Отан сүйгіш ұл - қыздардың майдан мен тылдағы жан аямас еңбегінің жемісі еді – бұл.
Иә, Отан қорғауға тек асыл ер – азаматтарымыз ғана емес, қолына қару алып, майдан үшін тағдырын белге буған ардақты апа, әпкелеріміз де болды.
Ана және соғыс. Бір – бірінен жер мен көктей алшақ жатқан осы екі ұғымның бір сәт басын қосып көріңізші. Сіздің көз алдыңызға өртеген үй мен шырылдаған сәби, жүректі ысқылаған қайғымен аралас ыза мен кек оты жанраынан ұшқан ана бейнесі елестер еді. Балғын сәбиіне көкірегін тосып, емірене аймалаған ана мейірімін елестетіңізші!

Не деген бақыттылық!
Отыр еді көзінде жақұт тұнып
“Соғыс” деген бір сөзден есеңгіреп,
Зәресі ұшты орнынан атып тұрып.

Мейірім мен шаттық үшін ғана жаратылғандай бал – бұл жанған ана жүзін ашу мен кек торлады. Күле шаттана білген ана ел басына мұнар күн туғанда, қасіретімен Жре үстіндегі жазықсыз тіршілікті қорғауға деген шексіз махаббаты пен бір қайратқа мінгендей жігерленді.
Он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп үлгермеген, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдеп қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп, гұл құшуға жаралғандай нәзік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.
Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Әлия мен Мәншүктей қыздарымыз сан жүздеп саналады.
- Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу – біздің бар ой – арманыңымыз осы болатын,- деп еске алады Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әлима Ақжолова.....
Рефераттар
Толық