Әлия Отанына болған мақтан

Молдағұлова Әлия (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы Ақтөбе облысының Қобда ауданы Бұлақ аулында туған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры.Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі № 9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, 1943 жылы мергендердің Орталық әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты. 1943 жылдың тамыз айынан 2- Прибалтика майданында 26- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники теміржол станциясы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Санкт- Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы ондаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған аулында ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мәскеудің № 891 орта мектебі жанында Әлияға арналған мұражай бар. Оның өмірі мен ерлігі жайында ақындар Я.Хелемский «Әлияның жүрегі», С.Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж.Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары» повестерін жазды. Молдағұлова туралы «Мергендер» атты фильм түсіріліп, балет шығарылып, «Әлия» әні туды. «Әлия» әні ән көгінде кәрі-жас ұйып тыңдайтындай ән маржанына айналды. Бұл мәңгі жас Әлияға арналған әнмен қойылған ескерткіш еді. Мәншүк, Әлия бүгінгі күні жас ұрпақтың табынары, ерлік пен елдіктің, сұлулықтың символы.......
Шығармалар
Толық